|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқталу нысаны |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Балтакөл, Маяқұм, Аққұм, Жаңа Шілік елді мекендерінде ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен, Сырдария, Ақкөл елді мекендеріне ауыз жүйесі тартылмаған. Аталған мәселелердің шешілуіне ықпал жасалса. (Апсеметов Адилше - Балтакөл ауылының тұрғыны) |
1. Елді мекендерге ауыз су жүйелерін жүргізу. 1.1. Ақкөл елді мекеніне іздеу, барлау жұмыстарын жүргізіп, сараптама қорытындысын алу.
1.2. Сметалық құжаттама әзірлеу.
1.3. Балтакөл, Маяқұм, Аққұм, Жаңа Шілік, Сырдария елді мекендеріне әзірленген сметалық құжаттамаға республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы бөлдіру.
1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
1. 31.12.2025ж.
1.1. 25.10.2024 ж.
1.2. 25.12.2024 ж.
1.3. 01.01.2025 ж.
1.4. 31.12.2025 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Нысан ның қабыл дау актісі мен пайдалануға беру |
Бүгінгі таңда Ақкөл елді мекенінің жер асты су қоры анықталып, жобалық сметалық әзірленіп (жоба құны 724, 463 млн. тг), 2025 жылы облыстық бюджеттен 70,233 млн. тг қаралды. Сондай-ақ, Сырдария елді мекенінің ауызсумен қамту жобасының сметалық құжаты әзірленіп (жоба құны 360 млн. тг), 2025 жылы облыстық және республикалық бюджеттен 250,309 млн. тг қаралды. Сонымен қатар, Балтакөл, Маяқұм, Аққұм және Жаңа Шілік елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерінің тозуына байланысты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған (Маяқұм е/м– 1 млрд 297,9 млн теңге, Аққұм е/м – 891 млн теңге, Жаңа Шілік е/м – 653,2 млн теңге, Балтакөл е/м – 1084,4 млн теңге). 2025 жылы қаржыландыру үшін облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізілді. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында қаржыландыру жоспарланған. |
|
2 |
Отырар ауданына қарасты Сырдария өзенінің батыс жақ бетіндегі Аққұм, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріне газ құбыры жүргізілсе. (Тоқбергенов Оңалбек - Көксарай ауылының тұрғыны) |
2. Елді мекендерге газ құбырын жүргізу. 2.1. 12 елді мекенге газ жеткізуші магистральдық газ құбырының құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжатын сараптамадан өткізу.
2.2. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.
2.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
2. 30.12.2026 ж.
2.1. 01.10.2024 ж.
2.2. 2024-2025 ж.ж.
2.3. 2024-2025 ж.ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Нысан ның қабыл дау актісі мен пайдалануға беру |
Отырар ауданына қарасты 12 елді мекенді газдандыру үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2024 жылдың мамыр айында сараптама қорытындысы алынды. Сондай-ақ, газ жеткізуші магистральдық газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткізілуде. Аталған жобаларды қаржыландыру үшін 2025 жылы облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізілді. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында қаржыландыру жоспарланған. |
|
3 |
7 ауыл округтеріндегі емдеу мекемелерінің жедел жәрдем автокөліктерінің тозығы жетіп жарамсыз күйге түскен, жаңа жедел жәрдем автокөлігі алынып берілсе. (Байжұман Қалдан - Шәуілдір ауылының тұрғыны) |
3. Ауылдық емханаларға жедел жәрдем автокөліктерін сатып алу. 3.1. Медициналық техникаларды лизинг жолымен сатып алу немесе облыстық бюджеттен қаржы бөлдіру.
|
3. 05.07.2025 ж.
3.1. 2024-2025 ж.ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев
Облыстық денсаулық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Санитарлық автокөліктерді пайдалануға беру
|
Отырар ауданына қарасты денсаулық сақтау мекемелеріне 10 дана санитарлық автокөліктерін сатып алу үшін 2025 жылы облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізілген. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында қаржыландыру жоспарланған.
