Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2024 жылғы ішкі талдауы

Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу  басқармасы

№

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті мемлекеттік органның ұйғарымы

 

*Егер ұсынымдар өзге мемлекеттік органдарға жолданған болса

Мерзімі

1

Басқармаға бағынысты орман  шаруашылығы КММ-де ұсынылатын жеке және заңды тұлғалардың қажетті мәліметтермен хат алмасуы қағаз жүзінде  жүргізілуіне, сондай-ақ құжатайналым жүйесі болмауына байланысты мекеме мен сұраныс беруші арасында тікелей байланыс орнағандықтан, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі орын алуы мүмкін.

Басқармаға бағынысты орман  шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде хат алмасу жүйесі қағаз жүзінде орындалуына байланысты хат алмасу тәртібін толығымен автоматтандыру үшін тиісті органға ұсыныс енгізу.

Хат

Түркістан облысының

цифрландыру,мемлекеттік қызметтер көрсету және

архивтер басқармасына

№ 29/1972 от 26.08.2024ж хатымен жолданған.

 

 

18.09.2024 ж.

2

           

Басқармаға бағынысты орман  шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде «Ағаш кесу және орман билеттері» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуі қағаз және электронды түрде берілуіне байланысты қызмет көрсетуші мен тапсырыс беруші арасында,сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін.

Басқармаға бағынысты орман  шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде «Ағаш кесу және орман билеттері» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуі бүгінгі таңда қағаз және электронды түрде берілуде, осыған байланысты қызмет көрсету тәртібін толығымен автоматтандыру үшін тиісті органға заңнамаға өзгерістер енгізуге ұсыныс беру.

Хат

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д. Тұрғамбаевқа

№ 29/1976 от 27.08.2024ж хатымен жолданған.

 

 

18.09.2024 ж.

3

           

Қызмет көрсетуші мен тапсырыс беруші арасында байланыс орнағандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін.

Орындалған жұмыстардың есебі (акт) қолма-қол ұсынбай, электронды құжат айналымы арқылы жолданып, тараптардың растауын цифрландыру жөнінде уәкілетті органға ұсыныс жолдау.

 

Хат

Түркістан облысының

цифрландыру,мемлекеттік қызметтер көрсету және

архивтер басқармасына

№29/1875  14.08.2024ж

хатымен жолданған.

 

18.09.2024 ж.

4

Басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелердің жылдық бюджеттік жоспарлауы мен мемлекеттік сатып алу жоспарын енгізу барысында басқарманың келісімімен қағаз жүзінде жүргізілуіне байланысты, басқарма мен бағынысты мекеме арасында байланыс орнағандықтан және мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында әлеуетті өнім беруші тарапынан қарым-қатынас              іс-әрекеттері туындау мүмкіндігі жоғары болуына байланысты сыбайлас жемқорлықтың  тәуекелі туындайды.  

 

Басқарманың бұйрығымен бекітілген бюджеттік және мемлекеттік сатып алу жоспарлары бағынысты  мемлекеттік мекемелермен байланыстың алдын алу мақсатында электронды түрде жолдансын.

Хат

ҚР Қаржы министрлігіне қарасты АҚ «Электронды қаржы орталығына 23.10.2024ж

№29/2484 хатымен жолданған

 

31.12.2024ж

 

Дата публикации
30 января 2025