|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
1. |
1. Ауданда халық саны көп болуына байланысты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің штаттық бірліктерін көбейту үшін, полиция басқармасы етіп өзгерту мүмкіндігін қарастырып берсеңіз. 2. Сарыағаш аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауданаралық басқармасының штат бірлігін көбейту мүмкіндігін қарастырсаңыз.
Батырбеков Амангелді - Көктерек кентінің тұрғыны |
1. Сарыағаш аудандық полиция бөлімін «Полиция басқармасы» етіп қайта құру бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ұсыныс енгізу.
|
2024 жыл
15.06.2024 ж.
|
Түркістан облысының полиция департаменті(келісімі бойынша) |
Ұсыныс енгізу
|
Түркістан облысының полиция департаменті бастығы тарапынан Сарыағаш полиция бөлімін полиция басқармасы етіп қайта құру бойынша 19.04.2024 жылғы №7-4-20/21-38-И ұсыныс хаты жолданған. Ішкі істер министірлігінің 06.06.2024 жылғы №1-7-7-5-82/3308-И хатында штат санын ұлғайтуға мораторий енгізілуіне байлансты, қазіргі уақытта Сарыағаш полиция бөлімін полиция басқармасы етуіне мүмкіндіктері жоқ екендігін хабарлаған.
|
|
2. |
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауданаралық басқармасының штат бірліктерін көбейту мүмкіндігін қарау бойынша ұсыныс енгізу. |
2024 жыл
15.06.2024 ж.
|
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша) |
Ұсыныс енгізу
|
Түркістан облыс әкімі тарапынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аудандық басқармасының штат бірліктерін көбейту бойынша 24.06.2024 жылғы №03/6404 хатымен ұсыныс жолданған. |
|
|
3. |
3. «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКК жұқпалы аурулар бөлімі дәрігерінің дұрыс диагноз қоймауы салдарынан қызым (М.Жұмаділла) қаза болуына байланысты дәрігерге қатаң шара қолдануды сұраймын.
Асанова Бибінұр - Құлтума елді мекенінің тұрғыны |
3. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, шара қабылдау. 1. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жұмысшы топ құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізу; 2. Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша тиісті шараларды қабылдап, қажет болған жағдайда құзырлы органдарға жолдау. |
2024 жыл
1. 01.07.2024 ж.
2. 10.07.2024 ж. |
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау. |
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының 27.05.2024ж. № 182 н/қ бұйрығымен жұмыс тобы құрылып, қызметтік анықтау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының басшысы Б.Мирзалиевтің 12.06.2024 ж. №1070 ж/қ бұйрығымен жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі 28.05.2024ж. №333 н/қ бұйрығымен басшының емдеу ісі бойынша орынбасары Б.Оспановқа «сөгіс», басшының ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша орынбасары Г.Абдрамановаға «сөгіс», жансақтау бөлімінің меңгерушісі Е. Ибрагимовқа «сөгіс»; 06.02.2024ж. №195н/қ бұйрығымен жұқпалы аурулар бөлімінің инфекционист дәрігері Ж. Андасбаеваға «сөгіс», жұқпалы аурулар бөлімінің мейірбикелері Н. Күлбаеваға және К.Джунусбековаға «сөгіс» тәртіптік жазасы қолданылды.
Сонымен қатар, осы жағдай бойынша құзырлы орган - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен тексеріліп, қорытындысы бойынша пациянттік денсаулығына келтірілген зиян деңгейіне құқықтық баға беріп, процессуалдық шешім қабылдану үшін матераиалдар 09.07.2024 жылы Түркістан облысы бойынша полиция департаментіне жолданған.
|
|
4. |
4. Сарыағаш қаласында былтыр кезекте тұрғандарға көп қабатты үйлерден пәтерлер берілді. Қазіргі таңда, жалдамалы үй алмай кезектерін күтіп жүргендер аз емес. Алдағы уақытта кезекте тұрған азаматтарға үй беру жоспарларыңызда бар ма?
Дүйсебаев Әбдімәлік - Сарыағаш қаласының тұрғыны |
4. Кезекте тұрған азаматтарға арендалық тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі. 1. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру; 2. Сатып алынған үйлерді кезектегі азаматтарға табыстау. |
2024 жыл
1. 01.10.2024 ж.
2. 30.12.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
Жеке инвестор есебінен салынған Сарыағаш қаласы N4,5,6 көшелерінде орналасқан құрылыс жұмыстары 2024 жылы 30 желтоқсан күні аяқталған. Аталған тұрғын үйлерді кезекте тұрған азаматтарға беру мақсатында 21.11.2024 жылы тұрғын үй комиссиясында қаралып, арендалық тұрғын үйлерді беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. |
|
5. |
5. Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданы, Ерейментау көшесінде орналасқан үйіме табиғи газ кіргізіп беруіңізді сұраймын.
