|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
Орындалу бойынша ақпарат |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Коммуналдық саласы |
|
|||||
|
1. |
1.1. Шорнақ ауылының ішінде қоқысты жинайтын жүк көлігінің (қоқыс тасымалдаушы) жұмысы бойынша.
1.2. «Жасыл Сауран» мекемесінің қоймасында қоқыс жәшіктерін жинап қойған. Қоймада тұрған қоқыс жәшіктерін көше бойына, тиісті орындарға орнатса.
Оразбекова Бибісара – Шорнақ ауылының тұрғыны. |
1.1. Сауран ауданы бойынша көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарына қажетті техникаларды «Жасыл Сауран» КММ теңгеріміне алу.
|
31.07.2024 ж.
|
Сауран ауданының әкімдігі
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну. |
Орындалды «Жасыл Сауран» КММ-нің теңгеріміндегі қоқыс жинайтын жүк көлігі ауданның абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық бағыттарына алынған. Алайда, Шорнақ ауылының тұрығндары, тұрғын үйлерден шыққан қоқыстарды алып кету, тасымалдау бойынша аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 тамыздағы №53 шешіміне сәйкес бекітліген тариф бойынша жеке кәсіпкермен келісім шартқа тұру қажет. Қазіргі таңда, Шорнақ елді мекенінде тазалық жұмыстарын жүргізуге жеке кәсіпкер іздестіру жұмыстары жүргізілуде. |
|
1.2. Сауран ауданы бойынша сатып алынған 50 дана орындық, 50 дана қоқыс жәшіктерін тиісті орындарға орнату.
|
31.07.2024 ж.
|
Сауран ауданының әкімдігі
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну. |
Орындалды 2023 жылы Сауран ауданы бойынша, 50 дана орындық, 50 дана қоқыс жәшіктері туристік мәдени орындарға қойылып орнатылған. |
||
|
Инфрақұрылым саласы |
|
|||||
|
2. |
2. Кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында Қарашық, Иассы, Оранғай ауылдық округтерінен 10 га. жер қарастырып берді. Енді сол жерлерге инфрақұрылым жүйелерін жүргізіп беруге көмек берсеңіз.
Омаров Тохташ – Қарашық ауылының кәсіпкері. |
2. Бөлінген жер телімдеріне инфрақұрылым жүйелерін жүргізу.
2.1. Сметалық құжаттама әзірлеу.
2.2. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.
2.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
02.12.2025 ж.
2.1. 03.10.2024 ж.
2.2. 24.01.2025 ж.
2.3. 02.12.2025 ж.
|
(Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов)
Сауран ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде Аудан бойынша, индустриялдық аймақтардың инфрақұрылымын жүргізу мақсатында, қазіргі таңда, Қарашық ауылдық округінде орналасқан индустриялды аймақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 1000 кВт трансформатор мен 1,5 шақырым электр желілері жүргізілген. Иассы ауылдық округіндегі индустриялдық аймақты электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме анықталып, 1 сәуірге дейін электр желілері жүргізілетін болады. Оранғай ауылдық округіндегі индустриялдық аймақтың жері анықталуда.
|
|
Ветеринария саласы |
|
|||||
|
3. |
3. Сауран ауданында қаңғыбас иттер көбеюде. Ветеринария саласының ит аулау мамандары қажетті материалдық техникамен қамтамасыз ете отырып, таңғы 06:00-ден бастап келсе екен. Сондай-ақ, қаңғыбас ит мысықтарды аулап жеткізетін уақытша ұстау орындары салынса екен.
Ахметов Мұхит – Шорнақ ауылының тұрғыны. |
3. Аудан орталығынан қаңғыбас ит-мысықтарды уақытша ұстау алаңын салу. 3.1. Жеке кәсіпкермен қаңғыбас ит-мысықтарды уақытша ұстау алаңын жалға алу туралы келісім шартқа отыру.
3.2. Ит-мысықтарды аулауға қажетті көлік, техникаларды қамтамасыз ете отырып, таңғы 06:00-ден бастап аулау кестесіне сәйкес жүргізу.
|
01.08.2024 ж.
3.1. 15.09.2024 ж.
3.2. 01.08.2024 ж. |
(Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев)
Облыстық ветеринария басқармасы
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалды Сауран ауданында қаңғыбас иттер көбеюіне орай, аудан орталығы Шорнақ ауылынан ит-мысықтарды уақытша ұстау алаңын жалға алу мақсатында «Ескендеров» ЖК-мен келісім шарт түзіліп, қазіргі уақытта, қажетті материалдық техникамен толық қамтамасыз етілді. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау жұмыстарын таңғы 5:30-дан бастап, аулау кестесіне сәйкес тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде. Онда ауланған қаңғыбас ит-мысықтарға ұрықсыздандыру, чип орнату, сырғалап қайта босату шаралары жүргізіледі.
|
|
Білім саласы |
|
|||||
|
4. |
4. Жүйнек ауылдық округі, Шыпан елді мекеніндегі «М.Маметова» жалпы орта мектебінің белсенді мұғалімі М.Сайдуллаевқа берілген біліктілік санатына күмән келтіруде. Заң жүзінде тексеріп, нақты ақпарат берсеңіздер.
