|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
1. |
1. Ауданда халық саны көп болуына байланысты Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің штаттық бірліктерін көбейту үшін, полиция басқармасы етіп өзгерту мүмкіндігін қарастырып берсеңіз. 2. Сарыағаш аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауданаралық басқармасының штат бірлігін көбейту мүмкіндігін қарастырсаңыз.
Батырбеков Амангелді - Көктерек кентінің тұрғыны |
1. Сарыағаш аудандық полиция бөлімін «Полиция басқармасы» етіп қайта құру бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ұсыныс енгізу.
|
2024 жыл
15.06.2024 ж.
|
Түркістан облысының полиция департаменті(келісімі бойынша) |
Ұсыныс енгізу
|
Түркістан облысының полиция департаменті бастығы тарапынан Сарыағаш полиция бөлімін полиция басқармасы етіп қайта құру бойынша 19.04.2024 жылғы №7-4-20/21-38-И ұсыныс хаты жолданған. Ішкі істер министірлігінің 06.06.2024 жылғы №1-7-7-5-82/3308-И хатында штат санын ұлғайтуға мораторий енгізілуіне байлансты, қазіргі уақытта Сарыағаш полиция бөлімін полиция басқармасы етуіне мүмкіндіктері жоқ екендігін хабарлаған.
|
|
2. |
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауданаралық басқармасының штат бірліктерін көбейту мүмкіндігін қарау бойынша ұсыныс енгізу. |
2024 жыл
15.06.2024 ж.
|
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша) |
Ұсыныс енгізу
|
Түркістан облыс әкімі тарапынан Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аудандық басқармасының штат бірліктерін көбейту бойынша 24.06.2024 жылғы №03/6404 хатымен ұсыныс жолданған. |
|
|
3. |
3. «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» МКК жұқпалы аурулар бөлімі дәрігерінің дұрыс диагноз қоймауы салдарынан қызым (М.Жұмаділла) қаза болуына байланысты дәрігерге қатаң шара қолдануды сұраймын.
Асанова Бибінұр - Құлтума елді мекенінің тұрғыны |
3. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, шара қабылдау. 1. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жұмысшы топ құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізу; 2. Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша тиісті шараларды қабылдап, қажет болған жағдайда құзырлы органдарға жолдау. |
2024 жыл
1. 01.07.2024 ж.
2. 10.07.2024 ж. |
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті (келісімі бойынша)
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау. |
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының 27.05.2024ж. № 182 н/қ бұйрығымен жұмыс тобы құрылып, қызметтік анықтау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының басшысы Б.Мирзалиевтің 12.06.2024 ж. № 1070 ж/қ бұйрығымен жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі А. Тастанов қызметінен босатылды; 28.05.2024ж. № 333 н/қ бұйрығымен басшының емдеу ісі бойынша орынбасары Б. Оспановқа «сөгіс», басшының ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша орынбасары Г. Абдрамановаға «сөгіс», жансақтау бөлімінің меңгерушісі Е. Ибрагимовқа «сөгіс»; 06.02.2024ж. № 195н/қ бұйрығымен жұқпалы аурулар бөлімінің инфекционист дәрігері Ж. Андасбаеваға «сөгіс», жұқпалы аурулар бөлімінің мейірбикелері Н. Күлбаеваға және К. Джунусбековаға «сөгіс» тәртіптік жазасы қолданылды.
|
|
4. |
4. Сарыағаш қаласында былтыр кезекте тұрғандарға көп қабатты үйлерден пәтерлер берілді. Қазіргі таңда, жалдамалы үй алмай кезектерін күтіп жүргендер аз емес. Алдағы уақытта кезекте тұрған азаматтарға үй беру жоспарларыңызда бар ма?
Дүйсебаев Әбдімәлік - Сарыағаш қаласының тұрғыны |
4. Кезекте тұрған азаматтарға арендалық тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі. 1. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру; 2. Сатып алынған үйлерді кезектегі азаматтарға табыстау. |
2024 жыл
1. 01.10.2024 ж.
2. 30.12.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
Жеке инвестор есебінен салынған Сарыағаш қаласы, №4,5,6 көшелеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталған көппәтерлі тұрғын үйлерді тұрғын үй кезегіне тіркелген азамматтарға тамыз айында ұсыну жоспарлануда: - көп балалы отбасы санатына - 15 (он бес); - халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы санатына - 20 (жиырма); - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына - 15 (он бес) дана тұрғын үй табысталуы бойынша тұрғын үй комиссия отырысында бекітілді. Қазіргі таңда тұрғын үй беру жұмыстары жүргізілуде. |
|
5. |
5. Сарыағаш қаласы Самал мөлтек ауданы, Ерейментау көшесінде орналасқан үйіме табиғи газ кіргізіп беруіңізді сұраймын.
