Шардара ауданының 2024 жылғы ішкі талдауы

  1. «Шардара ауданы әкімі аппараты» ММ

    №

    Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

    Ұсынымды орындау нысаны

    Уакілетті мемлекеттік органның ұстанымы

    Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

    Орындау мерзімі

    1

    Шардара ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы шешім жобасы әзірленген. Аталған НҚА жобасында сыбайлас жемқорлық 4 тәуекелі бар. Атап айтқанда, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі айқындалмаған, оның ішінде бюджетке қайтарылуға жататын артық төленген сомалардың тәртібі жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторы лауазымды адамның және/немесе осы өкілеттіктің шегін анықтау мүмкін болмайтын мемлекеттік органның өкілеттігі болып табылады жобада тұрғын үй көмегін көрсетудің мерзімдері, рәсімдері немесе тетіктері жоқ. Жобаның 6-тармағында өтініш беру рәсімі, оның ішінде қайта жүгіну рәсімі толық ашылмаған, аз қамтылған отбасының (азаматтың) өтінішті қайта беруге құқығы бар мерзімдері көрсетілмеген. Ұсынылған норма сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және тұрғын үй көмегін көрсету кезінде лауазымды тұлғаларға кең өкілеттіктер береді.

    «Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі НҚА жобасын Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолдау

    Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан әзірленген «Шардара аудандық мәслихатының 20.09.2023 жылғы №8-45-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шардара аудандық мәслихатының шешімі әзірленіп, заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, Түркістан облысының Әділет департаментінен электронды түрде келісім алу сатысында.

    -

    30.10.2024 ж.

    2

    «Шардара ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы дайындалған.

    Жобаның сыбайлас жемқорлыққа бейім сипаттағы 4 ескерту анықталды.  Яғни, Ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде архитектуралық құрылыс бақылауы мен қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауды сүйемелдеусіз күрделі жөндеуді жүзеге асыру заңнамалық актілерде белгіленген жауапкершілікті көздейді. Жобада дұрыс емес ұғымдарды қолдану әртүрлі құқық қолдану практикасына, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкелуі мүмкін.

    «Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі НҚА жобасын Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкестендіру туралы ұсыныс хат жолдау

     

    Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан әзірленген «Шардара ауданы әкімдігінің 12.06.2023 жылғы №175 «Шардара ауданында бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шардара ауданы әкімдігінің 19.11.2024 жылғы №292 қаулысы қабылданып, Түркістан облысының Әділет департаментінде 20.11.2024 жылғы №6621-13 болып мемлекеттік тіркеуден өтті. Яғни, Заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

    -

    30.10.2024 ж.

    3

    Кейбір жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде cыбайлас жемқорлық деректеріне жол бермеу мақсатында бөлім қызметкерлері арасында құқықтық оқуларды және түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізілмеген.

    Яғни, қызметкерлердің қолданыстағы заңдарды білмеуі жұмыс барысында құқықбұзушылықтарға жол беруіне алып келеді.

    Шардара ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары  қызметкерлері арасында құқықтық оқуларды және түсіндіру жұмыстарын жүргізу

     

    Шардара ауданы әкімі аппараты, қала, ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлім қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарын кеңінен түсіндіру бойынша аудан әкімі аппараты басшысының төрағалығымен құқықтық оқытулар  өткізіліп, 21.10.2024 жылғы №12, 14.11.2024 жылғы №13 және 5.12.2024 жылғы №14 хаттамалар түзілді.

    -

    тұрақты

    4

    Мемлекеттік қызметке қабылданған (тағайындалған) қызметшілерге «Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау жөнінде тиісті шаралар қабылдансын. Мемлекеттік қызметшілердің Заңнамаларда белгіленген шектеулерді қабылдамауы, адалық парасаттылық, әдеп кодекісінің нормаларын сақтамауы заң бұзушылықтарға жол береді.

    Барлық мемлекеттік оргының жауапты қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сақтау

    Шардара ауданы әкімі аппараты, қала, ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлім қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарын кеңінен түсіндіру бойынша аудан әкімі аппараты басшысының төрағалығымен құқықтық оқытулар өткізіліп, 21.10.2024 жылғы №12, 14.11.2024 жылғы №13 және 5.12.2024 жылғы №14 хаттамалар түзілді.

    -

    тұрақты

    5

    Мемлекеттік мекемелерде «е-Өтініш» АЖ-не түскен өтініштерге жауап беру барысында өтініштерге мекеменің ресми бланкісімен жауап берілмей, жауапты комментарий ретінде қалдырып немесе мерзімінен кешіктіріп жауаптар берілген.

    Аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімі арыз, шағымдарға мониторинг жүргізу

    Аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімі тарапынан арыз-шағымдарға «е-Өтініш» АЖ (База) арқылы мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесіінде заң бұзушылықтар анықталмаған.

    -

    30.10.2024 ж.



Дата публикации
30 января 2025