|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
Кездесу (19.07.2024 ж) |
||||||
|
Тұрғын үй және коммуналдық саласы |
||||||
|
1
|
1. Былтырғы жылы Ақбастау ауылдық округі Жолғабас елді мекеніне газ құрылысы жүргізілген болатын. Сол қашан қосылады (Ақбастау а/о, Жолғабас е/м тұрғыны, Тасболатова Айгүл Жолғабас мектебінде медбике)
|
1.Жолғабас елді мекеніне газ қосу.
1.1 Жолғабас е/м жеткізуші газ құбырының жұмыстарын аяқтау.
1.2.Газ құбырына сығымдау жұмыстарын жүргузу.
1.3.Табиғи газды қосу.
|
2024 жыл 1.1. Тамыз 2024 жыл 1.2. Қыркүйек 2024 жыл 1.3. Қараша 2024жыл
|
Бәйдібек ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды. 1. Жолғабас елді мекеніне жеткізуші газ құбырының құрылыс жұмыстары 2024 жылдың тамыз айында толығымен аяқталды. 1.2. Жолғабас елді мекені 2024 жылы тамыз айында газ құбырына сығымдау жұмыстары жүргізілді. 1.3. Жолғабас елді мекені 2024 жылы тамыз айында табиғи газға қосылды.
|
|
2 |
2. Жоғарғы Боралдай елді мекенінде газ құрылысы 2023 жылы басталған. Алайда, ауылға келетін жеткізуші газ құбыры әлі жүргізілмеген. 2024 жылы елді мекен тұрғындары көгілдір отынды пайдалана алады ма? (Боралдай а/о, Жоғарғы Боралдай е/м тұрғыны, Кадиров Тыныбек зейнеткер)
|
2. Жоғарғы Боралдай елді мекенінде газ қосу.
2.1. Жеткізуші газ құбырының жұмыстарын аяқтау. 2.2.Сығымдау жұмыстарын жүргізу. 2.3.Табиғи газды қосу
|
2024 жыл
2.1. 15 желтоқсан 2024 жыл 2.2. 15 желтоқсан 2024 жыл 2.3. 20 желтоқсан 2024 жыл 2.4. 17 қаңтар 2025 жыл
|
Бәйдібек ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде: 2. Жоғарғы Боралдай елді мекеніне газ қосу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2.1. Елді мекенге жеткізуші газ құбырының жұмыстары жүргізілуде. 2.2. Газ жүйесін сығымдау жұмыстары толығымен жүргізілді. 2.3.2024 жылдың желтоқсан айында табиғи газ толығымен босатылатын болады. 2.4.Қазіргі таңда құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде нысан 2025 жылдың 17 қаңтарында табиғи газ толығымен қамтылатын болады. |
|
Жол саласы |
||||||
|
3 |
3. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қызылжар елді мекеніне кіре беріс аудандық маңызы бар 4,2 шақырым автомобиль жолын жөндеуден өткізіп берсеңіздер деген ұсынысым бар(Жамбыл а/о, Қызылжар е/м тұрғыны, Тұрлыбеков Сейділда зейнеткер) |
3. Қызылжар елді мекенінің кіре беріс жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
2024-2025 жылдар
3. Қараша 2024 жыл |
Бәйдібек ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалды. Жамбыл ауылдық округі, Қызылжар елді мекеніне кіре беріс аудандық маңызы бар 4,2 шақырым автомобиль жолына (жалпы құны 159,5 млн.теңге) орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы қараша айында толығымен аяқта лып, пайдалануға берілді. |
|
Құрылыс саласы |
||||||
|
4 |
4. Мыңбұлақ елді мекеніндегі ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану үшін округ орталығынан спорт кешені салынса деген ұсынысымыз бар еді. Осыған қолдау көрсетсеңіз (Мыңбұлақ а/о, Мыңбұлақ е/м тұрғыны, Қошанов Кіребек зейнеткер) |
4. Спорт кешенінің құрылысын жүргізу.
4.1. Жобалық сметалық құжаттама әзірлеу 4.2. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 4.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
2024-2026 жылдар
4.1. Тамыз 2024 жыл
4.2. 2025 жыл
4.3. 2025-2026 жылдары
|
Дене шынықтыру және спорт басқармасы,
Құрылыс басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Бәйдібек ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Орындалу үстінде: 4.Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысына жоба әзірлеуге 2,7 млн. теңге қаржы аудандық бюджеттен қаралды. 4.1 Жобалаушы мекеме «Дару Проект ЖШС». 21.08.2024 жылы № PROFE-0504/24 санды сараптаманың оң қорытындысы алынды. 4.2 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру бюджеттік өтінім ұсынылды. Алайда, бюджеттік комиссия тарапынан қолдау таппады. 2025 жылға арналған бюджетті нақтылау барысында ұсынылатын болады. |