Арыс қалaсының 2024 жылғы ішкi талдауы

«Арыс қаласы әкімі аппараты» ММ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уакілетті мемлекеттік органның ұстанымы

Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындалу мерзімі

1

Арыс қаласы, Ақдала ауылының тұрғындары К.Абдраев пен К.Омарова Арыс қаласының әкімдігіне «Қанағат К.А» ӨК-нің құрамынан шығуына байланысты Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 58 бабының  1 тармағына сәйкес, ортақ бiрлескен меншiктегi жер учаскесiн бөлу әрбiр қатысушының жер үлесi бойынша бөліп беруді сұрап өтініш жасаған.Алайда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру құзыреті Жер кодексінің 18-бабына сәйкес, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне кіреді.Сонымен қатар, Жер кодексінің 14-1-бабының                  3-бөлігіне сәйкес, Арыс қаласының жер қатынастары бөлімінің құзыретіне негізінен жергілікті атқарушы органға жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ұсыныстар мен шешімдер жобаларын дайындау, ұйымдастыру, есеп жүргізу, жер пайдалану шартын ресімдеу мәселелері қарастырылған.Алайда, Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі Арыс қаласының әкімдігіне яғни, жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдау арқылы өтініштерін қарауды заңсыз тоқтатқан.

Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету арқылы қабылданған шешімдерді Арыс қаласының әкімдігі арқылы ұсынуды қамтамасыз ету

Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Арыс қаласының әкімдігі арқылы қабылданатын шешімдерге өз бетінше заңсыз шешім қабылдау әрекеттері тоқтатылды.  Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша келіп түскен өтініштер Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне түсіп одан әрі, Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне орындауға жолданып, одан әрі Арыс қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолданып, жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы және жер пайдалануға беру туралы ұсыныстардың келісімін алу үшін Арыс қаласында орналасқан келісуші мекемелердің келісімдемелері алынып таңдау және келісім беру актісі жасалып оң қорытынды ұсынылу жолға қойылды. Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жер кодексінің 18-бабына сәйкес, құзыретіне сәйкес қаулы жобасын дайындап, Арыс қаласының әкімдігі арқылы шешім қабылдануда. Сонымен қатар,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден бастарту тек қала әкімдігінің қаулысы арқылы аяқталуда.

-

18.09.2024 жыл

2

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК "Атырау геодезия" филиалының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес, геологиялық, геофизикалық, iздеу, геодезиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық, жобалау және басқа да iздестiру жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай жүргiзе асыру үшін Арыс қаласының әкімдігіне жүгінген. Алайда, Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі Арыс қаласының әкімдігінің құзыретіне жатқызылған мәселені қарауына жатпаса да өз бетінше шешім қабылдау арқылы өтініштерін қарауды заңсыз тоқтатқан.

Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету арқылы қабылданған шешімдерді Арыс қаласының әкімдігі арқылы ұсынуды қамтамасыз ету

Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Арыс қаласының әкімдігі арқылы қабылданатын шешімдерге өз бетінше заңсыз шешім қабылдау әрекеттері тоқтатылды.  Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша келіп түскен өтініштер Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне түсіп одан әрі, Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне орындауға жолданып, одан әрі Арыс қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолданып, жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы және жер пайдалануға беру туралы ұсыныстардың келісімін алу үшін Арыс қаласында орналасқан келісуші мекемелердің келісімдемелері алынып таңдау және келісім беру актісі жасалып оң қорытынды ұсынылу жолға қойылды. Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жер кодексінің 18-бабына сәйкес, құзыретіне сәйкес қаулы жобасын дайындап, Арыс қаласының әкімдігі арқылы шешім қабылдануда. Сонымен қатар,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден бастарту тек қала әкімдігінің қаулысы арқылы аяқталуда.

