Түркістан облысы әкімі Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі (28.06.2024.) көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Ағын су саласы

1

1.1. Жабағылы ауылдық округі Жабағылы елді мекенін ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі

(Оразбаев Орынбек Жабағылы ауылдық округі, Жабағылы ауылының тұрғыны)

 

1.1.1. Жабағылы ауылдық округі Жабағылы елді мекенін ағын сумен қамтамасыз ету үшін бастау су көздері  көлемдерін анықтап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен бірлесе отырып, ауыз су көлемін қажеттілігіне қарай бөлу. 

1.1.2. Тиісті жұмыстарды жүргізіп, Жабағылы ауылдық округі Жабағылы елді мекенін ағын сумен қамтамасыз ету.

01.09.2024 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

01.12.2024 жыл

Түлкібас ауданының

әкімдігі

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Жабағылы ауылдық округінің аумағындағы «Ырғайлы» бастауынан шығатын су көлемінен «Көк қия» аумағындағы шаруа қожалық жерлерін ағын сумен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 10,0 млн тенге бөлініп, (жалпы құны 44,0 млн. тенге) басталған болатын. Жабағылы ауылы тұрғындарының елді мекенге және үй-іргелік жерлерге ауыз су лимиті азайып кетеді деген наразылығымен қаржыландыру тоқтатылған. Алайда, мердігер мекеме өз қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтады. Осы «Көк қия» аумағындағы шаруа қожалық иелеріне өз жерлеріне ұңғыма қазып алып, ағын су пайдалану туралы ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта берілген ұсыныс өз шешімін табуы күтілуде. «Ырғайлы» бастауынан шығатын су лимиті 50 л/с, оның 7-8 литрі «Көк қия» аумағындағы шаруашылықтарға, қалған су лимиті Жабағылы ауылының үй-іргелік және шаруа қожалық жерлеріне берілуде.

Инфрақұрылым саласы

2.

1.2. Жабағылы ауылдық округі Жабағылы елді мекенін тұрғындарына  жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері қашан беріледі?

 (Оразбаев Орынбек Жабағылы ауылдық округі, Жабағылы ауылының тұрғыны)

1.2.1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын белгіленген мерзімде пайдалануға

1.2.2. Тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне кезекте тұрған азаматтарға жер тарату.

01.06.2025 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

01.12.2025 жыл

Түлкібас ауданының

әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Жабағылы елді мекенінің дамуына (15,0 га - 67 жер телімі) инженерлік -

инфрақұрылым  жүйелерін газбен жабдықтау жұмыстарына

2024 жылы 93,9 млн. теңге қаралып,                             мердігер мекеме-«Спецтехника-232» ЖШС тарапынан                                                                                          тиісті жұмыстар жүргізілді.    Қазіргі таңда нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.                               Сонымен қатар, инженерлік -

инфрақұрылым құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін ауыз су және кәріз жүйесіне – 144, 6 млн. теңге, электр желісіне                                    -95,7 млн. теңге                            қаржыны бөлу үшін облыстық тиісті салалық басқармасына ұсыныс берілді.

Мәдениет саласы

3

2.1. Т.Рысқұлов атындағы мұражайда қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан полиция қызметкерлері үшін арнайы естелік бұрыш ашу мәселесі (Таңатбаев Сауранбек Рысқұлов ауылдық округі, Шұқырбұлақ ауылының тұрғыны)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.1. Мәдениет және туризм басқармасынана ұсыныс хат жолдау.

2.1.2. Естелік бұрышқа қажетті жабдықтар мен материалдармен қамтамасыз ету.

2.1.3. Т.Рысқұлов атындағы мұражайда қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан полиция қызметкерлері үшін арнайы естелік бұрыш ашу

 

 

 

01.07.2024 жыл

 

 

01.09.2024 жыл

 

 

 

01.12.2024 жыл

 

Облыстық мәдениет  басқармасы

 

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

2024 жылдың 4 шілдесінде Т.Рысқұлов ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы мұражайда қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан полиция қызметкерлері үшін арнайы естелік бұрышы ашылды.

Жол саласы

4

3.1. Жабағылы ауылында ауыз су құбырлары жүргізілген көшелердің  жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына  қаражат бөлу  

(Жартыбаев Келесбек Жабағылы ауылдық округі, Жабағылы ауылының тұрғыны)

3.1. жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

3.1.1. 2025 жылға жол жөндеуге қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру

3.1.2. жол жөндеу жұмыстарын жүргізу

01.10.2024 жыл

 

01.04.2025 жыл

 

 

01.12.2025 жыл

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Түлкібас ауданының

әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылының Көрікті, Батылдық, Жартыбаев, Талдыбұлақ, Желтоқсан, Молдағұлова көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен қаржы қаралды. Бүгінгі таңда, Көрікті көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, қалған көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың аяқталу мерзімі 30.10.2024 жыл. Сонымен қатар, ауыз су жүйесін қайта құру жобасында, қазылған асфальт қабатын бастапқы қалыпқа келтіру жұмыстарына қаржы қарастырылған.

5

3.2. Жабағылы ауылындағы  орталық Абай көшесін абаттандыру үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу мәселесі                 (Жартыбаев Келесбек Жабағылы ауылдық округі, Жабағылы ауылының тұрғыны)

3.2.1. жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

3.2.2. 2025 жылға абаттандыруға қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру

3.2.3. Абаттандыру  жұмыстарын жүргізу

01.10.2024 жыл

 

01.04.2025 жыл

 

 

 

01.12.2025 жыл

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы

 

Түлкібас ауданының

Әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Жабағылы ауылының орталық Абай көшесін абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаты әзірленген (сметалық құны 230 млн. тг.), Аталған жобаға 2025 жылға қаржы бөлу үшін облыстық тиісті салалық басқармаға ұсынылады.

 

Дата публикации
04 октября 2024