Түркістан облысы әкімі Д.А.Сатыбалдының Қазығұрт ауданы тұрғындарымен 30.05.2024 ж. кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Атқарылған жұмыстар

1.     

Тұрбат елді мекеніндегі Бостан көшесінің жолы тозған, жөнделуіне ықпал етсеңіз.

 

Тұрбат елді мекенінің тұрғыны Сабитов Бахром

 

1. Бостан көшесінің жолын орта жөндеуден өткізу.

01.11.2024ж.

 

Қазығұрт ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

«Ауыл Ел бесігі» жобасы аясында
Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округі, Тұрбат ауылының 7-көшесін (А.Байтұрсынова, Е.Исақұлова, Л.Золдыбаева, Болашақ, Бостан, Бейбітшілік, Қаржан) 7,03 шақырым жолды орташа жөндеуге (асфальт төсеу) 213,2 миллион теңге қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «EL_KZ_1» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталып, қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

4

2.

Сарапхана ауыл округі, Маханбет елді мекеніне жаңадан фелдшерлік-акушерлік пункт салынса дұрыс болар еді.

 

Маханбет елді мекенінің тұрғыны Тастанов Серікбай

2. Маханбет елді мекеніне жаңадан фелдшерлік-акушерлік пункт салу.

2.1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін инвестор табу

2.2. Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында келісім-шартқа отыру.

2.3. Құрылыс жұмыстарын бастау

2.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру

01.12.2024ж.

 

 

 

 

 

01.07.2024ж.

 

 

15.07.2024ж.

 

 

 

01.08.2024ж.

 

 

01.12.2024ж.

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Қазығұрт ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ағымдағы жылдың сәуір айында Сарапхана ауылдық округіне қарасты Маханбет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда ФАП ғимараты толығымен дайын, коммуникацияларды қосу жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған.

3.

Рабат елді мекеніндегі П.Тәжібаева атындағы мектептің ескі ғимараты халық игілігіне берілсе.

 

Рабат  елді мекенінің тұрғыны Аманов Бақыт

3. Аталған мектептің ескі ғимаратына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, әрі қарай пайдалану мүмкіндігі болған жағайда халық игілігіне беру

3.1.  Аталған мектептің ескі ғимаратын аудан теңгеріміне беру

3.2. Аудан теңгеріміне берілген соң ғимаратты халық игілігіне пайдалануға беру мақсатында, тиімді жағын зерделеу

3.3. Зерделеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, пайдалану бойынша ұсыныс еңгізу.

01.10.2024ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

01.07.2024ж.

 

 

15.07.2024 ж.

 

 

 

 

 

 

01.10.2024ж.

Облыстық білім басқармасы.

 

Облыстық қаржы басқармасы

 

Қазығұрт ауданының әкімдігі

Пайдалану бойынша ұсыныс еңгізу

«Универсал Юг» ЖШС-нің 2017 жылғы
5 желтоқсандағы No20-2 қорытындысына сәйкес А1 Литері бойынша мектеп ғимараты 8 баллдық жер сілкінісіне төзбейді.

Мектеп күрделі жөндеуге жатпайды және бұзуға ұсынылған. 2020 жылдан бастап мектеп ғимараты авариялық деп танылған.

4.

С.Рақымов ауыл округі, Көкібел елді мекеніндегі С.Рақымов мектебі құрылысы мерзімінде аяқталса?

 

Көкібел елді мекенінің тұрғыны Сыдықов Әбдіхан

4. Аталған мектептің құрылысының мерзімінде аяқталуын қадағалау.

 

01.09.2024ж.

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

Қазығұрт ауданы, С.Рахымов ауылдық округіне қарасты Көкібел ауылындағы С.Рахымов атындағы 300 орындық жалпы білім беретін мектеп өндірістік кестеге сәйкес белгіленген мерзімде пайдалануға берілді.

Мектептің ресми ашылуы 2024 жылдың 30 тамызында Түркістан облысы әкімінің, Көкібел ауылы тұрғындарының және қонақтардың қатысуымен өтті.

5.

Шарбұлақ ауыл округі, Ақбастау елді мекенінен жаңа мектеп салынса?

 

Ақбастау елді мекенінің тұрғыны Даулетов Есбол

Ақбастау елді мекенінен жаңа мектеп салу жұмыстарын жүргізу.

5.1. Мектептің жобалық-сметалық құжатына қайта түзету жұмыстарын жүргізу.

5.2. Бюджетке ұсыныс енгізіп, есептелген тиісті қаржыны бөлу.

5.3. Мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу

5.4. Құрылыс жұмыстарын бастау

5.5. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру

01.08.2025ж.

 

 

 

01.12.2024ж.

 

 

 

20.12.2024ж.

 

 

 

15.04.2025ж.

 

01.05.2025ж.

 

01.08.2025ж.

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы                                                                                                       

 

Облыстық білім басқармасы

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

Облыстық білім басқармасы Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылындағы 150 орындық мектептің жобалық-сметалық құжаттамасына өзгерістер енгізу үшін облыстық бюджеттен қаржыландыруға ұсыныс енгізді.

