Мақтаарал ауданының 2024 жылғы ішкі талдауы

«Мақтаарал ауданы әкімі аппараты» ММ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уакілетті мемлекеттік органның ұстанымы

Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі тарапынан жүргізілетін «Жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт беру» қызметі жалға алушының мекемеге тікелей баруы арқылы көрсетілуде. Сонымен қатар, жер учаскесін жалға беру шартын жасау мемлекеттік қызметтер тізіліміне енбегендігі себепті міндеттемелер (қызмет көрсету мерзімі, тәртібі) ешқандай нормативтік құқықтық актімен реттелмейді. Бұл, өз кезегінде, қызметшіге шартты жасау мерзімі мен талаптарын өзі белгілеуге мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету тәртібі нормативтік құқықтық актілермен реттелмейтін әкімшілік рәсімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін тиісті мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға ұсыныс хат жолдау

Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында 15.07.2024 жылғы №1611 санды облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеровке хат жолданды.

Облыстық жер қатынастары басқармасынан 24.07.2024 жылы № 35/1423 санды жауап хат келіп түсті. Басқарманың жауабында жер қатынастарына қатысты заңнама мен нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс хат жолдауға болатындығы көрсетілген.

12.07.2024 жылға дейін

2

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес электрондық үкіметтің веб-порталы (www.egov.kz) және қызметті берушінің кеңсесіне тікелей бару арқылы жүзеге асырылады. Алайда, қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігі болуына қарамастан қызмет алушылардың басым бөлігі мекеме кеңсесіне тікелей бару арқылы мемлекеттік қызмет алатындығы анықталды. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді толығымен цифрландыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға ұсынысхат жолдау

 

 

Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында 15.07.2024 жылы №1611 санды облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеровтің атына хат жолданды.

Ұсыныс хат бойынша тиісті жауаптар келіп түскен жоқ.

12.07.2024 жылға дейін

3

Аудандық дербес бөлімдер тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің толық емес құжаттарды ұсынуына қарамастан мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың орнына мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қолайлы әкімшілік акт қабылданған фактілер анықталған. Бұл кейбір қызмет алушылардың мүдделерін қорғап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

Аудандық дербес бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету барысында жіберілген кемшіліктерді талқылап, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу туралы тапсырмалар беру

Аудан әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты аудандық бөлімдердің қызметкерлерінің қатысуымен арнайы жиын өткізілді. Жиын барысында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

 

12.07.2024 жылға дейін

4

Есептік кезеңде аудан әкімі аппаратында және ауданның дербес бөлімдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарында оқыту деңгейі төмен. Бұл мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиісті деңгейде орындалмау тәуекелдеріне себепші болуы мүмкін.

Аудан әкімі аппараты және аудандық дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтуді қамтамасыз ету

 

2024 жылға арналған жоспарға сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің 5%-ын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарына қатыстыру көзделген. Аудан әкімдігіне қарасты 168 мемлекеттік қызметшінің ішінен 9 қызметкер аталған біліктілікті арттыру курстарына қатысып, жоспар толық орындалды. Бұдан бөлек, аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің барлық мемлекеттік қызметшілері DOCUMENTOLOG бірыңғай жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тестілеудің I-кезеңінен өтті. Тестілеудің II-кезеңінен 33 мемлекеттік қызметші өтіп, тиісті сертификаттарды алды.

 

18.09.2024 жылға дейін

5

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына 1-қосымшамен бекітілген Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 16-тармағына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Мансап орталығынан құжаттар топтамасын және электрондық шешім жобасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алынған және (немесе) ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің толықтығын және дәйектілігін тексереді. Қажеттігіне қарай тиісті мемлекеттік органдарға, уәкілетті ұйымдарға және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салуларды жүзеге асырады деп көрсетілген. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің факторы болуы мүмкін, яғни, «қажет немесе қажет емес» деп таңдауда негізсіз дербестік береді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына 1-қосымшамен бекітілген Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының 16-тармағының 1) тармақшасындағы «Қажеттігіне қарай тиісті мемлекеттік органдарға, уәкілетті ұйымдарға және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау үшін сұрау салуларды жүзеге асырады.» делінген редакциядан «Қажеттігіне қарай» делінген мәтінді алып тастау үшін тиісті органдарға ұсыныс беру.

 

Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында 15.07.2024 жылы №1611 санды облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеровтің атына хат жолданды.

Ұсыныс хат бойынша тиісті жауаптар келіп түскен жоқ.

12.07.2024 жылға дейін

6

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі көрсету барысында бұрын сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға тракторист-машинист куәлігі берілгендігі анықталған. Зерделеу барысында бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшісіне қызметті алушыны көлік құралын басқарудың арнайы құқығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтерді тексеру үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисіне кіруге және пайдалануға рұқсат алынбағандығы себепті бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.

Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшісіне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисіне кіруге және сервисті пайдалануға рұқсат алу.

 

Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында 19.11.2024 жылы № 2615 санды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы А.Сапарғалиевке Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшісіне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисіне кіруге және сервисті пайдалануға рұқсат беру туралы хат жолданды

Хат бойынша тиісті жауаптар келіп түскен жоқ.

15.11.2024 жылға дейін

 

Дата публикации
30 января 2025