Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесудегі (03.05.2024 ж.) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Орындалуы

 

Денсаулық сақтау саласы

1

1. Еңбекші ауылдық округі, Шұғыла, Нұрлытаң  елді мекендеріндегі  медициналық нысандар болмауына байланысты елді мекендерге  медициналық нысандар салынса екен, осы өтінішімізді өз бақылауыңызға алсаңыз.

Еңбекші ауылдық округі ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шымбаев Нұралы.

 Шұғыла және Нұрлытаң  елді мекендерінде  медициналық нысандар құрылысын жүргізуге бөлінген қаржының мақсатты игерілуі және құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынсын.

 

30.12.2024 ж.

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

2024 жылдың маусын айында Еңбекші а/о Шұғыла және Нұрлытаң елді мекендеріндегі фельдшерлік акушерлік-пункттерінің құрылыс жұмыстары басталып, 2024 жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 25-желтоқсан күні пайдалануға берілді.

 

 

    Ауыл шаруашылығы саласы

2

2.Мақта шаруашылығын субсидияландыру  мәселесі.

Бөриев Кенжебек – Атакент кентінің тұрғыны

 

 Шаруаларға мақта шаруашылығын субсидиялау шарттары  туралы түсіндіру шараларын жүргізу.

 

 

Тұрақты

 

Облыс әкімінің орынбасары (Е.Кенжеханұлы)

 

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

 Жалпы мақта дақылына және егістік гектарына берілетін субсидия қазіргі таңдатолығымен тоқтатылған. Мемлекет тарапынан бүгінгі шаруаларды қолдау мақсатында, сатып алынған тұқымына 50%ға дейін, минералды тыңайтқышқа отандық өніміне 60 %, шет мемлекеттік тыңайтқышқа (Ресей, Өзбекстан т.б) 50 %, сонымен қатар гербецид пестецидтерге 50% - ға дейін субсидия төленеді. 2023 жылдан бастап жылы жай шаруашылығына кеткен шығынды өтеу мақсатында әр гектарына субсидия төлеу жұмыстары басталғандығы туралы түсіндірілді.

 

Білім саласы

3.

3. №3 А.Пушкин атындағы  жалпы орта мектебі  аудан орталығында орналасқан,  1000-ға жуық оқушы білім алатын, үлкен мектеп болып саналады.  Мектеп ғимараты 1967 жылы пайдалануға берілген, қазіргі таңда әбден тозығы жеткен,  мектепке күрделі жөңдеу жұмыстарын өткізуді сұраймыз.

Ердешев Махамбет – аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

 №3 А.Пушкин атындағы  жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

01.09.2024 ж.

Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)

 

Облыстық білім басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Мақтаарал ауданы білім бөлімінің А.Пушкин атындағы  №3 жалпы білім беретін мектебінің күрделі жөңдеу жұмыстарына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 725, 857  мың теңге қаралып,  мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде "Ремстрой" ЖШС жеңімпаз мердігер ретінде анықталып, 25.04.2024 жылғы №53 санды келісім-шартқа сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Күрделі жөндеу жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған

Қазіргі таңда 2024 жылға жоспарланған мектептің оқу ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары 100% орындалып аяқталып, оқу-тәрбие процесі жүргізілуде. 2025 жылға жоспарланған сыртқы абаттандыру (ойын алаңшалары т.б сол сияқты) жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.

 

Басқа мәселе

4.

4. 2020 жылы 1 мамырда Сардоба су қоймасының бұзылуына байланысты Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үйлерге өтемақы төлеу бойынша Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы, аудандық мәслихат төрағасы Қадыр Тұранұлы және 32 адамнан тұратын құрылған комиссияның үстінен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                   іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментіне                      2022 жылдың 28 шілдесінде арызданған. Осы уақытқа дейін қорытындысын ала алмай жүр.

 

Иманбетов Темірбек 

Жаңажол ауылдық округі, Жеңіс елді мекенінің тұрғыны

 Көтерілген мәселе бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, түсіндірме алу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментіне сұраныс хат жолдау.                    

 

 

01.07.2024 ж.

Түркістан облысы әкімінің аппараты (мемлекеттік құқықтық бөлімі)

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

      Көтерілген мәселе бойынша департаментке хат жолданып, жауап алынған. Нәтижесінде көрсетілген фактілердің расталмауына және қылмыстық құқық бұзушылықтың орын алмағанын растайтын дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты, құжжаттар қараусыз қалдырылған.    

 

 

Дата публикации
10 января 2025