|
Бақылау жөніндегі басқармасы |
|||||
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұйғарымы
*Егер ұсынымдар өзге мемлекеттік органдарға жолданған болса |
Орындау мерзімі |
|
1 |
ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 27)-тармақшасындағы «еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға» түсінігіндегі «зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі» сөзін алып тастау туралы құзыретті органға ұсыныс беру. |
ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 27)-тармақшасындағы «еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға» түсінігіндегі «зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі» сөзін алып тастау туралы құзыретті органға ұсыныс беру. |
ҚР ЕжХӘҚМ-не жолданған ұсыныс хат №34/5564 10.10.2024 жылғы
|
|
18.09.2024ж |
|
2 |
ҚР Еңбек кодексінің 190-бабына сәйкес, жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен өлшеудің заңналық тұрғыда алгоритімін бекіту туралы құзыретті органға ұсыныс енгізу. |
ҚР Еңбек кодексінің 190-бабына сәйкес, жұмыскер мен жұмыс беруші кінәсінің дәрежесін пайызбен өлшеудің заңналық тұрғыда алгоритімін бекіту туралы құзыретті органға ұсыныс енгізу. |
ҚР ЕжХӘҚМ-не жолданған ұсыныс хат №34/5564 10.10.2024 жылғы
|
|
18.09.2024ж |
|
3 |
ҚР Еңбек кодексінің 193 – бабына «Нұсқаманың орындалмауы бойынша сотқа немесе сот орындаулышарға мәжбүрлеп орындату жөнінде іс-құжаттарды жолдау» - деген тармақпен толықтыру енгізу туралы ұсыныс енгізу |
ҚР Еңбек кодексінің 193 – бабына «Нұсқаманың орындалмауы бойынша сотқа немесе сот орындаулышарға мәжбүрлеп орындату жөнінде іс-құжаттарды жолдау» - деген тармақпен толықтыру енгізу туралы ұсыныс енгізу. |
ҚР ЕжХӘҚМ-не жолданған ұсыныс хат №34/5564 10.10.2024 жылғы
|
|
18.09.2024ж |
|
4 |
ҚР ӘРПК-нің 64-бабы 4-тармағына «Жоспардан тыс тексеру жүргізу уақытынан басқа» - деген сөзбен толықтыру туралы ұсыныс енгізу. |
ҚР ӘРПК-нің 64-бабы 4-тармағына «Жоспардан тыс тексеру жүргізу уақытынан басқа» - деген сөзбен толықтыру туралы ұсыныс енгізу. |
ҚР ЕжХӘҚМ-не жолданған ұсыныс хат №34/5564 10.10.2024 жылғы
|
|
18.09.2024ж |
|
5 |
ҚР Еңбек кодексінің 193-бабы 11-тармақшасында мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша ақпаратты, талап арыздарды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға жіберуге «құқылы» сөзін, «міндетті» сөзіне ауыстыру бойынша ұсыныс енгізу. |
193-бабы 11-тармақшасында мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша ақпаратты, талап арыздарды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға жіберуге «құқылы» сөзін, «міндетті» сөзіне ауыстыру бойынша ұсыныс енгізу. |
ҚР ЕжХӘҚМ-не жолданған ұсыныс хат №34/5564 10.10.2024 жылғы
|
|
18.09.2024ж |
|
6 |
ҚР Еңбек кодексінің 186-бабы 5-тармағы бойынша уәкілетті органға ұсыныс енгізу. |
ҚР Еңбек кодексінің 186-бабы 5-тармағы бойынша уәкілетті органға ұсыныс енгізу. |
ҚР ЕжХӘҚМ-не жолданған ұсыныс хат №34/5564 10.10.2024 жылғы |
|
18.09.2024ж |
|
7 |
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 33-бабына заңбұзушылықтарды жою бойынша нұсқама беруді нақты міндеттеу. |
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 33-бабына заңбұзушылықтарды жою бойынша нақты міндет жүктеу; |
ҚР ӨжҚМ-не жолданған ұсыныс хат №34/5157 17.09.2024 жылғы
|
|
18.09.2024ж |
|
8 |
ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 37)-тармақшасына «өтемақы түріндегі төлемдер» сөзін алып тастау арқылы өзгерістер енгізу. |
ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағы 37)-тармақшасына «өтемақы түріндегі төлемдер» сөзін алып тастау арқылы өзгерістер енгізу |
ҚР ЕжХӘҚМ-не жолданған ұсыныс хат №34/5564 10.10.2024 жылғы |
|
18.09.2024ж |
|
9 |
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 802-бабы 1-бөлігіне 6-тармақшамен толықтыруды. Яғни уәкілетті (құзырлы) органның әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауы – деген толықтыруды енгізу. |
Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне хат жолдау |
