|
Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы |
|||||
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 243-VІ Қазақстан Республикасының Заңымен ҚР Жер кодексінің (әрі қарай-Кодекс) 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылып, облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретінен «жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін жер учаскелерін беру» құзыреті алынып тасталынған. Алайда, Кодекстің 14-1-бабында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыретіне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау кіреді. |
Кодекстің 16, 14-1 баптарына өзгерістер енгізіп, қарама- қайшылықтарды жою ұсынылады.
|
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс хат жолдау |
|
тұрақты |
|
2 |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығының (әрі қарай-Бұйрық) 10-қосымшасына сәйкес «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бойынша аталған мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетеді делінген. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет осы Бұйрыққа сәйкес 2 кезеңнен тұратындығы көрсетілген. Бірінші кезең - сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындаудан, екінші кезең - жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасудан тұрады. Қазақстан Республикасының «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңының 14-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелері беріледі. Кодекстің 43-бабының 7 тармағына сәйкес жер учаскелерін беру жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін жағдайларда төмен тұрған жергілікті атқарушы орган, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жерге орналастыру жобасын осындай берудің мүмкін екендігі туралы өз шешімімен бірге жоғары тұрған жергілікті атқарушы органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жіберіледі. Осы ретте, индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскесін беру кезінде мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы аудан деңгейінде орындалып барлық келісімдер жүзеге асырылады. Ал Қағидада, түпкілікті шешім шығару кезінде төмен тұрған жергілікті атқарушы орган жоғары тұрған жергілікті атқарушы органға жіберетін кезең қарастырылмаған. |
Мәселені шешу үшін Бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бойынша «Үшінші кезең» яғни, «Түпкілікті шешім қабылдау кезеңін» қарастыру ұсынылады.
|
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс хат жолдау |
|
тұрақты |
|
3 |
Индустриалды аймақтардың аумағында инвестициялық жобаны іске асыруға ниетті инвесторлардың саны күннен-күнге артып келеді. Алайда, индустриалды аймақ құруға қолайлы аумақтарда бос жер учаскелері жоқ, жер учаскелері жеке және заңды тұлғалардың иелігінде. Кодекстің 84-бабында жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың жалпы ережелері мен принциптері белгіленген, алайда индустриалды аймақты құру немесе бұрын құрылған индустриалды аймақты кеңейту кезінде жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алып қою қарастырылмаған. Индустриалды аймақ тек мемлекеттік меншіктегі жерде құрылатынын ескерсек, пайдаланудағы индустриалды аймақтарды кеңейту және жаңадан құру кезінде меншік иеcінен (жер пайдаланушыдан) жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алып қою біршама қиындықтар туғызуда, себебі қолданыстағы заңнамада негіз жоқ. |
Кодекстің 84-бабының 2-тармағына сәйкес индустриалды аймақтарды ерекше жағдайларға жатқызуға және Кодекске тиісті толықтырулар енгізу ұсынылады.
|
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне және ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс хат жолдау
|
|
тұрақты |
|
4 |
Қазіргі таңда жеке және заңды тұлғалардан жолданымдар «Е-Өтініш» және «Documentolog» ақпараттық жүйелері арқылы келіп түсуде. Осы тұста Басқарманың жұмыс ауқымдылығын біршама ұлғайту және келіп түскен жолданымның қаралу мерзімінің бұзылу қауіпі бар. Сондай-ақ, «Documentolog» жүйесінде арыз-шағымдарды қарау «Е-өтініш» жүйесіндегідей автоматтандырылмаған (алдын-ала жауап жобасын жолдау, хаттама түзу, арызды тыңдауға шақырту). |
Жолданымдарды бір ғана ақпараттық жүйеде қарау ұсынылады. |
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныс хат жолдау |
|
|
|
5 |
ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "мемлекеттік меншіктегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 2-тарауының 4-тармағында мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)көзделеді портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге: бірінші кезең: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық алуға өтініш; сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, екінші кезең, атап айтқанда "жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде" Е-лицензиялау "базасы арқылы бекітілген жерге орналастыру жобасын беру арқылы көрсетілетін қызметті алушылар ғана бастамашылық етеді. Яғни шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органға өтініш берушіден бекітілген жоба келіп түсуі тиіс. Алайда, Кодекстің 43 - бабы 7-тармағының 3-бөлігінде: "жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы бекітілген жерге орналастыру жобасын бір жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына жібереді, Астана, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне". Тиісінше, бұл баламасыз норма бөлімді шешім қабылдау үшін бекітілген жерге орналастыру жобаларын 1 жұмыс күні ішінде әкімдіктерге жіберуге міндеттейді. Кодекстің 43 - бабы 7-тармағының 3-бөлігі жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі бекітілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының оң қорытындысы келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданатынын көздейді. Осы тұста Кодекс пен мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының арасында бекітілген жерге орналастыру жобасының Жергілікті атқарушы органға түсу кезеңінде қайшылықтар бар. |
Нормативтік құқықтық актілердің арасындағы қарама-қайшылықтарды жою ұсынылады.
|
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс хат жолдау |
|
тұрақты |
|
6 |
ҚР АШМ 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 2-тарауының 7-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде 2) тармақшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, немесе оны алмастыратын адам, 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін құзыреті шегінде құжаттарды жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жібереді және қарайды. Алайда, мекен-жайы бойынша жөнелтілмеген жағдайда, уәкілетті органның өтінімді қабылдамауға немесе қайтаруға мүмкіндігі жоқ, себебі бұл қызметтен дәлелді бас тарту тек көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған жағдайда ғана айқындалады және тек осы жағдайда ғана жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және хабарламаны электрондық құжат нысанында жеке кабинетке жібереді. |
«Е-лицензия» порталына келіп түскен өтінімді қабылдамау немесе өтінішті қарау орнына қайта бағыттау функцияларын іске қосу ұсынылады.
|
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне жүйені әзірлеуші мекемеге ұсыныс хат жолдау |
|
тұрақты |
|
7 |
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару барысында адам факторының көптігіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың құқықтары шектеліп, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік функцияларын орындау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалыққа жол беру көріністері көптеп орын алып жатады. Осыған байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару процесін электронды форматта жүргізу тиімді болып табылады. |
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына тиісінше жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару процесін электронды форматта жүргізу бойынша толықтырулар енгізу ұсынылады. |
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс хат жолдау |
|
тұрақты |
|
8 |
Жер учаскесі мемлекеттік мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер пайдаланушының құқықтарын қорғаумақсатында Заңға мемлекет мұқтажы үшін қайтарылған жер учаскесі өзінің алыну мақсатына сай бір жыл көлемінде пайдалынылмаған жағдайда жер учаскесін пайдаланушыға қайтару тәртібін айқындау.
|
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына өзгерістер енгізу ұсынылады |
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс хат жолдау |
|
тұрақты |