Ішкі аудит қызметімен 2024 жылғы 12 айда 7 мемлекеттік аудит объектісінде тиімділік, сәйкестік аудиті жүргізілді, оның ішінде 4 мемлекеттік мекемеде және 3 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде.
Аудиторлық іс-шарамен жалпы 57 923 238,3 мың теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтар көлемі 16 231 602,6 мың теңгені құрайды, оның ішінде рәсімдік бұзушылықтар 14 643 998,9 мың теңге, қаржылық бұзушылықтар 1 587 603,7 мың теңге, оның ішінде бюджетке өтелетін қаржылық бұзушылықтар 951 670,0 мың теңге.
Жүргізілген 7 аудит объектісінде аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті уәкілетті органдарға материалдар жолданып, бүгінгі таңға салынған әкімшілік айыппұлдардың 83,1 мың теңге бюджетке өндірілді. Сондай-ақ, анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға бағытталған, аудит объектінің қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар аудит объектілеріне және бағдарлама әкімшілеріне жолданды.