Ботабекова Қаламқас – Жемқорлық және Заң газетінің бас редакторы. |
4. Шыпан елді мекеніндегі «М.Маметова» жалпы орта мектебінің белсенді мұғалімі М.Сайдуллаевтың біліктілік санатына қатысты тексеру жүргізу. |
29.08.2024 ж. |
(Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев)
(Облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов)
Облыстық білім басқармасы
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну. |
Орындалды Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «М.Мәметова» атындағы жалпы білім беретін мектептің педагогі М.Сайдуллаев 2022 жылы Түркістан облысы білім басқармасына (Бұдан әрі-Басқарма) https://jumys.snation.kz порталы арқылы педагог-сарапшы санатына өтініш берген. Алайда, Басқарманың аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша педагог-сарапшы санатына сәйкес келмегендіктен 2022 жылы 25 тамыздағы №272 бұйрығымен география пән мұғалімі бойынша педагог-модератор санаты берілгендігі анықталды. |
|
Жарық саласы |
|
|||||
|
5. |
5. «Яссы құс» құс фабрикасы мен «Rich Home» жиһаз цехы тұтынып отырған электр желелілері жиі сөнеді. Электр бағаналарын ауыстырып берсеңіз.
Кокенов Махсуд, Сиздиков Арипжан – Оранғай ауылының кәсіпкерлері. |
5. Электр бағаналарын ауыстыру.
5.1. Ақау ақтісін түзеп, сметалық құжаттама әзірлеу.
5.2. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.
5.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
29.08.2025 ж.
5.1. 03.10.2024 ж.
5.2. 24.01.2025 ж.
5.3. 02.12.2025 ж.
|
(Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов)
Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС (Келісімі бойынша)
Сауран ауданының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде Оранғай елді мекеніндегі цехпен фабрика тұтынып отырған электр желілерін жаңарту бойынша, 16.10.2023 жылы №AGDS-0122/23 құрылыс жұмыстарына сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жоба құны – 590,639 млн. теңге. Қазіргі таңда, жобаға қажетті қаражатты бөлуге, құжаттары әзірленіп салалық басқармаға бюджеттік өтінім жолданған. Қаржы қаралмады. |
|
Жер және тұрғын үй саласы |
|
|||||
|
6. |
6.1. Аудан тұрғындары жұмыс тапшылыған байланысты басқа қалаларға көшуге мәжбүр. Тұрғындарға егін шаруашылығымен айналысуға суармалы жерлер берілсе.
6.2. Аудан орталығынан көп қабатты тұрғын үйлер салынса.
Манашев Бекжігіт – Шорнақ ауылының тұрғыны. |
6.1. Тұрғындарға егін шаруашылығымен айналысуға суармалы жерлерді беру тәсілін түсіндіру.
6.1.1. Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерді қайта айналымға енгізу үшін конкурсқа қойылатын жер учаскесінің тізбесін бекіту.
6.1.2. Аталған лоттарға жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу және топырақтың құнарлығын зерттеу актісін алу.
6.1.3. Жер учаскелерін жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес келісім беруші органдардың келісімін алу.
6.1.4. Лоттар тізбесін БАҚ-та жариялап, 15 күн ішінде құжаттар жинап конкурс өткізу. |
15.11.2024 ж.
6.1.1. 01.09.2024 ж.
6.1.2. 01.10.2024 ж.
6.1.3. 15.10.2024 ж.
6.1.4. 15.11.2024 ж. |
Сауран ауданының әкімдігі
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну. |
Орындалды Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы фермер немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін суармалы жер учаскелерін табыстауды ендігі кезекте электронды нұсқада жүргізу практикасы Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерді қайта айналымға енгізу үшін конкурсқа қойылатын жер учаскесінің тізбесін бекіту. Аталған лоттарға жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу және топырақтың құнарлығын зерттеу актісін алу. Жер учаскелерін жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес келісім беруші органдардың келісімін алу. Лоттар тізбесін БАҚ-та жариялап, 15 күн ішінде құжаттар жинап электронды нұсқада конкурс өткізу бүгінде Шорнақ, Бабайқорған, Жібек жолы, Шаға ауылдық округі аумағынан 120 лот бойынша 1100 гектар жер учаскесіне жерге орналастыру жобасы әзірленді. |
|
6.2. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында көпқабатты тұрғын үйлер салып, азаматтарды тұрғын үймен қамту.
6.2.1. Тұрғын үй құрылысына аукцион өткізу қорытындысы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелерді анықтау.
6.2.2. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу.
6.2.3. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң Сауран ауданы әкімдігі тарапынан үйлер сатып алынып, кезекте тұрған азаматтарға комиссия шешімімен пайдалануға беру. |
01.05.2025 ж.
6.2.1. 15.07.2024 ж.
6.2.2. 30.12.2024 ж.
6.2.3. 01.05.2025 ж. |
Сауран ауданының әкімдігі
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну. |
Орындалды Аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында аудан орталығы Шорнақ ауылының әкімшілік іскерлік орталығы аумағынан арнайы жер бөлінген. 2024 жылға Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінен 3 көп қабатты 24 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы басталды. 2 үйдің мердігер мекемесі «Қарағанды Көркем» ЖШС –гі. Қазіргі таңда қабылдау актілері және техникалық төлқұжаттары 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін рәсімделуде. Сонымен қаттар, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекененде 1 қабатты 4 пәтерлі 4 үйдің құрылысы басталды. Мердігер мекемесі «Заңғар-М» ЖШС-гі. Бүгінгі таңға, келісім шарт түзіліп, 100 пайыз құрылыс жұмыстары аяқталып, құжаттары толығымен (Гос акт, тех паспорт) рәсімделіп, қазіргі таңда тех паспорт мердігер мекемеден бөлім тарапына меншік иесін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
||