|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
2024 жыл (11.05.2024 ж.) |
|
|||||
|
Жол саласы |
|
|||||
|
1. |
1. Арыс қаласына кіре берісте орнатылған аркадан бастап жолдың бойын жарықтандыру мәселесі бірнеше рет көтерілген, алайда әлі күнге дейін шешімін таба алмауда. Мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіз.
Арыс қаласының тұрғыны Жүніс Әбдісаттар.
|
1. КХ-8 Арыс - Шымкент автомобиль жолының (209-216,5 шқ) қалаға кіре беріс аркадан бастап мешітке дейінгі 7,5 шақырым аралығына жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.
|
02.12.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов)
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Арыс қаласына кіреберіс КХ-8 автомобиль жолын жарықтандыруға жалпы құны 112,4 млн теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылға 71,6 млн теңгеге конкурс жеңімпазы болып «Барнур» ЖШС-сы танылған. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. Тапсырыс беруші Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. |
|
2. |
2.1. Сырдария тұрғын ауданындағы «Қалдыкүл ана» балабақшасына баратын кірме жолға асфальт төселсе.
2.2. С.Адамбеков мектебіне қаладағы Наурыз тұрғын ауданынан оқушылар автокөлік жүретін жолмен келіп оқиды. Мектепке дейінгі 400 метр жерге аяқжол салынса, балалардың жүріп-тұру қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін еді. Осы мәселенің шешілуіне ықпал етсеңіз.
Арыс қаласының тұрғыны Базарбаев Нахан. |
2.1. Сырдария тұрғын ауданындағы «Қалдыкүл ана» балабақшасына баратын кірме жолға асфальт салу мәселесін зерделеіп, ұсыныс енгізу.
|
11.11.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров)
Арыс қаласының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу |
Қазіргі таңда Қалдыкүл ана бала-бақшасына баратын кірме жолға асфальт жабындысын төсеуге 4,029 млн. теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленген. Бюджет мүмкіншілігіне қарай жұмыс жүргізілетін болады. |
|
2.2. С.Адамбеков мектебіне қаладағы Наурыз тұрғын ауданынан келіп оқитын оқушылар жүретін жолға аяқжол салу жұмыстарын жүргізу. 2.2.1. Сметасын әзірлеу.
2.2.2. Аяқжол салу жұмыстарына қажетті қаржыны бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
2.2.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
29.12.2025 ж.
2.2.1. 01.07.2024 ж. 2.2.2. Қаржы бөлінуіне қарай
2.2.3. 29.12.2025 ж. |
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Қазіргі таңда Наурыз тұрғын ауданынан С.Адамбеков мектебіне дейін аяқ жол салуға 20,932 млн теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленген. Бюджет мүмкіншілігіне қарай жұмыс жүргізілетін болады. |
||
|
3. |
3.1. Алты жылдан бері үйімнің төбесі түсіп кете ме деп қорқып келемін. Бір кәсіпкер тауып берсеңіздер, үйімнің шатырын жөндеп, қабырғаларын қайта сылап, ретке келтіріп берсе.
3.2. Дермене ауылдық округінде ақылы қоғамдық жұмыста жұмыс жасаймын, айлық көрсеткіші бойынша 85 мың теңге деп көрсетілген, алайда қолыма тиетін айлығым 71 мың теңге. Осы мәселені анықтап беруіңізді сұранамын.
Дермене елді мекенінің тұрғыны Қойайдарова Айгүл. |
Құрылыс саласы |
|
|||
|
3.1. Тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын жүргізу. 3.1.1. Тұрғын үйдің жағдайына зерделеу жүргізіп, ұсыныс енгізу.
3.1.2. Тұрғын үйге инвестор арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
01.10.2024 ж.
3.1.1. 27.05.2024 ж.
