|
Мемлекеттік сатып алу басқармасы |
|||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұйғарымы *Егер ұсынымдар өзге мемлекеттік органдарға жолданған болса |
Орындау мерзімі
|
|
1 |
Жалған жұмыс тәжірибелерін электронды депозитарийге енгізіп, қосымша шартты жеңілдікке ие болып, мемлекеттік сатып алу конкурстарында заңсыз жеңімпаз болып анықталуда. Соның салдарынан, әділетсіз конкурстарда адал әлеуетті өнім берушілердің құқықтары бұзылуда. Мұндай фактілер тәжірибеде тапсырыс берушісі мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын нысанды қабылдау актісінде және қосалқы мердігер ретінде тіркелетін қабылдау актісінің декларацияларында жиі кездесуде.
|
Ұсыныс: Әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийде жалған жұмыс тәжірибелері анықталған жағдайда уәкілетті органға бұғаттау жөнінде ақпарат жолдау және сотқа талап арызбен жүгіну.
|
Орындалуы: Талап арыз. Электронды депозитарийде жалған жұмыс тәжірибесі анықталған әлеуетті өнім берушілерге қатысты Басқарма тарапынан сотқа тиісті ондай әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыздар жолданған.
|
|
Тұрақты түрде |
|
2 |
Қағиданың 289-6 тармағына сәйкес Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде веб-портал осындай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалған қорытындылар туралы әрбір хаттама үшін әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың шартты жеңілдіктерінің жалпы сомасының нөл бүтін оннан бір пайызын (0,1%) автоматты түрде алып тастайды. Сонымен қатар, Қағиданың 141 тармағына сәйкес Конкурстық комиссияның хатшысы веб-порталда конкурс қорытындысы туралы хаттаманы жариялайды. Қорытындылар туралы хаттама қалыптастырылып, хатшы танысып, қол қоймағанша хаттама веб-порталда жария етілмейді. Конкурста жеңімпаз атанған өнім беруші мен конкурс хатшысының өзара келісімі, алдын-ала сөз байласуы арқылы веб-порталда қорытындылар туралы хаттаманы жариялау мерзімінің узаруы мүмкін. Нәтижесінде, Жеңімпаз атанған әлеуетті өнім беруші келесі өткізілетін конкурстарда 0,1% жеңілдігін жоғалтпай келесі конкурстарда жеңімпаз болып адал әлеуетті өнім берушілердің құқықтары бұзылуда.
|
Ұсыныс: Қорытындылар туралы хаттама қалыптастырылып, хаттаманы веб-порталда автоматты түрде жариялау бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне тиісті ұсыныс жолдау.
|
Орындалуы: 29.08.2024 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне №36/9280 санды шығыс хатымен Қағидаға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жолданған. Қазіргі таңда, ұсынысқа жауап күтілуде.
|
|
01.09.2024 жыл |
|
3 |
Электрондық дүкен (О-маркет) арқылы мемлекеттік сатып алу жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 4000 АЕК мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі. Алайда, аудандық білім бөлімдері тарапынан біртекті тауарларды бірнеше бөліктерге бөлшектеу арқылы, яғни 4000 АЕК- тен (14 млн 768 мың теңге) аспайтындай етіп О-маркеттен сатып алу жағдайы орын алған. О-маркет электронды дүкенінен сатып алынатын біртекті тауардың жылдық көлемі 4000 АЕК-тен аспауы тиіс. Асқан жағдайда өзге де конкурс немесе баға ұсынысы тәсілдерімен алу тиіс.
|
Ұсыным: 1)ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 38-1 бабынның 3. тармағына - Электрондық дүкен (О-маркет) тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемін 4000 АЕК-тен аспайтындай бөлшектеуге жол бермеу талабын қосу бойынша ұсыныс жолдау. 2)ҚР Қаржы министрлігіне «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 30.11.2015 жылғы №598 бұйрығының Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесіне 37 тармақты қосу және жылдық көлемі 4000 АЕК-тен асатын біртекті тауарларды бірнеше бөліктерге бөлшектеу арқылы электрондық дүкенмен (О-маркет) сатып алуды жол бермеу бойынша ұсыныс жолдау.
|
Орындалуы: 23.10.2024 ж №36/11408 санды шығыс хатымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданған.
|
|
31.10.24 ж. |
|
4 |
Ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша демпингтік бағаны жою. Себебі, жеңімпаз 40-50% жеңілдік жасап, шарт міндеттемелерін орындай алмай, үнемделген қаржы есебінен тапсырыс беруші мен мердігер арасында қосымша жұмыстарға қосымша шарт түзу тәуекелі бар. |
Ұсыным: ҚР Қаржы министрлігіне «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы №648 бұйрығына Ағымдағы жөндеуге демпингтік баға беруді жою бойынша өзгеріс енгізуге немесе қосымша шартқа түзуге веб-порталда шектеу қоюға ұсыныс беру.
|
Орындалуы: 23.10.2024 ж №36/11408 санды шығыс хатымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданған. |
|
31.10.24 ж. |
|
5 |
Тапсырыс беруші мен жеңімпаз мердігер арасында екі жақты мемлекеттік сатып алу туралы шарт түзілген соң қазынашылық органдарына тіркеуге жіберуді созбалаңға салу.
|
Ұсыным: ҚР Қаржы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы №648 бұйрығына Қазынашылық органдарына тіркеуге жіберу мерзімін енгізуге ұсыныс беру. Тапсырыс беруші кешіктірген жағдайда веб-порталда барлық іс-әрекет жасауды тоқтатуға ұсыныс жолдау.
|
Орындалуы: 23.10.2024 ж №36/11408 санды шығыс хатымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныстар жолданған. |
|
31.10.24 ж. |