Түлкібас ауданының 2024 жылғы ішкі талдауы

 «Түлкібас ауданы әкімі аппараты» ММ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уакілетті мемлекеттік органның ұстанымы

Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

ҚР АШМ 27.08.2018 жылғы №359 бұйрығымен бекітілген Жер комиссиясы туралы үлгі ереженің 18-тармағында Комиссия отырысы міндетті түрде аудио, бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады деп көрсетілген. Бірақ, 2023 жылғы және 2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін комиссия отырыстарының бейнежазбаларында аудио дыбыс жазылмаған, мүлдем естілмейді, қандай мәселе талқыланып жатқанын, комиссия қандай шешім қабылдағанын анықтау мүмкін емес. Комиссия отырысы Бөлімнің мәжіліс залында өткізіледі, комиссия құрамы бір столдың төңірегінде отырмайды, комиссияның 7-8 мүшесі мен хатшысы столдың төңірегінде, қалған мүшелері жиналысқа келгенге тыңдаушыға ұқсап төмен жақта орналасқан орындықтарда бөлек отырады, құжаттарды көруге олардың мүмкіндігі жоқ

Комиссия мүшелерінің барлығы бір столдың төңірегінде отыруды, видео, аудио жазба анық жүргізілуін қамтамасыз ету қажет

Орындалды.

Комиссия мүшелерінің барлығы бір столдың төңірегінде отыруды, видео, аудио жазба анық жүргізілуін қамтамасыз ету үшін столдың төңірегіне орындықтар қойылды, бейнекамера мен құрылғылар мамандарға жөндетілді

 

2024 жылдың маусым айында

.

2

ҚР АШМ 27.08.2018 жылғы №359 бұйрығымен бекітілген Жер комиссиясы туралы үлгі ереженің 16-тармағында Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қатысатын қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құрауы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады деп көрсетілген. 2024 жылдың басында аудандық жер комиссиясының құрамында 15 мүше болған. Комиссияның 15 мүшесінің үштен екісі - кемінде 10 адам қатысса және кемінде 5 адам қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдері қатысса комиссия отырысы заңды болатын еді. Бірақ, комиссияның 13.02.2024 жылғы «Optimum Building» ЖШС-не жер беру туралы №12 қорытындысына комиссияның 6 мүшесінің қолдары қойылған, оның ішінде 3 мүше ғана – олар: Қ.Асылболатов, О.Кульбаев, Е.Аримбаев қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдері. Мұндай жағдайда, комиссияның қорытындысы заңды болмаған. Осының салдарынан, аталған қорытындының негізінде қабылданған Түлкібас  ауданы   әкімдігінің 2024 жылғы 19 ақпандағы №38 қаулысының күші жойылды. Осыған ұқсас «Империо Груп» ЖШС-не жер беру туралы 13.02.2024 жылғы №13 қорытындысына комиссияның 8 мүшесінің қолдары қойылған, оның ішінде 3 мүше ғана – олар: Қ.Асылболатов, О.Кульбаев, Е.Аримбаев қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдері. Мұндай жағдайда, комиссияның қорытындысы заңды болмаған. Осының салдарынан, аталған қорытындының негізінде қабылданған Түлкібас  ауданы   әкімдігінің 2024 жылғы 19 ақпандағы №37 қаулысының күші жойылды

Комиссия отырыстарына комиссия мүшелерінің үштен екісін, оның ішінде қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны өкілдерінің саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын қатыстуды қамтамасыз етуүшін комиссия отырысы өткізілетін күнді нақты белгілеп, осы күндерде комиссия отырысын міндетті түрде өткізу, комиссия отырысы болатын күні мен уақыты туралы комиссия мүшелерін хабардар ету және оларды қатыстыру

 

Орындалды.

Комиссия отырыстарына комиссия мүшелерінің үштен екісін, оның ішінде қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны өкілдерінің саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын қатыстуды қамтамасыз етілді

 

2024 жылдың маусым айында

 

3

ҚР Жер кодексінің 48-бабының 6-1 –тармағында Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс деп көрсетілген. М.Сарсенбаевтың 09.10.2023 жылғы кіріс №ЗТ-2023-02008885 жер сұрап жазған өтінішіне 20.10.2023 жылғы шығыс №ЖТ-С-820 жауап хатпен және С.Алиханованың 12.10.2023 жылғы кіріс №ЗТ-2023-02043049 жер сұрап жазған өтінішіне 23.10.2023 жылғы №ЗТ-А-139 хатпен «Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру сауда-саттықтар (конкурстарда, аукциондарда) арқылы жүзеге асырылады»-деп жер беруден бас тартылған. Алайда, 90 күннен кешіктірмей бұл жер учаскелерін сауда-саттыққа шығармаған. Сонымен, 48-баптың 6-1 тармағының талаптары бұзылған. Жалпы 2021 жылдан бері мүлдем сауда-саттық өткізілмеген

Алдағы уақытты жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ету

Орындалды.