Нұрмахамбетова Маржан - Сарыағаш қаласының тұрғыны
|
5. Жеке тұрғын үйлерге табиғи газды арнайы лицензиясы бар жеке меншік мекемелермен келісім-шартқа отыру арқылы қосу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. |
2024 жыл
07.06.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өңірлік филиалы (келісімі бойынша) |
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тапсырысымен, Сарыағаш қаласы, Самал-3 мөлтек ауданын табиғи газбен қамтамсыз ету мақсатында 2019-2020 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Тұрғын тарапынан көтерілген мәселе бойынша ағымдағы жылдың 28 мамыр күні тұрғын үйіне арнайы ішкі табиғи газ жүйесін жүргізуші мекемеме тарапынан іске қосылып берілген.
|
|
6. |
6. 585 көп қабатты коммуналдық тұрғын үй алған азаматтардың өздері үйде тұратындығы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізілсе?
7. Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту дұрыс деңгейде жүргізілмеуде, мәзірдегі тамақтар дұрыс берілмейді.
Рабиға Ермуратова - Сарыағаш қаласының тұрғыны |
6. Жұмысшы топ құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізу. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, үй егелеріне қатысты заң аясында тиісті шараларды қабылдау. |
2024 жыл
25.07.2024 ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық басқармасы
Сарыағаш ауданының әкімдігі |
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау |
Аудан әкімінің 09.07.2024 жылғы №32 шешімімен арендалық тұрғын үйлердегі жалға алушылардың өздері тұрып жатқанына талдау жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылған. Ағымдағы жылдың 12, 22 шілде және 14 тамыз күндері №7,9,5 тұрғын үйлердің жалпы 126 пәтерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, 20 пәтерлерде өздері тұрмағаны үшін пәтер иелеріне ескертпелер берілді. Қазіргі таңда, жоғады көрсетілген мекен-жайлар бойынша жұмысшы топ мүшелерімен тиісті акт толтырылып, пәтер иелеріне заң бұзушылықтар жөнінде 3 реттік ескертпе хат жіберілді. Сонымен қатар, жұмысшы топ мүшелерімен аптасына бір реттік тексеріс жұмыстары жүргізілуде. |
|
7. |
7. Жұмысшы топ құрып, зерделеу жұмыстарын жүргізу. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, заң аясында жауапты тұлғалардың жауапкершіліктерін қарау.
|
2024 жыл
10.08.2024 ж. |
Облыстық білім басқарамсы
|
Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, заң аясында шаралар қабылдау |
Аталған оқу жылы ыстық тамақ бойынша ата-аналар тарапынан арыз-шағымдардың көп түсуіне байланысты жеке кәсіпкер З.Бейсебаевамен келісім шарт бір жақтама тоқтатылды. Бүгінгі таңда жеңімпаз мердігер анықталып, зерделеу жұмыстары басталған.
|
|
|
8. |
8. Құлтума елді мекенінен спорт алаңшасын салып берсеңіз.
Жораев Серік - Құлтума елді мекенінің тұрғыны
|
8. Спорт алаңшасын салу мәселесі. 1. Спорт алаңшасына қажетті жер телімін бөлу; 2.Сметалық құжаттамасын әзірлеу; 3. Бюджеттен қажетті қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; 4. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу; 5. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп пайдалануға беру.
|
2025 жыл
1. 20.07.2024 ж.
2. 20.09.2024 ж. 3. 20.12.2024 ж.
4. 01.03.2025 ж.
5. 01.06.2025 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
Құлтума елді мекені аумағынан спорт алаңшасын салу үшін жалпы алаңы 0,20 га жуық жер телімі белгіленіп, құжаттар рәсімделуде.
|
|
9. |
9. Таскескен елді мекеніндегі Астана, Тау самалы, Көктөбе, Жаңа мекен көшелеріне асфальт төсеуге ықпал жасауыңызды сұраймыз.
10. Таскескен елді мекеніндегі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысын салу мәселесі шешіледі ма екен?
Батрханов Тохтар - Таскескен елді мекенінің тұрғыны.
|
9. Таскескен елді мекені көшелерінің жол мәселесін шешу. 1. Мемлекеттік сатып алу рәсімін аяқтап, келісім шарт түзіп, жұмыстарды бастау; 2. Көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтап, пайдалануға беру.
|
2024 жыл
1. 01.08.2024 ж.
