|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Атқарылған жұмыстар |
|
1 |
Алатау ауылдық округіндегі «Біркөлік» демалыс аумағындағы демалыс орындары қызыл сызыққа өтіп кеткен (Изуми, т.б.). Өзендер арнасы құрылыстар салынып, тарылып, арыққа айналып кеткен. «Арал-Сырдария» мекемесі жұмысына салғырт қарайды.
Ләззат Асанова –Ленгір қаласының тұрғыны, блогер. |
1.1 «Біркөлік» демалыс аумағында қызыл сызыққа өтіп кеткен демалыс орындарын анықтап, мәліметті ұсыну. |
01.08.2024ж.
|
Облыстық бақылау жөніндегі басқармасы
Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы
Төлеби ауданының әкімі |
мәлімет
|
2024 жылы Алатау ауылдық округінде орналасқан демалыс аймақтарындағы 123 жер учаскелеріне нысаналы мақсатына сай пайдалануы бойынша мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 85 жер учаскесінде заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған 43 жер учаскесі, жер телімін артығымен заңсыз қоршаған және су қорғау аймағында орналсқан 42 жер учаскесі бойынша заң талаптарына сай жұмыс жасау үшін Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті акт толтырылып жолданды. Бүгінгі күнге 2 азаматқа айыппұл салынды. Жұмыстар жалғасуда. |
|
2 |
|
1.2. Су қорғау аймағы туралы заңдылықтардың сақталуына толық инвентаризация жасап, ретке келтіру жұмыстарын жүргізу. |
01.08.2024ж.
|
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,
«Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» РММ
Төлеби ауданының әкімдігі |
мәлімет |
2024 жылы Алатау ауылдық округінде орналасқан демалыс аймақтарындағы 123 жер учаскелеріне нысаналы мақсатына сай пайдалануы бойынша мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 85 жер учаскесінде заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған 43 жер учаскесі, жер телімін артығымен заңсыз қоршаған және су қорғау аймағында орналсқан 42 жер учаскесі бойынша заң талаптарына сай жұмыс жасау үшін Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті акт толтырылып жолданды. Бүгінгі күнге 2 азаматқа айыппұл салынды. Жұмыстар жалғасуда. |
|
3 |
|
1.3 Төлеби ауданындағы демалыс орындарына берілген жерлердің заңдылығына анықтау жүргізсін. 1.3.1. Қорытындысы бойынша, берілген жерлерде заңсыздықтар анықталған жағдайда, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныс енгізу.
|
1.3. 01.08.2024 ж.
1.3.1. 01.11.2024 ж. |
Облыстық жер қатынастары басқармасы
Облыстық бақылау жөніндегі басқармасы, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті,
Төлеби ауданының әкімі |
мәлімет |
2024 жылы Алатау ауылдық округінде орналасқан демалыс аймақтарындағы 123 жер учаскелеріне нысаналы мақсатына сай пайдалануы бойынша мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 85 жер учаскесінде заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған 43 жер учаскесі, жер телімін артығымен заңсыз қоршаған және су қорғау аймағында орналсқан 42 жер учаскесі бойынша заң талаптарына сай жұмыс жасау үшін Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті акт толтырылып жолданды. Бүгінгі күнге 2 азаматқа айыппұл салынды. Жұмыстар жалғасуда. |
|
4 |
Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы кәріз тазалау имаратының құрылысы қашан аяқталады, 2024 жылға қаржы қарастырылады ма?
Ләззат Асанова –Ленгір қаласының тұрғыны, блогер. |
2. Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы кәріз тазалау имаратының құрылысын жүргізу
2.1. Қалған қаржыларды 2024 жылға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
2.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
2. 30.12.2025 ж.
2.1. 2024-2025 ж.ж.
2.2. 2024-2025 ж.ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданы аумағында орналасқан №3 кәріз тазалау имаратының құрылысы 2022 жылы басталды. Мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Конкурстық құны: 2401,4 млн теңге. Нысанның құрылыс – монтаждау жұмыстарына 2022 жылы облыстық бюджеттен 21,6 млн теңге бөлінді. 2023 жылға 873,5 млн теңге қаралып, толық игерілді. 2025 жылы №3 кәріз тазалау имаратының құрылысын жалғастыруға Республикалық бюджет есебінен 1 450,0 млн теңге қаралды.
|
|
5 |
Ленгір қаласы № 1 мөлтек ауданы Қапал Батыр көшесінің бойында құрылысы басталған бесқабатты 3 тұрғын үй қашан пайдалануға берілер екен?
