Сауран ауданының 2024 жылғы ішкі талдауы

«Сауран ауданы әкімі аппараты» ММ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уакілетті мемлекеттік органның ұстанымы

Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылған,дегенмен сенім телефоны мен сенім жәшігі орналастырылмаған;

Аудан әкімдігіне қарасты бөлімдерде және ауылдық округтердің интернет ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастыру. Сенім телефоны және сенім жәшігі  толығымен орналастырылғандығын түгендеу

Интернет ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылды.

Сенім жәшігі толығымен орналастырылды.

Сенім телефонын орналастыру қажеттігі туралы Қазақтелеком АҚ Түркістан облыстық филиалына 12.09.2024ж №40-13-01/286 санды хат жолданды.

 

12.09.2024жыл

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағы 6 тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті. Алайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктіліктерді арттыру бойынша тиісті семинар, курстардан өтпеген;

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерінің қатысуымен семинар сабақ өткізу және де Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасында жұмыспен қамту бөлімінің әлеуметтік мамандарын оқыту

Бөлімінің  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер міндеті жүктелген  мемлекеттік қызметшілеріне 13.09.2024 №7 хаттамасымен түсіндірме семинар сабағы өткізілді,

Және де бөлімнің 32 әлеуметтік мамандарына Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасының бастамасымен 18-19қыркүйек 2024ж оқыту курсының нәтижесімен сәйкестендіру сертификаты ұсынылды   

 

13.09.2024жыл

3

Қызмет алушы Улугбек Юсуповтың өтініші Эскизді келісуден өткізу мемлекеттік көрсетілетін қызметінің тәртібін бұза отырып, 1 жұмыс күніне кешіктіріліп тіркелген. Осы сипаттас тәртіп бұзушылықтар 10 қызмет алушыға қатысты тіркелген.

Аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерінің қатысуымен семинар сабақ өткізу

Бөлімінің  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер міндеті жүктелген  мемлекеттік қызметшілеріне 13.09.2024 №7 хаттамасымен түсіндірме семинар сабағы өткізілді

 

13.09.2024жыл

4

«Құрылыс және реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» бойынша қызмет алушының өтініштері кешіктіріліп тіркелгені анықталды. Сонымен қатар, қызметті көрсетуден бас тарту жоғарыда аталған бұйрықтың тиісті тармақтарын көрсете отырып жүзеге асырылады. Алайда, 6 қызмет алушының өтінімдеріне бас тарту мерзімдері 1 жұмыс күніне кешіктірілген.

Аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерінің қатысуымен семинар сабақ өткізу

 

Бөлімінің  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер міндеті жүктелген  мемлекеттік қызметшілеріне 13.09.2024 №7 хаттамасымен түсіндірме семинар сабағы өткізілді

 

13.09.2024жыл

5

«Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» бюджеттік бағдарламасы арқылы қаржыландырылатын «Дипломмен – ауылға!» жобасына бюджеттік өтінімдерді қабылдау барасында, кейбір аудан, қалаларға артықшылық берілуіне мүмкіндіктер туындайды

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында видео роликтер мен ақпараттар жариялау, әлеуметтік желілерде «Дипломмен ауылға» жобасына қатысты қажетті ақпараттарды жариялау

 

Дипломмен ауылға бағдарламасын насихаттау бойынша, әкімдіктің және бөлімнің ресми парақшасында әлеуметтік желілер арқылы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. https://www.facebook.com/permalink.php?

story_fbid=pfbid02M7WCc8ZmbAoiJLUAbbk

Y314z1g86a8mQ128H5BTTvVgRcjYUJpmwK1kT

4wmjJESVl&id=100079922713400

https://www.facebook.com/100070642929736/

videos/1742027539918160/

 

 

29.11.2024 ж.

6

Бюджетті қалыптастыру немесе нақтылау және мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларарын қалыптастыру барысында экономика және бюджеттік қаржы бөлімі бюджет қаражатын жоспарлап, ары қарай қаражатты бөлетін мемлекеттік мекеме болып табылады, бұл өз кезегінде тікелей тәуекелдікті тудырады.

Мысалы, бюджетін қорғайтын лауазымды тұлғалар тікелей қарым-қатынаста болып және бөлінетін бюджет қаражатының көлемі және мақұлдауы (одобрение) осы басқармаға (оның қызметкерлерінен) тәуелді болғандықтан барлық өтініш-тілектерін қанағат етуге тырысады, ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін.

Жауапты қызметшілерге шара қабылдау және бұған тектес заң бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу мақсатында қолданыстағы заң талаптары қатаң ұстану қажеттілігі ескерту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының қағидаларын бұзбау, лауазымдық міндеттерін қатаң сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу

 

2024 жылдың 14 - қараша күні Экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Мырзахметов – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Хаттама №21

 

29.11.2024 ж.