2. 30.11.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Тегісшіл ауылдық округінің Тегісшіл, Таскескен, Мәдениет елді мекендеріндегі 36 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын (асфальтау) жүргізуге 903,3 млн. теңге қаралған. Оның ішінде Таскескен елді мекенінің Астана, Тау самалы, Көктөбе, Жаңа мекен көшелерінің 2,85 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына 92,0 млн. теңге бөлініп, мердігер «СБМ и Компания» ЖШС және «Real Stroy Invest» ЖШС-тері тарапынан жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
|
|
10. |
10. Таскескен елді мекенінде 600 орындық мектеп құрылысын салу. 1. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (келісімі бойынша) тарапынан мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізіп, құрылыс жұмыстарын бастау; 2. Мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйесін жүргізуге қажетті қаражатты бөлу жұмыстарын ұйымдастыру; 3. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын сапалы аяқтап, пайдалануға беру; 4. Мектептің құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, пайдалануға беру. |
2024-2025 ж.ж.
1. 01.09.2024 ж.
2. 20.12.2024 ж.
3. 01.04.2025 ж.
4. 25.08.2025 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық білім басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Таскескен елді мекенінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы тарапынан бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. |
|
|
11. |
11. Жаңаталап елді мекеніндегі С.Сейфулин көшесіне шағал тас төсетіп берсеңіз?
Давранбекова Муштари - Жаңаталап елді мекенінің тұрғыны.
|
11. Жаңаталап елді мекеніндегі С.Сейфулин көшесіне шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу. |
2024 жыл
10.06.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі |
Шағал төсеу жұмыстарын жүргізу |
2022 жылы Құркелес ауылдық округі, Жаңаталап елді мекені, Сейфулин, М.Маметова, Б.Касымбеков көшелерінің жалпы 2 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Мердігер «Artd group» ЖШС-і, қаржысы 7040,0 мың теңге. Қазіргі таңда Сейфулин көшесінің тұрғындары өтінішіне сәйкес, пайда болған ақауларын мердігір тарапынан қайта қалпына келтіру мақсатында 01.06.2024 жылы қосымша тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
12. |
12. Қызылжар елді мекеніндегі Есенбеков, Мергенбай ата, Серікбай ата көшелерін асфальттап берсеңіз.
Ортаев Сейдазім - Қызылжар елді мекенінің тұрғыны. |
12. Көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. 1. Мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру; 2. Көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, пайдалануға беру. |
2024 жыл
1. 01.09.2024 ж.
2. 30.11.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
|
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
Қызылжар ауылдық округі, Қызылжар елді мекендеріндегі 11 көшенің (О.Есенбеков, О.Есенбеков тұйық, Мекенбаев, Жансүгіров, Достық, Әйтеке би, Төле би, Жеңіс, Серікбай ата, Бейімбет Малин, Ынтымақ) 7,3 ш.қ. орташа жөндеу жұмыстарын (асфальтау) жүргізуге 317,3 млн. теңге қаралған. Мердігер «ДОС (GROUP)» ЖШС-гі тарапынан жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. |
|
13. |
13. Аудандағы жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруаларға субсидия беру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбейді.
Досымжан Ермұрат -Қызылжар елді мекенінің тұрғыны.
|
13. Аудан шаруаларымен субсидия беру талаптарын түсіндіру бойынша арнайы жиналыс ұйымдастыру. |
2024 жыл
20.09.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
|
Жиналыс ұйымдастыру |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың IV-тоқсанынан бастап жылыжай шаруашылықтарын субсидиялау жұмыстары басталғандығы және өтінімді «gosagro.kz» электронды порталы арқылы жүзеге асыруға болатындығы туралы 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап 5 рет аудандағы жылыжай иелерімен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге хабарландырулар жарияланған. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес жылыжай шаруаларына субсидия беру бойынша талаптарды түсіндіру үшін арнайы жиналыстар өткізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Досымжан Ермұраттың «Әмірәлі» ШҚ жылыжайына комиссия мүшелері барып қарап тексеру жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда мемлекет тарпынан субсидия төленген. |
|
14. |
14. Береке елді мекеніне қашан ауыз су беріледі екен?