-

18.09.2024 жыл

3

Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Бөлім) «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі-Кәсіпорын) бастамашыл болуымен қала әкімдігі 06.09.2023ж. №461 қаулысымен кәсіпорынның штат бірлігіне қала әкімдігінің 30.06.2019ж. №146 «Штат бірліктері туралы» қаулысына толықтырулар енгізілген. Қаулыға сәйкес, кәсіпорынның Жиделі ауылдық клубына (11 штат) бірлігі бөлініп берілген. Алайда, кәсіпорын басшысы Б.Құрманбекова әкімдіктің қаулысын ресми құжат екеніне қарамастан өз бетінше қолдан өзгертіп, (4 штат бірлігін) қосып 06.09.2023ж. №461 қаулысының штат беру туралы бөлігінің түп нұсқасын жойып жіберген. Бұдан бөлек, Б.Құрманбекованың басқаруындағы кәсіпорынға қатысы жоқ «Абай атындағы Арыс қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (- 1 кітапханашы штатын) өз бетінше берген. Кәсіпорын басшысына штат беру мәселесі лимит шегінде қала әкімдігі Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылатыны белгілі болған. Кәсіпорын басшысы штат бірліктерін алу арқылы өзіне құқыққасыйымсыз қолдау көрсеткені белгілі болды.

Қала әкімдігі қаулыларын талапқа сәйкестендіру

 

Арыс қаласы әкімдігінің 17.06.2024ж. №304 «Арыс қаласы әкімдігінің 30.05.2019ж. №146 «Штат бірліктері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және қала әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы» қаулысы қабылданып, Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның штат бірлігіне өзгеріс енгізіліп, кәсіпорын басшысы Б.Құрманбекованың өз бетінше енгізген штаттары Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қайта рәсімделді және «Абай атындағы Арыс қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне                   өз бетінше берілген - 1 кітапханашы штаты алынып тасталды.

 

-

18.09.2024 жыл

4

Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі 2022 жылдың 15 маусымында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) Арыс қаласы, Байырқұм ауылдық округі аумағында орналасқан БК-1, БК-1А (№53045106-ОК1, №53044923-ОК1, №53044716-ОК1 лот) каналдарын күрделі жөндеу үшін, жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге ашық конкурс жариялаған.   Нәтижесінде порталдағы №7821966-ОК1 қорытынды хаттама негізінде «SK Best Spec Stroy KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып танылған.   2022 жылдың 5 тамыз күні порталда бөлімімен «SK Best Spec Stroy KZ»                           ЖШС №100240005226/220013/00 нөмірімен электронды келісім шарт түзілген. Келісім шарттың орындалу мерзімі 2023 жылдың      2 қазанына дейін белгіленген. Бүгінгі таңда келісім шарт бойынша орындаушы «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС шартта көрсетілген жұмысты аяқтап, өз міндеттемелерін толық орындаған. Алайда, бөлім басшысы Н.Біләлбеков келісім шарт мерзімі ұзартылмай немесе орындалған жұмыстар үшін қаржы төленбеген. Нәтижесінде, Н.Біләлбеков өзі жасаған шартты орындамай «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС орындаған жұмыстары үшін 20 183 603,65 теңге қаржысын төлеу қажеттігін біле тұра өтемегені анықталды.

Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі «SK Best Spec Stroy KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы шарт талаптарын орындауды аяқтау

Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімімен «SK Best Spec Stroy KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы келісім шарт мерзімі ұзартылмауына байланысты орындалған жұмыстар үшін қаржы төлеу мүмкіншілігі болмауына байланысты «SK Best Spec Stroy KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотына талап арызбен жүгініп нәтижесінде 22.08.2024ж. №5165-24-00/2378 санды ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөліміне сот шығындарын орындауға жергілікті бюджеттен 20 183 603,65 теңге қаржы қаралып бөлінді.

-

18.09.2024 жыл

5

Арыс қаласы, Əйтеке би көшесі 76А тұрғындары Сарбасов Бауржан Агабекович Арыс қаласының әкімдігіне Əйтеке би көшесі 76А мекен-жайында орналасқан – 2152,0 шаршы метр жеке меншік құқығындағы жер учаскесін кеңейту үшін жаңадан 0,0209 гектар жер учаскесіне құқық алуға өтініш білдірген.

Осы  орайда,  Қазақстан  Республикасының   Жер   кодексінің 48 бабының 1-тармағының 21-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.