3.1.2. 01.10.2024 ж. |
(Облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров)
Арыс қаласының әкімдігі
Облыстық құрылыс басқармасы |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну. |
Койайдарова Айгүл Алмаханбетовнаның тұрғын үйін жөндеуге демеушілер есебінен 2,5 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсету келісіліп, 1,0 млн теңге берілген, 1,5 млн теңгесін жөндеу жұмыстары жүргізілуіне қарай беру жоспарланған. Алайда үй иесі атқарылған жұмыстарын көрсете алмауына байланысты қалған қаржы берілмеген. |
||
|
Басқа мәселе |
|
|||||
|
3.2. Айлық жалақысы мәселесін зерделеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
31.05.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы)
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Арыс қаласы, Дермене ауылдық округінде қоғамдық жұмыс жасайтын Койайдарова Айгүл Алмаханбетовнаға айлық жалақысы бойынша түсіндірме хат жолданып, айлық жалақысы туралы анықтама берілді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде өтініш иесі жауапқа толық қанағаттанғанын мәлімдеді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 31.05.2024 ж. №40-01-01/1409 хатпен мәлімет жолданды. |
||
|
Жол саласы |
|
|||||
|
4. |
4. Екі жылдан бері Арыс-Шардара, Арыс-Монтайтас тас жолындағы ауыр жүк көліктерінің артық салмақ мәселесі шешімін таппай келуде. Айналма жол салынғанымен, мәселе түбегейлі шешілмейді. Осы мәселені шешуге ықпал етсеңіз.
Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай елді мекенінің тұрғыны Сұлтанов Әсілбек. |
4. КХ-8 Арыс-Шардара автомобиль жолының 208 шақырымына, КХ-92 Арыс-Монтайтас автомобиль жолының 33,8 шақырымына Шағыр елді мекенінің тұсына автоматтандырылған салмақ өлшеу станциясын мерзімінде орнату жұмыстарын жүргізу. |
02.12.2024 ж. |
(Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов)
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
КХ-92 (Арыс-Монтайтас) автомобиль жолы (сметалық құны 162,6 млн теңге). Қаржы мүмкіншілігіне қарай жұмыстар жүргізіледі. КХ-8 (Арыс-Шымкент) автомобиль жолына (сметалық құны - 168,4 млн теңге). КХ-8 (Арыс-Шымкент) автомобиль жолына электронды таразы автоматтандырылған арнайы салмақ өлшеу станциясын (САИС) орнату бойынша ағымдағы жылы 150,3 млн теңгеге конкурс жұмыстары жүргізіліп, «Kazakhstan Prime Innovation» ЖШС жеңімпаз болып танылған. Қазіргі таңда КХ-8 (Арыс-Шымкент) автомобиль жолына САИС қою жұмыстары жүргізілді, пайдалануға 01.02.2025 ж. берілетін болады. Тапсырыс беруші Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. |
|
Тұрғын үй мәселесі |
|
|||||
|
5. |
5. Мен тұрғын үй кезегінде тұрамын. Тұрғын үй салынады ма және жақын арада тұрғын үй беріледі ме?
Арыс қаласының тұрғыны Боранбаева Арай. |
5. Ағымдағы жылы сатып алынатын тұрғын үйлер есебінен тұрғын үй кезегіндегі тұрғындарды кезегіне сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету.
|
01.04.2025 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров)
Арыс қаласының әкімдігі
Облыстық құрылыс басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Боранбаева Арай, Қазақстан Республикасы «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 68 - бабының, 9 - тармағындағы көп балалы отбасы санатымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылып, 19.03.2019 жылы №188 болып тұрғын үй кезегіне тіркелген. Қазіргі таңда кезекте бесінші болып тұр. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй комиссиясы шешімі негізінде кезек ретімен беріледі.
|
|
6. |
6.1. 3-4 жыл бұрын үй салғанбыз, үйіміздің құжаты жоқ. Қолымызда шешім бар, үйімізді құжаттандыру мәселесі шешілмеуде.
6.2. Саналы елді мекенінің ауыз су жүргізілмеген бөлігінде тұрамыз. Суды тасып ішеміз. Осы мәселе шешілсе.
6.3. Күйеуім ветеринар мамандығын алған, жұмысқа тұру үшін «Жұмыспен қамту орталығына» баруы керек пе?
