Кандидаттардың назарына!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының 18-тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Яғни, төтенше жағдай енгізілгенге дейін берілген сертификаттың мерзімі қосымша 56 күнтізбелік күнге ұзартылады (төтенше жағдай 16 наурыздан 10 мамыр аралығында болған).