Дегенмен, Арыс қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 02.08.2024ж. №610000007200, Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 06.08.2024ж. №610000007200 және келісуші органдар мен өзге де ұйымдардың қорытындыларын алып, бос жер учаскесіне іргелес жатқан жер телімін рәсімдеуге заңсыз келісім беріп, әкімдікке жер учаскесін беруге болады деп қаулы жобасын ұсынған.

Алайда, Арыс қаласының әкімдігі 13.08.2024ж. №390 «Жер учаскесін беруден бас тарту туралы» қаулысын қабылдап, бос жер учаскесіне іргелес жатқан жер телімін рәсімдеу Жер кодексінің 48 бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіндіктен жер учаскесін беруден бас тартқан.

Яғни, тиісті құжаттарды жинақтау барысында  келісуші органдар мен өзге де ұйымдардың қорытындыларын заңсыз түрде бұрмалай отырып келісім беру фактісі, немесе заң нормаларын дұрыс қолданбай жер учаскесін беру арқылы сыбайлас жемқорлыққа итермелеу фактілерінің орын алуы мүмкін.

Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі, Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету

Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Арыс қаласының әкімдігі арқылы қабылданатын шешімдерге өз бетінше заңсыз шешім қабылдау әрекеттері тоқтатылды.  Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша келіп түскен өтініштер Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне түсіп одан әрі, Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне орындауға жолданып, одан әрі Арыс қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жолданып, жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы және жер пайдалануға беру туралы ұсыныстардың келісімін алу үшін Арыс қаласында орналасқан келісуші мекемелердің келісімдемелері алынып таңдау және келісім беру актісі жасалып оң қорытынды ұсынылу жолға қойылды. Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жер кодексінің 18-бабына сәйкес, құзыретіне сәйкес қаулы жобасын дайындап, Арыс қаласының әкімдігі арқылы шешім қабылдануда. Сонымен қатар,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерден бас тарту тек қала әкімдігінің қаулысы арқылы аяқталуда. Аталған бөлімдерде ішкі талдау нәтижелері қаралып, кемшіліктерді болдырмауды, сондай ақ сыбайлар жемқорлыққа жол бермеу және заң талаптарын қатан сақтау қажеттігі ескертілді. Жиналыс хаттамасымен бекітілді.

-

30.10.2024 жыл

6

Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеуге арнайы журнал арқылы тіркеп, кезекке   қою   арқылы   жолдамалар   беру   қызметін   Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 20.12.2023ж. №320-ө бұйрығымен бекітілген арнайы ереже негізінде көрсетеді.

Алайда, санаторлық-курорттық емдеуге жіберу барысында белгілі бір тұлғаларға артықшылықтар көрсету,  кезексіз жолдамалар беру, тіркеу журналынан кезегі келген зейнеткерлерді қасақана жою әрекеттері байқалды.

Атап  айтқанда,  2024  жылы  кезегі  келген  тіркеу  журналында

№943 болып тіркелген Ү.Абдулловқа жолдама берілмеген және хабарлама жолданбаған оның жолдамадан бас тарту туралы өтініші тіркелмеген. Бірақ, кезекте №946 тұрған Т.Айдаров, С.Айдароваларға санаторлық-курорттық емдеуге жолдамалар алған. Демек, кезегі келмеген зейнеткерлермен өзара сөз байласа отырып, кезексіз жолдама алып беруге болады. Яғни, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алады.

Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеуге жіберу кезінде арнайы тіркеу парағын беру, кезекке қойылған азаматтардың тізімін көрнекі жерге орналастыру, кезегі келген зейнеткерлерге арнайы смс хабарламалар жіберуді ұйымдастыру

Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеуге арнайы журнал арқылы тіркеп, кезекке қою арқылы жолдамалар беру қызметі Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 20.12.2023ж. №320-ө бұйрығымен бекітілген арнайы ереже негізінде, қызмет алушы азаматтар тізімі арнайы журналға тіркеліп кезегіне сәйкес смс хабарламалар арқылы жолдау тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Аталған қызмет алушылар бойынша, 01.03.2024 жылы тіркеу журналы №451 болып Ү.Абдуллов, 04.01.2024 жылы №795 Т.Айдаров және №796 С.Айдароваға аталған ережеге сәйкес өз кезегінде санаторлық-курорттық емдеуге жолдамалар берілген.