Алдағы уақытты жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ету назарға алынды. Әзірше жер беруден бас тарту туралы шешім шыққан жоқ, осындай шешім шыққан жағдайда жоғарыда көрсетілген заң талаптары орындалады.

 

2024 жылдың маусым айында

 

4

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде кадрлардың жиі ауысуы орын алады. Мысалы 2020 – 2024 жылдар аралығын алатын болсақ, 20 мемлекеттік қызметші жұмыстан босап кеткен. Кадрлардың жиі ауысуына Бір бөлімге төменде көрсетілген көп жауапты салалардың жүктелуі себеп болуы мүмкін:

- Тұрғын үй бөлу;

- берілген тұрғын үйлерді тексеру (тұрғын үй инспекциясының функциясы да осы бөлімге жүктелген);

- ауыз су;

- кәріз жүйелері;

- полигондар мен күл қоқыс шығару;

- электр энергиясы;

- табиғи газ;

- автомобиль жолдары;

- маршруттық автобус, такси;

- елді мекендерді абаттандыру және көріктендіру;

- жылу беру маусымына дайындық;

- кондоминиум мәселесі жән т.б.

Осы функцияларды бөлім басшысы мен орынбасарынан бөлек 8 (сегіз) мемлекеттік қызметші атқарады.

Бөлімге қосымша штат бөлу жөнінде Бөлім басшысының атынан аудан әкіміне сұраныс хат жолдау

Орындалды. 01.07.2014 жылғы №432 санды шығыс хатпен аудан әкіміне сұраны хат жолданыды.

 

2024 жылдың шілде айында

 

5

ҚР Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 59-1-тармағына сәйкес, егер конкурстың (лоттың) нысанасы бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер болып табылған жағдайда, материалдық ресурстардың болуы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады. 2023 жылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурстары бойынша әлеуетті өнім берушілер осы қызмет пен айналысуға құқық беретін лицензияларын ұсынған, бірақ біліктілік талаптарға сәйкес келмейді деген уәжбек Бөлім тарапынан 15 конкурстан өнім берушілер негізсіз шеттеліліп, басқа қатысушы конкурста жеңімпаз болуды жеңілдеткен

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44, 50-баптарын Бөлімнің басшысына және мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізу

Орындалды.

03.06.2024 жылы Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес жұмыс жасау тапсырылды

 

2024 жылдың маусым айында

.

6

«Мүгедектігі бар адамдар протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 3-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне, қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – он жұмыс күні деп айқындап көрсетілген.

Бөлімде осы мерзімнің сақталмау фактілері кездеседі. Мәселен, қызмет алушы М. Жайшибеков 2023 жылғы 20 сәуірде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету үшін Бөлімге өтінім берген. Аталған өтініш, Бөлім тарапынан 2023 жылғы 15 мамырда жабылғаны анықталды. Демек, Бөлім тарапынан Қағида талаптары сақталмай, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған. Осы секілді бұзушылықтар, М.Акиев, К.Алдабергенованың, Н.Балкибектің, Н.Коймуратовтың, А.Ондирбаевтың, Г.Касымбекова, А.Донбаева, Г.Кайрлбаеваның, К.Исабекованың, С.Болтириковтың, М.Есимбековтың, А.Абихановтың өтініштерінде кездеседі;

- «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 3-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне, қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – он жұмыс күні деп айқындап көрсетілген.