Нұрмахамбетова Маржан - Сарыағаш қаласының тұрғыны
|
5. Жеке тұрғын үйлерге табиғи газды арнайы лицензиясы бар жеке меншік мекемелермен келісім-шартқа отыру арқылы қосу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
2024 жыл
07.06.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өңірлік филиалы (келісімі бойынша) |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тапсырысымен, Сарыағаш қаласы, Самал-3 мөлтек ауданын табиғи газбен қамтамсыз ету мақсатында 2019-2020 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Тұрғын тарапынан көтерілген мәселе бойынша 2024 жылдың
|
|
6. |
6. 585 көп қабатты коммуналдық тұрғын үй алған азаматтардың өздері үйде тұратындығы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізілсе?
7. Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту дұрыс деңгейде жүргізілмеуде, мәзірдегі тамақтар дұрыс берілмейді.
Рабиға Ермуратова - Сарыағаш қаласының тұрғыны |
6. Жұмысшы топ құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізу. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, үй егелеріне қатысты заң аясында тиісті шараларды қабылдау. |
2024 жыл
25.07.2024 ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы
Сарыағаш ауданының әкімдігі |
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау |
Аудан әкімінің 09.07.2024 жылғы №32 шешімімен арендалық тұрғын үйлердегі жалға алушылардың өздері тұрып жатқанына талдау жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылған. 2024 жылы 585 пәтерлерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру нәтижесіне сәйкес 6 пәтер иелері өздері тұрмағаны үшін пәтерлерді босатқан. Сонымен қатар, жұмысшы топ мүшелерімен тұрақты түрде тексеріс жұмыстары жүргізілуде. |
|
7. |
7. Жұмысшы топ құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізу. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, заң аясында жауапты тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау.
|
2024 жыл
10.08.2024 ж. |
Облыстық білім басқарамсы
|
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау |
Барлық білім беру ұйымдарында бракеражды комиссия құрылған. Комиссия құрамындағы мектеп директоры, әлеуметтік педагог және басқа да мүшелері күнделікті өз құзіреті шегінде тағамның сапасына, ас мәзірі бойынша берілуін қадағалап, акт жасап өнім берушілерге ескертпелер жасалуда. Қазіргі таңда заң бұзушылықтар анықталмаған.
|
|
|
8. |
8. Құлтума елді мекенінен спорт алаңшасын салып берсеңіз.
Жораев Серік - Құлтума елді мекенінің тұрғыны
|
8. Спорт алаңшасын салу мәселесі. 1. Спорт алаңшасына қажетті жер телімін бөлу; 2.Сметалық құжаттамасын әзірлеу; 3. Бюджеттен қажетті қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; 4. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу; 5. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп пайдалануға беру.
|
2025 жыл
1. 20.07.2024 ж.
2. 20.09.2024 ж. 3. 20.12.2024 ж.
4. 01.03.2025 ж.
5. 01.06.2025 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
Құлтума елді мекені аумағынан спорт алаңшасы құрылысы үшін 0,20 га жерге (кадастр №19-296-054-145) құжат алынып, жер учаскесін уақытшы өтеусіз пайдалануға беру туралы 24.10.2024 жылғы №232 санды шешімі шықты. Спорт алаңшасының құрылысын жүргізге сметалық құжаттары әзірленді. Сметалық құны 28,5 млн теңге. Бүгінгі таңда жергілікті бюджеттен қаржысы бөлінген. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылатын болады. |
|
9. |
9. Таскескен елді мекеніндегі Астана, Тау самалы, Көктөбе, Жаңа мекен көшелеріне асфальт төсеуге ықпал жасауыңызды сұраймыз.
10. Таскескен елді мекеніндегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысын салу мәселесі шешіледі ма екен?
Батрханов Тохтар - Таскескен елді мекенінің тұрғыны.
|
9. Таскескен елді мекені көшелерінің жол мәселесін шешу. 1. Мемлекеттік сатып алу рәсімін аяқтап, келісім шарт түзіп, жұмыстарды бастау; 2. Көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтап, пайдалануға беру.
|
2024 жыл
1. 01.08.2024 ж.