7

Мәдениет бөлімі және спорт бөлімінің жоспарға сай өткізілетін іс-шаралар бойынша қатысып жүлделі орын алған азаматтарды марапаттауға, сыйлықтарды алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі орын алуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін, іс-шараларға бөлінген қаражатты мемлекеттік сатып алу бойынша өткізу қажет

Сауран аудандық спорт клубта                          іс-шаралардың жүлдері орындарға бөлінген қаржыны  мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық және облыстық өткізетін жарыстарға бөлінетін қаржыны мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргізілуі тиіс.

Сауран аудандық әкімдігі мәдениет, тулдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде 30.10.2024 жылы №26 санды хаттамасымен жиналыс өткізілді.

 

29.11.2024 ж.

8

Мүгедектерге көрсетілетін қызметтер (тиесілі қоларбалардың егесіне жетпей, мүгедектігі бар адамдар мен жеткізуші (поставщик) арасындағы келісіммен жекеменшікке сатылып кету қаупі бар). Мүгедектігі бар азаматтардың жеке көмекшілері әрдайым күні бойы қасында болмайды, бірақ мүгедектігі бар адамдар мен жеткізуші арасындағы табельге толық сағат жазу қаупі бар.

Жеке көмекшінің қасында болып, алып барған жерлерін әлеуметтік қызметтер порталында белгілеу мүмкіндігін беру

 

 

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 2025 жылдың 26 қаңтар №40-13-15/29 санды хатпен ұсыныс жолданды.

 

 

29.11.2024 ж.

9

«Сауран-Су» МКК: сумен жабдықтау және су бұру бойынша Тұтынушыларға қызметтер көрсету мақсатында елді мекенді сумен жабдықтау және су бұрудың толық технологиялық процесін жүзеге асыратын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және сі бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асырушы, елді мекендегі жалпы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реттейтін, пайдаланатын және бақылайтын су шаруашылық ұйымы. Тұрғын үйлердің ғимараттарына және бизнес нысандарына су құбырыжәне кәрізді жобалауға техникалық шарттарды беру қызметі кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін Бар екендігі туралы қорытындыға келді.

 

«Сауран-Су» МКК тарапынан  тұрғын үйлердің ғимараттарына және бизнес нысандарына су құбырыжәне кәрізді жобалауға техникалық шарттарды беру қызметі кезінде жоғары тұрғына мекеме яғни Сауран ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінен келісімдеме алу.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» бөліміның квазимемлекеттік мекемесі «Сауран-Су» МКК-нің 18.12.2024 жылғы №246 санды хат жолданды.

 

29.11.2024 ж.

10

Ауылдық округтерден бюджеттік ұсынымдар түсу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін. (Бюджеттік ұсынымдармен келген ауылдық округтердің мемлекеттік қызметкерлерімен келісе отырып, таңдаулы ауылдық округтердің бюджеттерін толық қолдай отырып, басқа ауылдық округтің бюджеттік ұсыныстарын қолдамай, қысқарта отырып сыбайлас жемқорлық фактісі орын алуы мүмкін.

Ауылдық округтерден бюджеттік ұсынымдарды тікелей аудандық «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» бөлімдерімен зерделеу жұмыстарын жүргізу

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі басшысының м.у.а. жұмысшы топ құру бойынша 30.11.2024 жылғы №77 бұйрығы

 

29.11.2024 ж.

11

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек (АСП) тағайындау үшін жалған ақпараттар мен анық емес қолдан жасалған құжаттарды ұсыну қаупі бар,  бұл өз кезегінде тікелей тәуекелдікті тудырады.

Мысалы, көпбалалы аналар жұмыспен қамту бөлімінің мамандарымен бірлесіп өздерін жалғыз басты ана ретінде көрсетіп, некеде тұрған жұбайымен жалған ажырасу фактілерін жасап, кіріс көздерін пайда көру мақсатында жасырып атаулы әлеуметтік көмек алу қаупі бар

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек (АСП) тағайындау үшін жалған ақпараттар мен анық емес қолдан жасалған құжаттарды ұсыну бойынша ауылдық округ әкімінің өкімімен құрылған учакелік комиссия құрамындағы тәуелсіз  белсенді азаматтарды қосу және оларға еңбек ақы қарастыру арқылы жауапкершілікті арттыру

Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аталған тәуекел бойынша 17 шілде күні №3 санды хаттамамен бөлім басшысы Д.Асылбекпен жиналыс өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29.11.2024 ж.

 

Дата публикации
30 января 2025