6.4. Ветеринария бөлімінің қызметкерлері пара беруімді сұрап отыр. Менің ондай мүмкіншілігім жоқ, осы мәселені шешіп берсеңіздер. Дермене ауылдық округі, Саналы елді мекенінің тұрғыны Наубетулаева Нигара. |
Басқа мәселе |
|
|||
|
6.1. Тұрғын үй құрылысының заңдылығын анықтап, тиісті шараларды қабылдау.
|
29.07.2024 ж.
|
Арыс қаласының әкімдігі |
Ақпарат ұсыну |
Тұрғын үй құрылысын салу үшін Дермене ауылдық округі әкімінің шешімі қабылданған. Осы шешім негізінде сәйкестендіру құжатын (мемлекеттік акт) жасату қажет болған. Арыс қалалық жер қадастры және тіркеу бөлімі шешімнің архивтік көшірмесін сұратқан. Алайда, архивтен шешім көшірмесі тіркелмеген деген жауап алған. Осыған орай, Н.Наубеталиеваға Қазақстан Республикасының «Азаматтық процестік» Кодексінің 8-бабының 1-тармағына сәйкес Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы екендігі, яғни тұрғын үй құжаттарын заңдастыру бойынша толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде өтініш иесі тарапынан сотқа талап арыз тапсырылды. |
||
|
Ауыз су мәселесі |
|
|||||
|
6.2. Саналы елді мекенінің сумен қамтамасыз етілмеген бөлігіне ауыз су құрылысы жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау. |
01.07.2025 ж. |
(Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов)
Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Дермене ауылдық округіндегі Саналы елді мекенінің тозығы жеткен су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Жылуэнерго ремонт» ЖШС жүргізді. Саналы елді мекенінің сумен қамтамасыз етілмеген бөлігіне ауыз су құбырлары жүргізіліп, нысан пайдалануға дайын. |
||
|
Жұмыспен қамту мәселесі |
|
|||||
|
6.3. Саналы елді мекенінің тұрғыны Наубетулаева Нигараның жолдасы Құрманқожаев Жарасбекті жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
11.06.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы)
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Арыс қалалық Мансап орталығы филиалы Дермене ауылдық округі Саналы елді мекенінің тұрғыны Наубетуллаева Нигараның жолдасы Құрманқожаев Жалғасбекке «Жасыл-Арыс» КММ-ге, «KAZAKH-RAEL STROI» ЖШС-на, және «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚМКК Арыс қалалық филиалы мекемелеріне ақылы қоғамдық жұмысқа бару ұсынылды. Алайда Құрманқожаев Жалғасбек ақылы қоғамдық жұмыстарға барудан бас тартты. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 31.05.2024 ж. №40-01-01/1409 хатпен мәлімет жолданды. |
||
|
6.4. Аталған мәселе бойынша заңға сәйкес тиісті жұмыстарды жүргізу.
|
11.06.2024 ж. |
Облыс әкімінің аппарат басшысы (Е.Әлімқұлов)
Облыстық ветеринария басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
Дермене ауылдық округі, Саналы елді мекенінің тұрғыны Н.Наубетулаеваның көтерген мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Н.Наубетулаева ветеринария бөлімінің қызметкерлеріне қатысты айтылған сөздерінен бас тартатынын білдірген. |
||
|
Табиғи газ мәселесі |
|
|||||
|
7. |
7. Арыс қаласына газдың келгеніне біраз уақыт болды. Орталыққа газ қашан қосылады?
Арыс қаласының тұрғыны Шилманов Тұрарбек.
