Жалпы мәселе саны – 8
Орындалғаны – 4
Орындалу үстінде – 3
Орындалмағаны – 1 (жауапты - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы)
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
||||||
|
1 |
«Ауыл аманаты» бағдарламасының VI бағыты бойынша пластикалық терезе-есік жасайтын цех ашуға барлық құжаттарымды жинап, тапсыруға дайынмын. Несиелендіру мәселесі жақын арада басталса, кәсіпті қолайлы уақытта ашуға мүмкіндік болар еді?
Баймбетов Асанәлі - Боралдай ауылының тұрғыны. |
1.1. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несиелендіру үшін Республикалық бюджеттен берілетін қаржыларды бөлу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу.
|
30.08.2024 ж.
|
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
ОРЫНДАЛМАҒАН
Республикалық бюджеттен қаржы тапшылығына байланысты «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеке тұлғалар 2024 жылға қаржы бөлінбеді. 2025 жылға қаржыландыру жоспарлануда.
|
|
2 |
Қарақұм ауыл округіндегі 2 канал жерарық болуына байланысты су шығыны жылдан жылға артып, су тапшылығы орын алуда. Осыған байланысты Р-7 және Құрманбек каналдарына бетондау жұмыстары жүргізілсе.
Досым Құрманбек - Қарақұм ауылының тұрғыны. |
2. Р-7 және Құрманбек каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
2.1. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.
2.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
2.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.
|
02.12.2026 ж.
2.1. 03.10.2024 ж.
2.2. 24.02.2025 ж.
2.3. 02.12.2026 ж. |
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ
«Құрманбек» және «Р-7» каналдарын күрделі жөндеуден өткізу бойынша ЖСҚ әзірленіп, 2023 жылы сараптама қорытындысы алынды. «Ислам даму» банкі арқылы қаржыландыру бойынша 2025 жылдың жоспарына енгізілді (жоба құны – 3,7 млрд.тг.).
|
|
Инфрақұрылым саласы |
||||||
|
3 |
Қажымұқан ауыл округіндегі Көктөбе ауылына табиғи газға қосу мәселесі шешімін тауып, күн суымай тұрғын үйлерге табиғи газ кірсе екен деген өтінішім бар.
Оразбаев Нұрсапар - Көктөбе ауылының тұрғыны. |
3. Табиғи газбен қамту құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.
|
27.12.2024 ж.
|
Ордабасы ауданының әкімдігі
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру. |
ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ
Табиғи газбен қамту құрылысына 2023 жылы ЖСҚ әзірленген. «Ақбастау К» ЖШС-мен келісімшарт түзіліп, құрылыс жұмыстары жүруде. Елді мекенді ақпан айында көгілдір отынға қосу жоспарлануда.
|
|
Абаттандыру саласы |
||||||
|
4 |
Төрткүл ауылынан өтетін Батыс Қытай – Батыс Еуропа жол бойындағы аспалы көпір нысаны бірнеше жыл бұрын салынып, ел игілігіне пайдаланылып келді. Бүгінде ескіріп, тозығы жетті. Жаңартып, ретке келтірілуіне ықпал естеңіз?
Айтбаев Құралсын - Төрткүл ауылының тұрғыны. |
4. Төрткүл ауылынан өтетін Батыс Қытай – Батыс Еуропа жол бойындағы аспалы көпір нысанын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу.
|
30.09.2024 ж.
|
«ҚазАвтоЖол» АҚ мекемесі (Келісімі бойынша)
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
ОРЫНДАЛҒАН
«ҚазАвтоЖол» АҚ мекемесі тарапынан аспалы көпірдің шатыры жаңартылып, ретке келтірілді.
|
|
Білім саласы |
||||||
|
5 |
Елшібек батыр ауылындағы «Төрткүлтөбе» жалпы орта мектебі бүгінгі күнге тозығы жетіп, талапқа сай келмеуде. Естуіміз бойынша мектептің құжаттамасы қайта жаңартылып, қолға алынуда екен. Осы мәселенің оң шешіміне ықпал етуіңізді сұраймыз?
Әбдіманап Рамазан - Елшібек батыр ауылының тұрғыны. |
5. Елшібек батыр ауылынан жаңа мектеп ғимараты құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру. 5.1. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.
5.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
5.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
02.12.2025 ж.
5.1. 03.11.2024 ж.
5.2. 24.01.2025 ж.