2. 30.11.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Тегісшіл ауылдық округінің Тегісшіл, Таскескен, Мәдениет елді мекендеріндегі 36 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын (асфальтау) жүргізуге 903,3 млн. теңге қаралған. Оның ішінде Таскескен елді мекенінің Астана, Тау самалы, Көктөбе, Жаңа мекен көшелерінің 2,85 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 92,0 млн теңге бөлінген. Мердігер мекемелер «СБМ и Компания» ЖШС және «Real Stroy Invest» ЖШС-тері тарапынан ағымжағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2024 жылы қазан айында аяқталған.
|
|
10. |
10. Таскескен елді мекенінде 600 орындық мектеп құрылысын салу. 1. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (келісімі бойынша) тарапынан мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізіп, құрылыс жұмыстарын бастау; 2. Мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйесін жүргізуге қажетті қаражатты бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; 3. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын сапалы аяқтап, пайдалануға беру; 4. Мектептің құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, пайдалануға беру. |
2024-2025 ж.ж.
1. 01.09.2024 ж.
2. 20.12.2024 ж.
3. 01.04.2025 ж.
4. 25.08.2025 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық білім басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Таскескен елді мекенінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектеп ҚР Оқу ағарту министірлігінің 24.09.2024 жылғы №3910-3-8645/09-4 хатымен «Жайлы мектеп» жобасы тоқтағанын және мектепке қаралған жерлерді қайтаруды жеткізген. Осы хат негізінде іс-шараның орындалуын бақылаудан алған жөн деп санаймыз. |
|
|
11. |
11. Жаңаталап елді мекеніндегі С.Сейфулин көшесіне шағал тас төсетіп берсеңіз?
Давранбекова Муштари - Жаңаталап елді мекенінің тұрғыны.
|
11. Жаңаталап елді мекеніндегі С.Сейфулин көшесіне шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу. |
2024 жыл
10.06.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі |
Шағал төсеу жұмыстарын жүргізу |
2022 жылы Құркелес ауылдық округі, Жаңаталап елді мекені, Сейфулин, М.Маметова, Б.Касымбеков көшелерінің жалпы 2 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Мердігер «Artd group» ЖШС-і, қаржысы 7040,0 мың теңге. Қазіргі таңда Сейфулин көшесінің тұрғындары өтінішіне сәйкес, пайда болған ақауларын мердігір тарапынан қайта қалпына келтіру мақсатында 01.06.2024 жылы қосымша тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
|
|
12. |
12. Қызылжар елді мекеніндегі Есенбеков, Мергенбай ата, Серікбай ата көшелерін асфальттап берсеңіз.
Ортаев Сейдазім - Қызылжар елді мекенінің тұрғыны. |
12. Көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. 1. Мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру; 2. Көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру. |
2024 жыл
1. 01.09.2024 ж.
2. 30.11.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
Қызылжар ауылдық округі, Қызылжар елді мекендеріндегі 11 көшесінің (О.Есенбеков, О.Есенбеков тұйық, Мекенбай ата, Жансүгіров, Достық, Әйтеке би, Төле би, Жеңіс, Серікбай ата, Бейімбет Малин, Ынтымақ) 7,3 ш.қ. орташа жөндеу жұмыстарын (асфальтау) жүргізуге 317,3 млн. теңге қаралған. Мердігер мекеме «ДОС (GROUP)» ЖШС-гі тарапынан жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2024 жылғы қазан айында аяқталды. |
|
13. |
13. Аудандағы жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруаларға субсидия беру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбейді.
Досымжан Ермұрат -Қызылжар елді мекенінің тұрғыны.
|
13. Аудан шаруаларымен субсидия беру талаптарын түсіндіру бойынша арнайы жиналыс ұйымдастыру. |
2024 жыл
20.09.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
|
Жиналыс ұйымдастыру |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың IV-тоқсанынан бастап жылыжай шаруашылықтарын субсидиялау жұмыстары басталғандығы және өтінімді «gosagro.kz» электронды порталы арқылы жүзеге асыруға болатындығы туралы 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап 5 рет жылыжай иелерімен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, 13.09.2024 жылы аудан шаруаларымен субсидия беру талаптарын түсіндіру бойынша арнайы жиналыс ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге хабарландырулар жарияланған. Бұдан бөлек, Досымжан Ермұраттың «Әмірәлі» ШҚ жылыжайына 2024 жылы мемлекет тарпынан субсидия төленген. |
|
14. |
14. Береке елді мекеніне қашан ауыз су беріледі екен?