|
|
4 |
Арыс өзенінен бастау алатын «Д.Алтынбеков» каналының аяқ жақ бөлігінде орналасқан Қоғам, Қарғалы ауыл округтерінің шаруаларына шілде, тамыз айларында су тапшылығы орын алады. Осыған орай, «Д.Алтынбеков» каналының аяқ жақ бөлігін 16,8 шқ бетондаса, каналға қосымша су айдайтын «Қызыл-Ту» насос станциясын қайта қалпына келтірсе, Маяқұм, Есіркеп каналдарының бас тоспалары салынса, Құлан каналын мемлекетке қайтарса, Р-1 каналының Ордабасы ауданында орналасқан бөлігін бітіруге жәрдем берілсе. (Жаймырза Әбдіхалық Нұрмаханұлы - Шәуілдір ауылының тұрғыны) |
4. Д.Алтынбеков каналының 16,8 шқ бетондау, «Қызыл-Ту» насос станциясын қайта қалпына келтіру, Маяқұм, Есіркеп каналдарының бас тоспаларын салдыру, Құлан каналын мемлекет меншігіне қайтару, Р-1 каналын бетондау. 4.1. Д.Алтынбеков каналының 16,8 шқ бетондау үшін жобалық сметалық құжаттың сараптама қорытындысын әзірлеу;
4.2. Маяқұм, Есіркеп каналдарының бас тоспалары салдыру және «Қызыл-Ту» насос станциясын қайта қалпына келтірудің жобалық сметалық құжатын әзірлеу.
4.3. Әзірленген сметалық құжаттамаларға Су ресурстары және ирригация министрлігі арқылы қаржы бөлдіру. 4.4. Құлан каналын заңға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару. 4.5. Ордабасы ауданында орналасқан Р-1 каналын «Тұран-Су» МКК арқылы бетондау. |
4. 30.11.2025 ж.
4.1. 01.09.2024 ж.
4.2. 30.07.2025 ж.
4.3. 25.11.2025 ж.
4.4. 30.11.2025 ж.
4.5.30.06.2025 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев
«Қазсушар» РМК-нің Түркістан облыстық филиалы (келісімі бойынша)
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Түркістан облысының жер инспекциясы департаменті (келісімі бойынша)
Отырар ауданының әкімдігі
|
Нысан ның қабыл дау актісі мен пайдалануға беру |
Д.Алтынбеков каналының 16,8 км бетондау үшін жобалық сметалық құжаты әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. «Қазсушар» РМК тарапынан 2025 жылғы республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Маяқұм, Көксарай каналдарына бас тоспа салу және бетондау үшін жобалық сметалық құжат әзірлеу жоспарлануда. 2024 жылы Ақкөл каналына бас тоспаның құрылысы жүргізілді, сондай-ақ, 2025 жылы Есіркеп Беларық каналдарының бас тоспаларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. «Тұран су» ШЖҚ МКК тарапынан 2020-2022 жылдары Отырар ауданында орналасқан 11 шақырымды құрайтын Р-1 каналына бетондау жұмыстары аяқталған. 2023 және 2024 жылдары облыстық бюджеттен 886,0 млн теңге қаралып, «Тұран су» ШЖҚ МКК тарапынан Р-1 каналының Ордабасы ауданында орналасқан 8,29 шақырым бөлігіне бетондау жұмыстары жүргізілген. Қалған 2 шақырымды бетондау үшін ЖСҚ әзірленіп (құны 306 млн тг), 2024 жылы қаржыландыру үшін Ислам даму банкіне өтінім берілген. 2025 жылдың наурыз айында Р-1 каналына ағын су жіберу жоспарлануда. |
|
5 |
5.1. Инвесторға қосымша талаптар қойып, келісім шартқа енгізу қажет. - Мақта өнімін өндіру жұмыстарына 90 пайыз жергілікті азаматтарды қамту; - 2 жыл сайын пайдаланған жердің құрамын тексеріп, сараптама жүргізу, жердің құнарлығы нашарласа қайтарып алу; - Шаруаларға жайылым жер мәселесін қарастыру. (Есжанов Мұхтар – аудандық мәслихат депутаты). |
5.1. Заңға сәйкес инвестициялық жоба бойынша әзірленетін келісім шартқа қосымша талаптар енгізу. 5.2. Шаруаларға бос жатқан жайылымдық жерлерді ұсыну.
|
5.1.30.12.2024 ж.