5.3. 02.12.2025 ж.
|
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық білім басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ
2023 жылы ЖСҚ-на түзетулер енгізіліп, 2024 жыл соңында мектеп құрылысының қаржысы қаралды. Мердігер «КДСМ» ЖШС-мен келісімшарт түзілді (жоба құны – 1,6 млрд.тг.). Құрылыс жұмыстары (жер қазу, тегістеу) жұмыстары жүргізілуде. Мектепті жоспарға сәйкес 2025 жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
Денсаулық саласы |
||||||
|
6 |
Бөген ауыл округіндегі дәрігерлік амбулаторияның тозығы жетіп, 5 жылдан бері тұрғын үй ғимаратында қызмет көрсетіп келеді. Өзіңіздің қолдауыңызбен ауылда жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып жатыр. Осы құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға берілсе деген сұранысымыз бар.
Шәмет Бектай - Бөген ауылының тұрғыны.
|
6. Бөген ауыл округінен жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру. 6.1. Келісімшартқа сәйкес бекітілген қаржы көлемін толық бөлінуін қамтамасыз ету.
6.2. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
27.12.2024 ж.
6.1. 03.10.2024 ж.
6.2. 27.12.2024 ж.
|
Облыстық құрылыс басқармасы
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
ОРЫНДАЛҒАН
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Бөген ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіліп, 23.12.2024 жылы пайдалануға берілді. |
|
Жер саласы |
||||||
|
7 |
Жасы 40-қа келген балам жер кезегіне тұрғанына біраз жылдар болды. Бүгінгі күнге дейін тиісті жер учаскесін алмады. Осы мәселені бақылауға алсаңыз.
Тоқпанбет Дариға - Темірлан ауылының тұрғыны. |
7. Кезекте тұрған азаматтарды жер учаскесімен қамту бойынша зерделеп, өтініш иесіне түсіндіру.
7.1. Жер кезегін анықтап, өтініш иесіне жауап жолдау.
|
19.08.2024 ж.
7.1. 19.08.2024 ж.
|
Ордабасы ауданының әкімдігі
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
ОРЫНДАЛҒАН
Ұлы – Д.Балабиев, 24.04.2007 жылы тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алуға өтініш білдіріп, №296 кезекке тіркелген. Алдағы уақытта, инфрақұрылым жүйелері қамтылған аумақтардан кезекке сәйкес жер берілетіні жөнінде түсіндірілді. |
|
8 |
Қызылжар ауылындағы жайылым жерлердің нысаналы мақсаты суармалы жерлерге ауысуын заң аясында зерделеп, тиісті шаралар қабылданса.
Раманқұлов Ізбасар - Қызылжар ауылының тұрғыны. |
8. Жайылым жерлердің нысаналы мақсаты суармалы жерлерге ауысуы бойынша зерделеп, өтініш иесіне түсіндіру.
8.1. Жайылым жерлердің нысаналы мақсаты суармалы жерлерге ауысуы бойынша зерделеп, өтініш иесіне жауап жолдау. |
19.08.2024 ж.
8.1. 19.08.2024 ж.
|
Облыстық жер қатынастары басқармасы
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
ОРЫНДАЛҒАН
Төрткөл ауылдық округінен А.Амировке Ордабасы ауданы әкімдігінің 30.03.2000 жылғы №219 санды шешімімен жалпы 23,2 га, оның ішінде 15,6 га суармалы және 7,6 га жайылымдық жер учаскелері бөлініп берілген. Оның ішінде, 11,11 га суармалы егістік жеріне сәйкестендіру актісі рәсімделген. Қалған 4,25 га суармалы егістік жер телімі А.Амировтің өтініші негізінде басқа алқапқа ауыстырылып, Ордабасы ауданы әкімиятының 26.04.2004 жылғы №869 санды қаулысымен 49 жылға жалға бөлініп берілген. Аталған 4,25 га және бастапқы қаулымен берілген 7,6 га жайылымдық жер телімі, жалпы ауданы 11,85 га жер теліміне 16.07.2004 жылы сәйкестендіру актісі рәсімделіп, Төрткөл ауыл округінің Қызылжар елді мекені жанындағы жайылымдық алқапқа орналастырылған. Жер пайдаланушы А.Амировтың өтініші негізінде Ордабасы ауданы әкімдігінің 26.04.2018 жылғы №186 санды қаулысымен 7,6 га жайылымдық жер суармалы егістік алқабына ауыстырылған. Қазіргі таңда, жалпы ауданы 11,85 га жер телімі суармалы егістік ретінде пайдаланылуда. Ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімдерінің нысаналы мақсаты заңнама талаптарына сәйкес өзгертілгені жөнінде өтініш иесіне түсіндірілді. |