Мәселен, қызмет алушы С. Рахашева 2022 жылғы 15 шілдеде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Жеке оңалту бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне сәйкес санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға Бөлімге өтінім берген. Аталған өтініш, Бөлім тарапынан 2022 жылғы 9 қыркүйекте қызмет нәтижесін кешіктіріп, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзып ұсынғаны анықталды. Осы секілді бұзушылықтар, М.Тлебалдиеваның, М.Гусеиновтың, Г.Турганбаеваның, Н.Сугирбаевтың, С.Рахашеваның, Т.Мақаштың,  С.Тасовтың, Ж.Кувватбаевтың, Н.Кошкинбаевтың, Б.Изетбековтың өтініштерінде кездеседі;

-«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының  3-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап –  17 (он жеті) жұмыс күні деп айқындап көрсетілген.

Бұл ретте, 3 өтініштің (Ұ.Сапарбаеваның,Ш.Ирисматованың, Б.Рыстанбековтың) қызмет нәтижесін кешіктіріп, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзып ұсынған.  Яғни, бөлімде қағиданың 3-тармағы басшылыққа алынбаған. Бұл тұста, бөлім тарапынан қызмет көрсету қағидасына  мән берілмейтіні байқалады

Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша бөлімнің қызметкерлеріне  құқықтық оқыту өткізу

Орындалды.

28.06.2024 жылы Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді.

 

 

2024 жылдың маусым айында

 

7

18.08.2023 жылы Бөлім және ЖК «ИП Дизайн 2021» жеке кәсіпкер арасында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағының  3) тармақшасын негізге алып, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден шарт жасалынған. Бірақ, бұл тармақшада сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу деп көрсетілген. Іс жүзінде Бөлім ғимаратының қасынан «Тең қоғам» жобасы бойынша қосымша ғимарат тұрғызу қажет болған, мұндай жағдайда мемлекеттік сатып алу бір көзден емес Конкурс тәсілімен өткізілуі тиіс болған. Сонымен, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы бұзылған. Осы іс-әрекеті үшін Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Бөлім басшысын әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Бөлім басшысы мен мемлекеттік сатып алуды өткізетін жауапты маман ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын жетік білмейтіні байқалады.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын Бөлім басшысына және қызметкерлеріне түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізу

Орындалды.

25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізіліп, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасау тапсырылды.

 

2024 жылдың маусым айында

 

8

2023 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорына тұрғын үйлерді сатып алу үшін бөлінген қаржыдан субъективті себептермен 9 600 000 теңге игерілмей қалған. Бұл мән-жай Бөлім басшысы мен қызметкерлері мемлекеттік сатып алуды жетік меңгермегенін және тәуекелдер бар екенін білдіреді

Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізу

Орындалды.

25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізіліп, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасау тапсырылды.

 

2024 жылдың маусым айында

 

9

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. Бөлім мен «ЖШС» арасында жасалынған шартқа сәйкес, ЖШС жұмыстарды 04.02.2023 жылға дейін орындауы тиіс болған. Демек, егер ЖШС өз міндеттемелерін орындамаса, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызды 04.02.2023 жылдан кейін отыз күн ішінде беруі тиіс еді. Бірақ Бөлім мұндай талап арызды сотқа 06.12.2022 жылы тым ерте беріп заңды бұзған. Мұндай іс-әрекеттер жеке кәсіпкерлерді әуреге салады, негізгі жұмысынан уақытын сот отырыстарына бөлуге мәжбүр етеді.Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 11.01.2023 жылғы №5165-22-00-2/2288 шешімімен Бөлімнің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.  Бұл мән-жай Бөлім басшысы мен қызметкерлері мемлекеттік сатып алуды жетік меңгермегенін және тәуекелдер бар екенін білдіреді

Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізу

Орындалды.

25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізіліп, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасау тапсырылды

 

2024 жылдың маусым айында

 

10

ҚР Бюджет кодексі 32-бабы 2-тармағына сәйкес, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. Бөлімнің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы Бөлім басшысының 22.12.2023 жылғы №24 бұйрығының асты жағында «Келісілді» Түлкібас ауданы әкімдігі экономика және қаржы бөлімінің басшысы К.Егембердиев «___» _________ 2023 жыл»-деп жазылған, бірақ Экономика және қаржы бөлімінің басшысымен келісілмеген, қолы қойылмаған. Осыған ұқсас заң бұзушылық Бөлім басшысының 09.11.2023 жылғы №22 бұйрығында орын алған

Бөлімде ҚР Бюджет кодексінің 32-бабын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізу, бюджеттік бағдарламаны бекіту туралы бұйрыққа экономика және қаржы бөлімінің басшысымен келісіп, қолын қойдыру

 

Орындалды.