ҚР ӨжҚМ-не жолданған ұсыныс хат №34/5157 17.09.2024 жылғы
|
|
18.09.2024ж |
|
10 |
2024 жылдан бастап, мораторийдің тоқталуына байланысты, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. (Прокуратура органдарында тексеруді тағайындап, нысан басында кемшіліктерге назар аудармай, жасыру мақсатында мердігермен немесе жұмыс берушімен сыбайлас жемқорлық фактісі орын алуы мүмкін. Сондай-ақ тағайындалған тексеруде белгіленген мақсаттардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізіп, мердігер немесе жұмыс берушінің құқықтарын бұза отырып, сыбайлас жемқорлыққа итермелеу фактілері орын алуы мүмкін.) |
Басқармаға заңсыз салынған құрылыстар бойынша түскен арыз шағымдарды, хаттарды Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне тіркеліп, тексеруді тағайындау туралы актісінің негізінде, құрылыс басына бару арқылы тексеру жұмыстары жүргізіледі. Жоспардан тыс тексерулердің барлығын электронды түрге көшіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу; |
Түркістан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Д.Бектұрғановқа №34/6439 санды шығыспен 19.12.2024 жылы хат жолданған. Сонымен қатар, 18.12.2024 жылы басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша №12 санды хаттама түзілген. |
|
25.12.2024ж |
|
11 |
11. Әрбір құрылыс нысандары басталу алдында, Басқармадан құрылыс-монтаж жұмыстарын басталуы жөнінде хабарлама жолдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. (Тиісті құжаттар электронды порталға түскеніне қарамастан құжаттардың толықтығына көз жұма отырып, рұқсат қағазын беру немесе құжаттар толық болған жағдайда қосымша құжаттар сұрату арқылы созбаланға салып, сыбайлас жемқорлыққа итермелеу фактілерінің орын алуы мүмкін); |
Басқармаға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама беру Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның және «Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №136 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия алуға өтініш elicence.kz жүйесі арқылы 100 пайыз электронды түрде құжаттарды тапсыру арқылы жүргізіледі. Яғни, өтініш берушімен уәкілетті органның қызметкерлері бір-бірімен байланыстық қарым-қатынас жүргізбейді; |
Өтініш elicence.kz жүйесі арқылы 100% электронды түрде құжаттарды тапсыру арқылы және тұрақты түрде орындалу жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылықтарын сақтау мәселесі және бұл бағыттағы шаралардың орындалу барысы тұрақты түрде бақылауға алу қажеттігі ескертілді. |
|
25.12.2024ж |
|
12 |
Құрылысы аяқталған нысандарды сәйкестендіру жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. (Нысанның құрылысы аяқталғанымен, тапсырушы, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаушы мекемелердің қолдары қойылып, сәйкестілігін көру кезінде қосымша мәліметтерді сұратып, сыбайлас жемқорлыққа итермелеу фактілерінің орын алуы мүмкін). |
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 73-бабының 5-тармағына сәйкес, салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды. Яғни, Басқарма құрылысты қабылдауға қатыспайды. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 75-1 бабының 3-тармағына сәйкес, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексереді. Яғни, Нысанды пайдалануға қабылдау актілері Басқармада тіркелмейді. Басқарма тек Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақталуына салыстыру жүргізеді. Бұзушылықтар анықталған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл жөнінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық шараларын қолданады |
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында парасаттылық, ашықтық, айқындық, цифрландыру қағидаттарын ауқымды ілгерілету жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыстар күшейтілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдылықтарын сақтау мәселесі және бұл бағыттағы шаралардың орындалу барысы тұрақты бақылауға алынған. |
|
25.12.2024ж |