|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||
|
1 |
1. Еңбекші ауылдық округі, Шұғыла, Нұрлытаң елді мекендеріндегі медициналық нысандар болмауына байланысты елді мекендерге медициналық нысандар салынса екен, осы өтінішімізді өз бақылауыңызға алсаңыз. Еңбекші ауылдық округі ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шымбаев Нұралы. |
Шұғыла және Нұрлытаң елді мекендерінде медициналық нысандар құрылысын жүргізуге бөлінген қаржының мақсатты игерілуі және құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынсын. |
30.12.2024 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Нысандарды ағымдағы жылдың соңына тапсыру көзделген.
|
|
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
||||||
|
2 |
2. Мақта шаруашылығын субсидияландыру мәселесі. Бөриев Кенжебек – Атакент кентінің тұрғыны
|
Шаруаларға мақта шаруашылығын субсидиялау шарттары туралы түсіндіру шараларын жүргізу.
|
Тұрақты
|
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Жалпы мақта дақылына және егістік гектарына берілетін субсидия қазіргі таңда толығымен тоқтатылған. Мемлекет тарапынан бүгінгі шаруаларды қолдау мақсатында, сатып алынған тұқымына 50%ға дейін, минералды тыңайтқышқа отандық өніміне 60%, шет мемлекеттік тыңайтқышқа (Ресей, Өзбекстан т.б) 50%, сонымен қатар гербецид пестецидтерге 50% - ға дейін субсидия төленеді. 2023 жылдан бастап жылы жай шаруашылығына кеткен шығынды өтеу мақсатында әр гектарына субсидия төлеу жұмыстары басталғандығы туралы түсіндірілді. |
|
|
Білім саласы |
||||||
|
3. |
3. №3 А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебі аудан орталығында орналасқан, 1000-ға жуық оқушы білім алатын, үлкен мектеп болып саналады. Мектеп ғимараты 1967 жылы пайдалануға берілген, қазіргі таңда әбден тозығы жеткен, мектепке күрделі жөңдеу жұмыстарын өткізуді сұраймыз. Ердешев Махамбет – аудандық қоғамдық кеңес төрағасы |
№3 А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
01.09.2024 ж. |
Облыстық білім басқармасы
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің күрделі жөңдеу жұмыстарына «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 725857 мың теңге қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған (2024 жылға 3 айға: 01.06.- 31.08.2024 ж (2025 жылға 3 айға: 01.06.- 31.08.2025 ж) Қазіргі таңда 2024 жылға жоспарланған мектеп ғимаратының ішік күрделі жөндеу жұмыстары 100% орындалып аяқталды. 2025 жылға жоспарланған ғимараттың сыртқы жұмыстары жоспарға сәйкес аяқталатын болады. |
|
|
Басқа мәселе |
||||||
|
4. |
4. 2020 жылы 1 мамырда Сардоба су қоймасының бұзылуына байланысты Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үйлерге өтемақы төлеу бойынша Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы, аудандық мәслихат төрағасы Қадыр Тұранұлы және 32 адамнан тұратын құрылған комиссияның үстінен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментіне 2022 жылдың 28 шілдесінде арызданған. Осы уақытқа дейін қорытындысын ала алмай жүр.
Иманбетов Темірбек Жаңажол ауылдық округі, Жеңіс елді мекенінің тұрғыны |
Көтерілген мәселе бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, түсіндірме алу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментіне сұраныс хат жолдау.
|
01.07.2024 ж. |
Түркістан облысы әкімінің аппараты (мемлекеттік құқықтық бөлімі)
Мақтаарал ауданының әкімдігі |
Көтерілген мәселе бойынша департаментке хат жолданып, жауап алынған. Нәтижесінде көрсетілген фактілердің расталмауына және қылмыстық құқық бұзушылықтың орын алғанын растайтың дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты, құжаттар қараусыз қалдырылған. |
|