Төлеби ауданының 2024 жылғы ішкі талдауы

«Төлеби ауданы әкімі аппараты» ММ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

 

1

«Төлеби ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) 2023 жылы бірқатар нысаналы мақсаты «саяжай құрылысы және бау-бақша үшін» жалға берілген жер учаскелері Жер Кодексінің 43-бабының 7-тармағына сәйкес, жер учаскелерін беру жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін жағдайларда төмен тұрған жергілікті атқарушы орган, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жерге орналастыру жобасын осындай берудің мүмкін екендігі туралы өз шешімімен бірге жоғары тұрған жергілікті атқарушы органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жібереді. Алайда, ауыл округі әкімінің шешімін шығартпай, бірден аудан әкімдігінің қаулы жобасын әзірлеп оның қабылдануына жол берілген.

«Төлеби ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, және қаулыларды сәйкестендіру

Орындалды

 

Төлеби ауданы әкімдігінің 2023 жылғы нысаналы мақсаты «саяжай құрылысы үшін» берілген жер учаскелері бойынша 19 қаулының күші жойылды. Бұдан бөлек, қалған нысаналы мақсаты «саяжай құрылысы үшін» берілген жер учаскелері заңнама талаптарына сейкес сот тәртібімен қаралып жатыр.

 

 

18.09.2024 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

«Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Бөлім) «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі-Кәсіпорын) экономист қызметінде 0,5 штаттық бірлікте Е.Мадибеков қызмет атқара отырып, сонымен бірге «Нур-Ару» ЖШС-нің директоры ретінде  25.02.2022 жылы 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге көлемінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бап 3 тармақ 46-тармақшасына сәйкес, «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде киіз үй алуға және 12.04.2023 жылы өртке қарсы техникалық қызмет көрсету жұмыстарына 124 320 (жүз жиырма төрт мың үш жүз жиырма) теңгеге «Бағалы ұсыныстарға сұраным» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде келісім шарт жасалынған,  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабының  1- тармағында: осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса, мемлекеттік сатып алуға қатысуға тиым салынады деп нақты көрсетілген, өз кезегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15 бабына сәйкес мүдделер қақтығысына және сыбайлас жемқорлықтың жасалу тәуекеліне алып келген.

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік шараларын қарап (лауазымынан босату), түсіндру жұмыстарын жүргізу

Орындалды

 

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет үйі»

мемлекеттік коммуналдық

казыналық кәсіпорнының экономисті Е.Мадибеков өз еркімен жұмыстан босатылды.

 

 

18.09.2024 жыл

 

3

«Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі», «Төлеби ауданының жер қатынастары бөлімі» және «Төлеби ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің Ережелері 2018 жылы әділет органдарында тіркеген. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы бойынша сәйкестендіру жұмыстарын жүргізбеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысы бойынша сәйкестендіру

Орындалды

 

 «Төлеби ауданының экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық

бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»

қаулысы бойынша бөлімнің Ережесіне сәйкестендіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

18.09.2024 жыл

 

4

 «Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) 2023 жылғы №13, 22, 35, 56, 59, 65, 67, 69, 70 өкімдерінде тиісті қосымшалары және құжаттары тігілмеген. 2023 жыл басында 76727,0 теңге жоспарланған. Бюджеттік бағдарлама, жылдық жоспар, штаттық бірліктер бекітілгенімен №2 және №5 меморалдық ордердің 2023 жылғы маусым айындағы құжаттары толық тігілмеген.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а 2023 жылғы 5 шілдедегі «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары» №464 бұйрығы негізінде Мекеменің 2023 жылғы № 1, 5, 10, 21, 24, 30, 32, 39  және 2024 жылғы №1, 4, 22 өкімдері талаптарға сәйкес рәсімделмеген.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а 2023 жылғы 5 шілдедегі №464 бұйрығымен сәйкестендіру және  тиісті қосымшалары  мен құжаттарын толықтыру

Орындалды

 

«Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік

мекемесі 2023 жылғы өкімдерінде тиісті қосымшалары және құжаттары

талаптарға сәйкес реттелді.

 

18.09.2024 жыл

 

 

5

«Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күзетші қызметіне К.Раимбеков 31.12.2021 жылы қабылданып, 2022 жылы 15 ақпан күні өз еркімен жұмыстан босатылған. Мекеме тарапынан жұмыстан босатылған қызметкермен түзілген келісім шартын тоқтатып, ENBEK.KZ электронды порталға заңнама талаптарына сәйкес мерзімінде енгізу тиіс болған. Алайда, ENBEK.KZ электронды порталына жұмыстан босатылған күзетші К.Раимбековтың құжаттары енгізілмеген

ENBEK.KZ электронды порталға заңнама талаптарына сәйкес жұмыстан босатылған қызметкермен түзілген келісім шартын мерзімінде енгізу

 

Орындалды

 

«Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде күзетші қызметіне К.Раимбеков 2022 жылы 15 ақпан күні өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты, ENBEK.KZ электронды порталға заңнама талаптарына сәйкес мерзімінде енгізу тиіс болған. Осыған орай, «Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету тапсырылған.

Аталған тапсырма мерзімінде, әрі тиісті түрде орындалған.

 

07.10.2024жыл

 

 

6

Төлеби аудандық мәслихатының 28.02.2024ж. №10/51/VIII шешімімен Төлеби аудандық жер комиссияның құрамы бекітілген.

ҚР Жер Кодексінің 43 бабы 2 тармағында: «Жер комиссиясының құрамы, төрағасын және осы тармақтың жетінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында, сегізінші бөлігінің 1) тармақшасында және тоғызыншы бөлігінде аталған адамдарды қоспағанда, бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын бекітіледі» - деп көрсетілген.

 Төлеби аудандық мәслихатының құрамында 18 депутаттардың болғанына қарамастан және  бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын бекітілуі тиіс болған. Алайда, 2021 жылдан бері мәслихат төрағасы аудандық жер комиссия құрамының мүшесі болып, өзгертілмей келген.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабы 2 тармағына сәйкес, Жер комиссиясының бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын бекітілу қажет

Орындалды

Төлеби аудандық мәслихатының 28.02.2024ж. №10/51/VIII шешімімен Төлеби аудандық мәслихатының құрамында 18 депутаттардың болғанына қарамастан және  бүкіл құрамы ауыстырыла отырып, келесі күнтізбелік он екі ай өткен соң жыл сайын бекітілуі тиіс болған. Осыған орай, «Төлеби ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-не Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және қаулыларды сәйкестендіру тапсырылған.

Аталған тапсырма мерзімінде, толық орындалған

 

07.10.2024жыл

 

 

 

 

Дата публикации
30 января 2025