25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР Бюджет кодексінің 32-бабын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді. Бюджеттік бағдарламаны бекіту туралы бұйрыққа экономика және қаржы бөлімінің басшысымен келісіп, қолы қойдырылды.

 

2024 жылдың маусым айында

 

11

Бөлім басшысының 21.07.2023 жылғы №15, №16, №17, бұйрықтарының шыққан күні, айы, жылы мен нөмірі қаламмен қойылған. Бұл жағдай бұйрықтың күні, айы, жылы мен нөмірін кез келген уақытта өзгертіп жіберуге мүмкіндік береді

Бұйрықтардың шыққан күні, айы, жылы мен нөмірін қаламмен қойылуына жол бермеу, қаламмен қойылғандарды сия ручкамен қойып шығу

Орындалды.

Бұйрықтардың шыққан күні, айы, жылы мен нөмірі сия ручкамен қойылды, алдағы уақытта қаламмен қоймау жөнінде жауапты маманға ауызша ескертілді.

 

2024 жылдың маусым айында

 

12

ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90-бабының 1, 2-тармақтарында Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті. Қабылдау белгіленген және жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күндер мен сағаттарда жұмыс орны бойынша өткізілуге тиіс деп көрсетілген.

Алайда, Ішкі саясат бөлімі басшысының жұмыс орнында жеке қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарлама ілінбеген. Сонымен, ҚР ӘРПК-нің 90-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған

Бөлім басшысының қызметтік бөлмесінің алдында аты-жөні жазылған тақтайшаның астына жеке қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны орналастыру

Орындалды.

25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР Бюджет кодексінің 32-бабын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді. Бюджеттік бағдарламаны бекіту туралы бұйрыққа экономика және қаржы бөлімінің басшысымен келісіп, қолы қойдырылды.

 

2024 жылдың маусым айында

 

13

ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90-бабының 1, 2-тармақтарында Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті. Қабылдау белгіленген және жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күндер мен сағаттарда жұмыс орны бойынша өткізілуге тиіс деп көрсетілген. Алайда, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының жұмыс орнында жеке қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарлама ілінбеген. Сонымен, ҚР ӘРПК-нің 90-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған

Бөлім басшысының қызметтік бөлмесінің алдында аты-жөні жазылған тақтайшаның астына жеке қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны орналастыру

 

Орындалды.

25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР Бюджет кодексінің 32-бабын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді. Бюджеттік бағдарламаны бекіту туралы бұйрыққа экономика және қаржы бөлімінің басшысымен келісіп, қолы қойдырылды.

 

2024 жылдың маусым айында

 

14

06.11.2024 ж. Бөлімнің балансындағы кәріздік сорғы станциясы «Тұраркент-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның балансына оралымды басқару құқығымен беру туралы аудан әкімі №246 қаулыны қабылдаған. Дегенмен, мүлікті қабылдау – беру актісі жасалмаған және уәкілетті органдарда мемлекеттік тіркеуден өткізілмей, қаулы орындаусыз қалған. Одан кейін 11.03.2024 жылы кәріздік сорғы станциясын қабылдау-беру актісі және мемлекеттік тіркеуі болмаса да Тұраркент-Судың балансынан Састөбе кенті әкімінің аппараты КММ балансына беру туралы аудан әкімінің №70 қаулысы қабылданған.

Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің заңгері І.Балтабаймен  құқықтық оқыту өткізіліп хатамма түзілді 30.09.2024 жыл

 

 

 

Орындалды. 30 қыркүйек 2024 жыл. Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен атқарылған талдауда бәрі талдалынып шешілген хаттамасы түзілген.

 

2024 жылдың қараша айында

15

Спортшыларға санаттар беру бойынша өтініштер мерзімінен 3 күн өткен соң, кешіктіріліп жабылған.

24.10.2024жылы Түлкібас ауданы әкімідігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметшілері құқықтық оқыту өткізіліп хаттама түзілді. Жиналыста көтерілген тақырыптар: 1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы;

2)Дене шынықтыру және спорт түрлері туралы заңы.

Орындалды. Уақытылы орындалмау себебі  ИИС цон базасы дұрыс жұмыс істемеген. Бөлім басшысы мен жауапты мамандар алдағы уақытта бұндай қателікке жол бермейді.

 

2024 жылдың қараша айында

 

Дата публикации
30 января 2025