-

30.10.2024 жыл

7

Қазақстан      Республикасы Үкіметінің     2018    жылғы

11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 3 тармағы 7) тармақшасында мемлекеттік мекеменің басшысы, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары, орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы жақын аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберілген кезде көлік шығыстары өтеледі. Алайда, Арыс қаласының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Арыс қаласы әкімінің 12.12.2023ж. №28ж/қ өкімімен қызметтік автокөлікпен Түркістан қаласына іссапарға жіберген.Алайда, қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберілген басшыға көлік шығыстары өтелгеніне қармастан Түркістан қаласына бару және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстарды негізсіз өтеген. Осы тұста, қаулысының 3 тармағы 5) тармақшасында iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi делінген.

Алайда, бөлім басшысы жол жүрудiң ең жоғарғы құны бойынша төленгені анықталды.

Демек, бюджеттiң қаражатын жеке басының есебi арқылы артықшылықтар көрсетуі мүмкін.

Арыс қаласының «Тұрғын- үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Түркістан қаласына бару және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстарды бюджетке кері қайтару

Арыс қаласының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі» ММ 29.10.2024 жылғы хатына сәйкес аталған мәселе бойынша талдау жасалып, Түркістан қаласына бару және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстарды бюджетке кері қайтарылды. 29.10.2024 жылғы №11715.0005 кассалық квитанциясы тіркелген.

-

                30.10.2024 жыл

8

Арыс  қаласының «Тұрғын-үй        коммуналдық шаруашылық, жолаушылар  көлігі  және  автомобиль  жолдары  бөлімі»  ММ  бір көзден  тікелей  сатып  алу  тәсілін  қолданып  жасалған  келісім- шарттар жасағаны анықталды.

Осы тұста, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 4-бабы 1,2,7,9-тармақтарына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік қағидаттарына негізделеді.

Арыс қаласының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен құрылыс монтаждау және құрылыс қызметі саласында техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді жүргізу үшін 12 лоттан тұратын жалпы сомасы 3 406 011 079 теңгеге қатысты ерекше тәртіп негізінде 2-конкурс (№12539776-1 конкурс бойынша 3 305 819 053 тг, №12539779-1 конкурс бойынша100 192 026 тг) жарияланған. Алайда бөлім, бір көзден тікелей сатып алу тәсілін қолдануды конкурс түрін қызмет бабында пайдалану нысанда өткізгендей көрсетіп, порталға жарияланған. Бірақта, Заңның 50-бабы 2-тармағына сәйкес ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Бөлім арнайы режимді қолдана отырып кұзырлы органдардың орбитасының назарынан шығарып, Жылдық жоспарда көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып заңсыз жолмен сатып алуды ұйымдастырған. Алайда, Бөлім тарапынан жарияланған құрылыс қызметі саласында техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтер жоғарыда көрсетілген негіздерге сай келмейтіні белгілі болды. Дегенмен жасалған келісім-шарттар тоқтатылды.

Демек, ерекше тәртіпті қолдану тәсілімен жүргізілген шарттары бойынша (бір көзден, конкурс) жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар тікелей сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады және сатып алу үдерісінде сапа қағидатына тосқауыл болады оған қоса бәсекелестікке мүмкіндік берілмейді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сақтау

Арыс қаласының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі» ММ – нің №Н/Қ-74 саңды 16.09.2024 жылғы бұйрығы негізінде ерекше тәртіп қолданылатын №12539779-1 және  №12539776-1 мемлекеттік сатып алулар тоқтатылған.         Арыс қаласының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі» ММ – нің №Н/Қ-71 саңды 10.09.2024 жылғы бұйрығының күші жойылған. Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде іс шаралар жүргізіліп қатан ескертілді.

-

30.10.2024 жыл

 

Дата публикации
30 января 2025