Наметкулова Күлайша – Ленгір қаласының тұрғыны.
|
3. Ленгір қаласындағы 3 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу.
3.1. Қалған қаржыларды бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
3.2. Құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімінде аяқтау.
|
3. 31.12.2025 ж.
3.1. 2024-2025 ж.ж.
3.2. 30.12.2025 жыл |
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Ленгір қаласының I мөлтек ауданы, Қапал Батыр көшесінің бойында 156 пәтерлі бес қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 2023 жылға облыстық бюджеттен 60,0 млн теңге бөлініп, игерілді. 3 үйдің құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 2024 жылға 1 млрд 050,0 млн теңге бөлініп, игерілді. 2025 жылға 1 млрд 125,4 млн теңге бөлінді. Нысан пайдалануға берілген жағдайда 156 отбасы пәтермен қамтылады, оның ішінде 125 пәтер тұрғын үйі апатты деп танылған отбасыларға, 31 пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға беріледі. |
|
6 |
2021 жылы аудандағы «Ащы» су қоймасында апатты жағдай орын алған. Сол кезден бері су жиналмауда. Осы су қойманы ертерек күрделі жөндеуден өткізіп беруіңізді сұранамын. «Ашы» су қоймасы күрделі жөндеуден өткізілген жағдайда, 650 га жер ағын сумен қамтылады.
Нұрсейітов Батихан - Зағамбар ауылының тұрғыны.
|
4. «Ащы» су қоймасы құрылысына сараптама қорытындысын алу.
4.1. Қаржыландыруға ұсыну.
4.2. Құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыру.
4.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
|
4. 01.10.2024ж
4.1. 01.11.2024 ж.
4.2. 20.12.2024 ж.
4.3. 01.12.2025 ж. |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
«Ащы» су қоймасы Бірінші Мамыр ауылдық округі, Зағамбар елді мекенінің жоғарғы жағында орналасқан, 1985 жылы пайдалануға берілген. Су қоймасына 2017-2018 ж.ж. күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бөгет денесінің алдыңғы жақтауы толығымен бетонмен қапталған, аумағы қоршалған, жарық және дабыл қағу құрылғысы орнатылған. 2020 жылы бөгеттің су тастау құбырында жарық пайда болу салдарынан бөгеттің сыртқы денесі опырылып, қуыс пайда болғандықтан пайдаланусыз тұр. Қанағаттанарлықсыз жағдайда. Аудандық бюджеттен 9,0 млн теңге бөлініп, су қоймасын жөндеуге жобалау сметалық құжаттамасына сараптама қорытындысы алынды. Мердігер «Улмад» ЖШС. «Ащы» су қоймасы Төлеби ауданы әкімдігінің 04 сәуір 2023 жылғы №192 қаулысына сәйкес Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Тұран су» МКК-ның теңгеріміне берілді. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы қаржыландыруға ұсынылды. |
|
7 |
Біздің Алатау мөлтек ауданымызға ауыз су құбырлары және электр желілері тартылып жатқанын білеміз. Бірақ бүгінгі күнге дейін мөлтек ауданымыздағы көшелер асфальттанбағандықтан балаларымыз және өзіміз жаңбырлы күндері лай көшелермен жүрудеміз. Осы мәселенің шешімі қашан табылады екен? Қойлыбай Асқарұлы -Ленгір қаласы Алатау мөлтек ауданының тұрғыны. |
5. «Алатау» мөлтек ауданының жаңа массивіне инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын (автомобиль жолдары) жүргізу. 5.1. Қалған қаржыларды 2024-2025 жылдарға бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 5.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу
|
5. 31.12.2025 ж.
5.1. 2024-2025 ж.ж.