5.2.30.11.2024 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
«Turkistan» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы
Түркістан облысының экология департаменті (келісімі бойынша)
Түркістан облысы бойынша жер инспекциясы департаменті (келісімі бойынша) Отырар ауданының әкімдігі |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Отырар ауданында инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында Отырар ауданы Қарақоңыр ауыл округіне қарасты «Сырдария-Арыс» (ШПК) каналы бойынан 53 339 гектарды құрайтын 185 агроқұрылымдардың жер учаскелері таңдалып, бүгінгі таңда 83 агроқұрылымның пайдалануындағы 36748,4 гектар жер учаскелері «Turkistan» ӘКК-мен сатып алынды. «Түркістан» ӘКК» АҚ мен «Алтын дала мақта» ЖШС арасында Арыс ауданындағы 1120 га алқапқа су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып мақта өсіру инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша жасалған бірлескен қызмет ету шарты бойынша Инвесторға жылына 2 рет топырақ жағдайына талдау жасау міндеттелген. Бүгінгі таңда инвестициялық жобаның келесі кезеңіне қажетті жер телімдері анықталып «Түркістан» ӘКК» АҚ пайдалануына өткізіліп жатыр. Жер телімдері толық өткеннен соң нақты көлемі анықталып, Инвестормен жобаны бірлесе жүзеге асыру шарты жасалатын болады және хаттамада көрсетілген барлық шарттарды қамтиды. |
|
5.2. Аудан салығы 2021 жылы 1 млрд. 700 млн. тг. болса, 2023 жылы 5 млрд. 800 млн. тг. болған, 70 пайызы облысқа кетіп жатыр, осы қаржы ауданға бөлінсе. (Есжанов Мұхтар – аудандық мәслихат депутаты). |
5.2. Бюджетті қалыптастыру барысында заңға сәйкес қарастыру. |
30.12.2024 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Отырар ауданының әкімдігі |
Бюджетті қалыптастыру |
2023 жылы салықтық түсімдердің нақты түскені 5 млрд. 167 млн. теңге, оның ішінде реттелуші салықтар бойынша 4 млрд. 560 млн. теңге. Реттелуші салықтардың орташа бөлу нормативі бойынша ауданға түсімдердің 43% бағытталған. Яғни нақты түскен 4 млрд. 560 млн. теңгенің ішінде 1 млрд. 979 млн. теңгесі ауданға тиесілі еді. Алайда бөлу нормативінің 50% дан жоғары облыс бюджетіне жіберілуі «Саутс Ойл» ЖШС мекемесінің 2021-2022 жылдары төлеуге тиіс сомаларының төленуі есебінен. Нақты айтқанда, 2023 жылы «Саут Ойл» мекемесі жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығы бойынша 1 млрд. 451 млн. теңге төлеген болса, оның ішінде 1 млрд. теңгесі 2021-2022 жылдың салықтары. 2024 жылы жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтар бойынша бөлу нормативі 46,4% құраған. 2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджеті негізгі салықтық түсімдер нормативі 50/50 пайызбен бекітілді (корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, шетел азаматтарының табыс салығы, әлеуметтік салық). Қалған салықтық түсімдер аудан меншігіне 100 пайызды қамтиды. |
|
|
5.3. «Заречный» ҚРҚ БК АҚ мекемесі тарапынан әлеуметтік көмек берілсе. (Есжанов Мұхтар – аудандық мәслихат депутаты). |
5.3. «Заречный» ҚРҚ БК АҚ-на ұсыныс енгізу. |
30.11.2024 ж. |
(Облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров)
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысы
Отырар ауданының әкімдігі |
Ұсыныс хат жолдау
|
«Қызыл-Ту» насос станциясына қажетті насос қондырғыларын орнату және 700 метр каналды бетондау бойынша «Заречное» ҚРҚ БК АҚ басшысы Қ.Нұржановқа 02.09.2024 жылы №40-10-14/301 санды хаты жолданған. Ұсынылған бірқатар жобаларды қаржыландыру күтілуде. Сондай-ақ, «Заречный» АҚ кәсіпорны тарапынан Көксарай ауылының әлеуметтік аз қамтылған 14 отбасыға азық-түлік себеті, ауыл округіне қарасты екі балабақшаның 100 тәрбиеленушілеріне силықтар тарқатылды. |
|
|
5.4. Түркістан облысында туризм дамуда, туристер Арыстанбаб кесенесі мен Түркістанға ғана барады, бізде үлкен мүмкіншілік бар, Маяқұм ауылындағы Әл-Фарабидің туған жері «Оқсыз қала жұртын» дамыту қолға алынса (ұлттық ойын түрлерін өткізу, спорт, т.б). (Есжанов Мұхтар – аудандық мәслихат депутаты). |