|
7. Арыс қаласын табиғи газбен толық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу. |
29.12.2024 ж. |
(Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов)
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Арыс қаласын газдандырудың іс-шара жоспарына сәйкес, қаланың 9849 тұрғын үй, 49259 тұрғынды табиғи газбен қамту жоспарланған болатын. Арыс қаласының әкімдігі тарапынан қаладағы газ жүйелері «Жібек Жолы-Келес Газ» ЖШС-на (әрі-қарай - мекеме) сенімгерлік басқаруға берілген. Мекеме міндеттеріне Арыс қаласының тұрғындарына үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету және техникалық қажеттілігіне байланысты жөндеу (реконструкция және т.б.) жұмыстарын жүргізу кіреді. Қазіргі таңда Арыс қаласының 5758 тұрғын үй, 28790 тұрғыны табиғи газбен қамтылды. Оның ішінде 1- кезектегі 2486 тұрғын үй, 12430 тұрғынға, 2- кезектегі 2019 тұрғын үй, 10095 тұрғынға, 3- кезектегі 1253 тұрғын үй, 6265 тұрғынға табиғи газ жеткізілді. Бүгінгі таңға 2135 абонент табиғи газға қосылды. Ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін қамтылмаған тұрғын үйлердің газ құбырларына газ беру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Облыс әкімінің орынбасары З.Жолдасовқа және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 04.12.2024 ж. №40-01-01/3055 хатпен мәлімет ұсынылды. |
|
Құрылыс саласы |
||||||
|
8. |
8. Дермене елді мекені «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына енбеген, елді мекенді осы бағдарламаға енгізілуіне ықпал етсеңіз (елді мекенге клуб кітапханасымен және спортзал салу үшін).
Дермене ауылдық округінің тұрғыны Алфетаев Аман.
|
8. Дермене елді мекенін «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасына енгізу бойынша ұсыныс енгізу.
|
12.11.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров)
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық мәдениет және туризм басқармасы
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы |
Ұсыныс енгізу. |
Дермене ауылдық округін тіректі елді мекендер қатарына енгізіп беру туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 03.06.2024 ж. №40-01-09/261 хатпен ұсыныс жолданған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 17.09.2024 ж. №26-01-26/13548 келісім хаты негізінде облыс әкімдігінің 11.10.2024 жылғы №210 қаулысымен Дермене елді мекені даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің (тіректі елді мекен) қатарына енгізілді.
|
|
Табиғи газ мәселесі |
||||||
|
9. |
9.1. Ордабасы ауданы аумағынан Саналы, Қаражантақ елді мекендері тұсынан Бөген ауылдық округіне магистралды газ құбыры жүргізілуде. Келешекте аталған елді мекендерді газға қосу үшін сол газ құбырынан вентиль қалдырылса.
9.2. Арыс қаласында денсаулығы бойынша есепте тұратын азаматтарға тегін дәрі беріледі. Алайда оны алу үшін ауыл тұрғындары емханаға келуі керек. Дәрілер тұрғылықты жерде берілсе екен.
Ақдала елді мекенінің тұрғыны, қалалық мәслихат депутаты Ақтаев Нұрбол. |
9.1. Ордабасы ауданынан Арыс қаласына дейінгі газ жеткізу құбырынан Саналы және Қаражантақ елді мекендерінің тұсынан газ құбырына қосылу нүктесін қалдыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
|
03.06.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов)
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну. |
Ордабасы ауданынан Арыс қаласына дейінгі газ жеткізу құбырының Саналы және Қаражантақ елді мекендерінің тұсынан газ құбырына қосылу нүктесіне жобалық- сметалық құжаттамасында вентиль қарастырылған. |
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||
|
9.2. Денсаулығы бойынша есепте тұратын науқас адамға тағайындалған дәрілердің таратылу заңдылығын БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
01.07.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Арыс қаласы әкімдігі |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну. |
Заңдылығы бойынша әр есепте тұратын науқас адамға тағайындалған дәрі қолына жету үшін дәріхана орталықтандырылған, камераға түсіру, дауысы жазылу, sms сообщение түседі, науқастың өзіне немесе сенімді өкілі, туысына дәрі беріледі. Бұл республика бойынша жүреді. Қалада тұратын туысына, ауыл фельдшеріне сенімхат арқылы жалпы информациялық жүйеде "Даму-Мед" телефон нөмірін енгізіп, сенімді өкілі арқылы таратуға болатындығы тұрғындарға түсіндірілді. https://www.facebook.com/share/p/e4otrHbgNaMJfMsy/?mibextid=qi2Omg |
||