5.2. 2024-2025 ж.ж. |
Төлеби ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Ленгір қаласы «Алатау» мөлтек ауданының жаңа массивіне инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысына (автомобиль жолдары) сметалық құны 3 млрд 837,0 млн теңгені құрайтын 18.11.2020 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС. 2024 жылы құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд 245,2 млн теңге қаралды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2025 жылға ауыспалы. Жоба аясында 22 440 шақырым жол, ауданы 22680 м2 аяқ жол тартылады. |
|
8 |
Зертас елді мекені Шомшақты көшесіндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің ғимараты ескі болғандықтан келушілерге сапалы қызмет көрсету қиындықтар туындатады. Жаңа ғимарат қашан салынар екен Өмірқожа Салыбеков – Зертас елді мекенінің тұрғыны |
6. Зертас елді мекені Шомшақты көшесіндегі фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын белігіленген мерзімде пайдалануға тапсыру.
|
30.12.2024ж.
|
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Төлеби ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Зертас елді мекені Шомшақты көшесіндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысына «Ұлттық қор» есебінен 203,9 млн теңге қаралып, құрылысы аяқталып, 2024 жылдың 19 желтоқсаны күні пайдалануға берілді.
|
|
9 |
Жаңажол елді мекені жерінен әскери полигон үшін ҚР Қорғаныс министрлігіне берілген 304 га жерге байланысты елді мекен тұрғындары наразы, 7 мемлекеттің полигоны болады деп отыр, халық жердің берілгеніне қарсы, мал жайылымы тарылған.
Нұрдаулет Дүйсенбиев - Жаңажол елді мекенінің тұрғыны
|
7. Көтерілген мәселе бойынша Жаңажол елді мекені тұрғындарымен тісіндіру жұмыстарын жүргізу
|
01.12.2024ж. |
Төлеби ауданының әкімдігі |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Жаңажол елді мекені тұрғындарының наразылығын алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің орынбасары, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Бірінші Мамыр ауылдық округінің әкімі, аудандық мәслихат депутаты, 36814 әскери бөлім командирі бірлесіп Жаңажол елді мекенінің тұрғындарымен (ауыл билері, белсенді азаматтары және ауыл жастары) 2024 жылы 23 мамырда жиналыс өткізді. Жиналыста 36814 әскери бөлім командирі Е.Әбдірайым жер учаскесі ҚР Қорғаныс Министрлігімен және Түркістан облысы әкімдігімен мақұлданып, бекітілгенін. Оқу жаттығу жұмыстарына ауыр техника, артилерия жұмылдырылмайды, жаяу құрлық әскер сарбаздары қатысады, жарылыс жұмыстары жүргізілмейтіндігін және ұрыс атыс жұмыстары кезінде атыс алаңы сарбаздармен қоршалып, бақылауға алынатынын түсіндірді. Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Л.Серикбаев әскери оқу жаттығу полигонына берліген құжаттар заңды екендігін және бұл құжаттар өзгеріссіз қалатындығын және оқу жаттығулар жылына бір-екі рет болатындығын, ал, қалған уақытта елді мекеннің ортақ жайылымы ретінде пайдаланатындығын түсіндірді. ҚР Қорғаныс министрлігінің сұранысы бойынша Мемлекеттің қорғанысын күшейту үшін 304 га жер мемлекеттік мекемеге берілгені. Арыстағыдай қойма болмайтыны. Әскери жаттығуға өзге елдердің әскері қатыспайтыны, тек өз еліміздің әсери құрамы келетіні кездесу барысында түсіндірілді. |
|
10 |
Зағамбар елді мекенінде болған мәселе. Әл Фараби мектебінің директоры ешқандай тәртіпке қараған жоқ, жұмысына лайықты емес деген қорытынды шығарып отырмын. Ләззат Асанова – Ленгір қаласының тұрғыны, блогер. |
Тексеру нәтижесі бойынша заң талаптарына сәйкес шара қабылдау. |
01.08.2024ж. |
Облыстық білім басқармасы
|
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Зағамбар елді мекеніндегі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жауапты 7,5 жылға сотталды. |
|
11 |
Ленгір қаласында қандай өндіріс орындары жуық арада ашылады? Сейтхан Ахтаев - Ленгір қаласының тұрғыны |
Төлеби ауданында өндіріс саласындағы ашылатын ірі жобалар бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізу |
01.11.2024ж. |
Төлеби ауданының әкімдігі |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Ленгір қаласында өнеркәсіп саласында бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде құны 1,5 млрд. теңгеден астам жаңа инвестициялық жоба жүзеге асуы жоспарланған. «KAZPLAST» ЖШС жаңа тігін цехының ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ашылады деп күтілуде. Жоба іске қосылғанда жаңа жұмыс орындары ашылып, 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылатыны. Жалпы мемлекет бизнеспен айналыспайтыны, ашам деушілер болса қолдау көрсетілетіні. Жалпы жеке бизнесті жеке азамат өзі ашқанда ғана экономикаға әсері болатыны кездесу барысында түсіндірілді. |