15. Менің үйімде қыс айларында жылу қазандығын қосуға газдың қысымы жетпеді, газ қысымын көбейтіп беруіңізді сұраймын
Маратова Мөлдір - Береке елді мекенінің тұрғыны. |
14. Береке елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға беру. |
2024 жыл
01.07.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
2024 жылы Береке елді мекенін ауыз су құрылысын аяқтау үшін 15344,0 мың теңге қаралған. Мердігер «АСТ-Жетіген» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қазан айында пайдалануға берілген. Нәтижесінде ауылдың 510 абоненті немесе 1343 тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілді. |
|
15 |
15. «Келес Транс Газ» ЖШС (келісімі бойынша) тарапынан Береке елді мекенінде газдың қысымын ұлғайту жұмыстарын ұйымдастыру.
|
2024 жыл
10.07.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
«Келес Транс Газ» ЖШС (келісімі бойынша) |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Құркелес ауылдық округі Береке елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуші мекеме «Келес Транс Газ» ЖШС-і тарапынан 2024 жылығы маусым айында табиғи газдың қысымы ұлғайтылып, ретке келтірілген. |
|
|
16. |
16. Дарбаза, Әлімтау, Жылға ауылдық округінің тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін алу үшін Сарыағаш қаласына қатынауға тура келеді. Осыған байланысты ауылдық округтердің бірінен Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесін ашу мүмкіндігін қарастырып берсеңіздер.
Бекмұрзаев Нұржан – Сарыағаш қаласының тұрғыны, қалалық билер алқасының мүшесі. |
16. Дарбаза немесе Жылға елді мекенінен халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесін ашу қажеттілігіне талдау жүргізіп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу. |
2024 жыл
01.10.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы (келісімі бойынша) |
Бөлімше ашу мүмкіндігін қарау |
Дарбаза немесе Жылға елді мекенінен халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесін ашу қажеттілігіне талдау жүргізу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Б.Басымбекке 15.08.2024 жылғы №2854 санды шығыс хаты жолданған. Қазіргі таңда, мемлкеттік қызметтердің 95% www.Egov.kz электронды порталы, «Egov mobile» мобильді қосымшасы мен «Kaspi», «Halyk», «BCC», «Jusan», «Евразийский банк» сияқты екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы алу қолжетімді екенін және EgovMobile қосымшасында операторға бейнеқоңырау арқылы, 1414 нөмірі бойынша Call-орталығына хабарласа отырып мемлекеттік қызметтерді алуға болатынын ескеріп, секторды ашу қажеттілігінің жоқтығы туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының 22.08.2024 жылғы №03-13-21-03/14010 хаты келген. |
|
17 . |
17. Мен көпбалалы анамын, 2012 жылы тұрғын үй кезегіне бюджеттік ұйым қызметкері санатымен тұрған болатынмын. Бүгінгі таңда аталған санат бойынша 11 кезекке келіп, тұрғын үй ала алмай жатырмын. Мемлекеттен тұрғын үй алу үшін кезегімді сақтап, санатымды көпбалалы отбасылар санатына өзгерте аламын ба?
Бейсенова Ақмарал -Сарыағаш қаласының тұрғыны. |
17. Ауданның тұрғын үй комиссиясында қарастырып, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, санатын ауыстыру жөнінде ұсыныс хат жолдау. |
2024 жыл
20.07.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі
|
Заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
Өтініш иесі А.Бейсенованың тұрғын үй кезегінің санатын «көпбалалы отбасылар» санатына ауыстыру мәселесі 30.05.2024 жылы аудандық тұрғын үй комиссиясының отырысында қаралып (№4 хаттамасымен), заң талаптарына сай келмеуіне байланысты, қанағаттандырусыз қалдырылған. Бүгінгі таңда бюджеттік мекеме қызметкері санатында кезекте тұр. Өтініш иесіне Сарыағаш ауданы әкімдігі тарапынан 20.06.2024 жылы №2179 хатпен хабарлама берілді.
|
|
18.
|
18. Баспана алған кезде газды жылу қазандығынан бас тартқызып, орнына электрлік су жылытқыш («Аристон») береміз деген болатын. Алайда осы күнге дейін электрлік су жылытқышты бермей келеді.
Абдукаримов Бақыт – Қашар елді мекенінің тұрғыны |
18. Тұрғындарға газды жылу қазандығының орнына электрлік су жылытқышты («Аристон») орнатып беру. |
2024 жыл
15.09.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі
|
|
2024 жылы Сарыағаш қаласы Бәйтерек көшесіндегі 11 көп қабатты тұрғын үйдің 365 пәтеріне электр су жылытқыш құрылғыларын алу үшін аудандық бюджеттен 16,8 млн теңге қаралып, қазан айында құрылғылар толық орнатылды. |