15. Менің үйімде қыс айларында жылу қазандығын қосуға газдың қысымы жетпеді, газ қысымын көбейтіп беруіңізді сұраймын
Маратова Мөлдір - Береке елді мекенінің тұрғыны. |
14. Береке елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің құрылысын сапалы аяқтап, пайдалануға беру. |
2024 жыл
01.07.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
«Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Береке елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» нысаны бойынша 2024 жылға 15344,0 мың теңге қалған қаржысы қаралып, мердігер мекеме «АСТ-Жетіген» ЖШС-і тарапынан жоба бойынша су қоймасы (резервуар), қоршау, магистралды су құбырлары салынып, абоненттік су есептеуіш құралдары және құдықшалар орнатылып ауыз су берілуде. Қазіргі таңда, Береке елді мекенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жүйеге орнатылған құдықшалардың қақпақтарын (сынған, ұрланған) түгендеу мен су қоймасын абаттандыру жұмыстары қалып отыр. |
|
15 |
15. «Келес Транс Газ» ЖШС (келісімі бойынша) тарапынан Береке елді мекенінде газдың қысымын ұлғайту жұмыстарын ұйымдастыру.
|
2024 жыл
10.07.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
«Келес Транс Газ» ЖШС (келісімі бойынша) |
Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру |
Құркелес ауылдық округіне қарасты Береке елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуші «Келес Транс Газ» ЖШС-і тарапынан бүгінгі таңға табиғи газдың қысымы ұлғайтылды. Сонымен қатар «Келес Транс Газ» ЖШС мекемесіне жылыту маусымы кезеңінде жаппай қазандықтар қосылған мерзімде қосымша тексеру жұмыстары жүргізіліп, қажеттігіне қарай газ қысымы реттелетін болады.
|
|
|
16. |
16. Дарбаза, Әлімтау, Жылға ауылдық округінің тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін алу үшін Сарыағаш қаласына қатынауға тура келеді. Осыған байланысты ауылдық округтердің бірінен Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесін ашу мүмкіндігін қарастырып берсеңіздер.
Бекмұрзаев Нұржан – Сарыағаш қаласының тұрғыны, қалалық билер алқасының мүшесі. |
16. Дарбаза немесе Жылға елді мекенінен халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесін ашу қажеттілігіне талдау жүргізіп, нәтижесі бойынша ұсыныс енгізу. |
2024 жыл
01.10.2024 ж. |
Сарыағаш ауданының әкімдігі
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы (келісімі бойынша) |
Бөлімше ашу мүмкіндігін қарау |
Дарбаза немесе Жылға елді мекенінен халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесін ашу қажеттілігіне талдау жүргізу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Б.Басымбеккке 15.08.2024 жылғы №2854 санды шығыс хаты жолданған. Қазіргі таңда, мемлкеттік қызметтердің 95% www.Egov.kz электронды порталы, «Egov mobile» мобильді қосымшасы мен «Kaspi», «Halyk», «BCC», «Jusan», «Евразийский банк» сияқты екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы алу қолжетімді екенін және EgovMobile қосымшасында операторға бейнеқоңырау арқылы, 1414 нөмірі бойынша Call-орталығына хабарласа отырып мемлекеттік қызметтерді алуға болатынын ескеріп, секторды ашу қажеттілігінің жоқтығы анықталған. |
|
17. |
17. Мен көпбалалы анамын, 2012 жылы тұрғын үй кезегіне бюджеттік ұйым қызметкері санатымен тұрған болатынмын. Бүгінгі таңда аталған санат бойынша 11 кезекке келіп, тұрғын үй ала алмай жатырмын. Мемлекеттен тұрғын үй алу үшін кезегімді сақтап, санатымды көпбалалы отбасылар санатына өзгерте аламын ба?
Бейсенова Ақмарал -Сарыағаш қаласының тұрғыны. |
17. Ауданның тұрғын үй комиссиясында қарастырып, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, санатын ауыстыру жөнінде ұсыныс хат жолдау. |
2024 жыл
20.07.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі
|
Заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізу |
30.05.2024 жылғы тұрғын үй комиссиясының №4 хаттамасына сәйкес азаматша А.Бейсенованың тұрғын үй кезегінің санаты бюджеттік қызметкер санатында қалдырылды. Тұрғынға аудан әкімінің орынбасары М.Баигабуловтың атынан 20.06.2024 жылы №2179 хатпен арнайы хабарлама берілді.
|
|
18.
|
18. Баспана алған кезде газды жылу қазандығынан бас тартқызып, орнына электрлік су жылытқыш («Аристон») береміз деген болатын. Алайда осы күнге дейін электрлік су жылытқышты бермей келеді.
Абдукаримов Бақыт – Қашар елді мекенінің тұрғыны |
18. Тұрғындарға газды жылу қазандығының орнына электрлік су жылытқышты («Аристон») орнатып беру. |
2024 жыл
15.09.2024 ж.
|
Сарыағаш ауданының әкімдігі
|
|
Сарыағаш қаласындағы Бәйтерек көшесі бойында орналасқан 13 көп қабатты тұрғын үйлерге ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты «Сарыағаш қызмет» КММ тарапынан пәтерлерге ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап электрлік су жылытқыш құрылғысын кезегімен орнату жұмыстары жүргізілуде. |