5.4. Туризмді дамыту мүмкіндіктерді қарастырып, ұсыныс енгізу. |
30.11.2024 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев
Облыстық туризм басқармасы
Облыстық мәдениет басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Зерделеу жасап, ұсыныс енгізу |
Маяқұм ауылындағы Әл-фарабидің туған жері «Оқсыз қала жұртын» дамыту үшін бірінші кезекте археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, ғылыми негіздеме қорытындысын алу және экономиқалық тиімділігін анықтау қажет. Сондай-ақ, Маяқұм ауылында орналасқан «Оқсыз қала жұртына» инфарқұрылым жүйелерін жүргізу (жол салу, электр жүйелерін жүргізу, сервистік қызметтер т.б.) және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қомақты қаржыны талап етеді. Отырар ауданы тарихи ескерткіштерге бай. Мәселен, ауданда «Арыстанбаб» кесенесі, Отырар қалашығы, Отырар музейі және «Оқсыз қала жұрты» т.б тарихи аргеологиялық нысандар орналасқан. Бүгінде облыс әкімдігімен Отырар ауданының туризм саласын дамыту бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, Отырар ауданы туристік әлеуетін ескере отырып «Арыстанбаб» кесенесі, «Оқсыз» қалажұрты және Отырар қалашығы, Отырар музейі туристік маршруттарға қосу туралы туристік бизнес өкілдерін ақпараттандыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде және алда ұйымдастырылатын ақпараттық турлар тізіміне қосу, сонымен қатар туристік нысандардың паспортын, жол сілтегіштерін стандартқа сәйкестендіру бойынша жұмыстар атқару жоспарлануда. |
|
|
5.5. Көп жылдан бері жөндеу көрмеген «Көксарай-Балтакөл» автожолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе. (Есжанов Мұхтар – аудандық мәслихат депутаты). |
5.5. Облыстық маңызы бар «Көксарай-Балтакөл» автожолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжатын әзірлеу. 5.5.1. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.
5.5.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
5.5. 30.10.2024 ж.
5.5.1. 2024-2025 ж.ж.
5.5.2. 2024-2025 ж.ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Нысан ның қабыл дау актісі мен пайдалануға беру |
Отырар ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-23 «Ақкөл – Балтакөл – Көксарай» автомобиль жолының 0-77,5 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірленіп (жоба құны 5,29 млрд тг), 2022 жылы желтоқсан айында сараптама қорытындысы алынған. 2025 жылы қаржыландыру үшін облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс енгізілген. Алайда, бюджеттік комиссиямен қолдау таппаған. |
|
|
5.6. Маяқұм ауылында ұялы телефон байланысы нашар. Осыған көңіл бөлінсе. (Есжанов Мұхтар – аудандық мәслихат депутаты). |
5.6. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, байланыстың сапасын жақсарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу. |
2024-2025 ж.ж. |
Облыс әкімінің аппарат басшысы Е.Әлімқұлов
Облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы
Отырар ауданының әкімдігі |
Зерделеу жасап, ұсыныс енгізу |
Маяқұм ауылындағы «Кар-Тел» ЖШС тарапынан базалық байланыс станциясына модернизация жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының цифрлық телекоммуникация картасына сәйкес 4G деңгейлі байланыспен қамтылған. Бүгінгі таңда мобильді интернет 31 мбит/с жылдамдықта қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, Маяқұм ауылында «Кcell» АҚ 3 G дейгейлі базалық байланыс станциясы қызмет көрсетеді. Бұл жөнінде М.Есжановқа 04.10.2024 жылы № 40-10-01/1859 санды түсіндірме хаты жолданған. |
|
|
5.7. Маяқұм ауылдық ауруханасынан жататын орын ашылса. (Есжанов Мұхтар – аудандық мәслихат депутаты). |
5.7. Заңға сәйкес Маяқұм ауылдық ауруханасынан жататын орын ашу мүмкіндігін қарастырып, жауап беру. |
25.08.2024 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Зерделеу жасап өтініш иесіне жауап беру
|
Өтініш иесі М.Есжановқа Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының 27.08.2024 жылғы №21/3776 санды түсіндірме хаты жолданған. |