Жобалық-сметалық жобаға облыстық бюджеттен қаржы бөлінбеген жағдайда жобаны жеке демеушілер есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.

6.

«Үлкен Келес магистралды » каналының жарамсыз күйге түскен   ішкі жүйелері мен гидранттарының қайта іске қосылуына ықпал етсеңіз

 

Қазығұрт елді мекенінің тұрғыны Өсербаев Сәруар

 

6. Аталған каналдың ішкі жүйелері мен гидранттарының жөндеу мүмкіндіктерін зерделеп, тиісті ұсыныс енгізу

6.1) «Үлкен Келес» магистралды каналының ішкі жүйелеріне зерделеу, талдау жұмыстарын жүргізу

6.2) Жөндеу мүмкіндіктерін қарастыру

6.3) Тиісті қаржыларын есептеп Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша ұсыныс енгізу

01.04.2025ж.

 

 

 

 

 

01.10.2024ж.

 

 

 

 

 

01.12.2024ж.

 

 

01.04.2025ж.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

«Қазсушар» РМК ТФ

Ұсыныс енгізу

 

 

 

Аудандық «Қазығұрт су шаруашылығы» МКҚ-ның балансындағы «Үлкен Келес магистралды каналының» тармақтарына тоқталатын болсақ, жалпы 19 канал бар.

Жалпы каналдың ұзындығы 374 шқ, ішкі ашык каналдар 22 шқ, лотоктар 18 шқ, су құбырлары 315 шқ, гидранттар саны 3 697 дана, су өткіш тоспалар 1 350 дана.

2022-2023 жылдары Р-2А, Р-2, Р-4,4 каналдарына 337 млн. тг қаралып, ағымдағы жұмыстар жүргізілді.

Бұдан бөлек, Сифон-Тассай каналын күрделі жөндеуге 162 млн. тг бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Үлкен Келес магистралды каналының ашық және жабық  су жүйелерінде 1984  жылдан бері күрделі жөндеу, қайта құру  жұмыстары жүргізілмегендіктен пайдалану барысында  тозығы жетіп, істен шығуына байланысты 47-58 пайызы жарамсыз болып қалған. Аталған жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына есеп бойынша 10255,0 млн. теңге қаржы қажет.Бұл қаржылар облыстық бюджет есебінен кезең-кезеңімен бөлінуде.

7.

Қазығұрт елді мекені О.Жандосов көшесіндегі қабырғалары жарылған 2 қабатты, көп пәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары туралы.

7. Қазығұрт елді мекеніндегі қабырғалары жарылған 2 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

7.1. Қабырғалары жарылған 2 қабатты тұрғын үйді қайта қалпына келтіріп, пайдалануға беру

01.08.2024ж.

 

Қазығұрт ауданының әкімдігі

Пайдалануға беру

Үй ішіндегі ылғалдылықтың жоғары болуына байланысты және қауіпсіздік мақсатында қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін ұзартылды.

Бүгінгі күні Қазығұрт ауылындағы О.Жандосов көшесіндегі қабырғалары жарылған 2 қабатты тұрғын үйде септикті үйден алыстату жұмыстары аяқталды, қабырғалардағы жарықтар қалпына келтірілді, қосымша ішкі қабырғалары техникалық тексеруден және талдаудан кейін ұсыныс бойынша кірпішпен қаланды.

8.

Қазығұрт ауданында ауыз су кестемен беріліп отырған 16 елді мекенге
тұрақты су берілуін қамту мәселесі.

8. 16 елді мекенді  
тұрақты ауыз сумен  қамту жұмыстары.

8.1. 2024 жылы 5 елді мекенді тұрақты ауыз сумен қамту (Қазығұрт, Еңбекші, Сынтас, Қызылдала, Шарбұлақ)

8.2. 2025 жылы 11 елді мекенді тұрақты ауыз сумен қамту  (Ақжар, Алтынтөбе, Шанақ, Сарапхана, Үшбұлақ, Өңдіріс, Еңбек, Тұрбат, Қақпақ, Қызылқия, Ынталы )

 

31.12.2025ж.

 

 

 

31.12.2024ж.

 

 

 

 

31.12.2025ж.

 

 

 

 

 

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Қазығұрт ауданының әкімдігі

16 елді мекенді
тұрақты ауыз сумен қамту

Тұрақты

Бүгінгі таңда, 59-елді мекеннің 43-елді мекеніне ауыз су 24-сағат берілсе, 16-елді мекеніне ауыз су уақытпен берілуде.

16-елді мекенге 24-сағат ауыз су беру мәселесін шешу бойынша төмендегіше жұмыстар атқарылуда.

2024 жылы 5 елді мекен:

- Қазығұрт е.м. – құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілудешешіледі (бюдеттен қаржы бөлінді 623,8 млн.тг).

-Еңбекші, Қызылдала (29,0 шқ магистралды ауыз су құбырын қайта құру, 49,6 млн.теңге) «Таза су» МКК арқылы, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

-Шарбұлақ (180 м3 су қоймасын салу және ауыз су құбырын қосымша ұңғымаға жалғау, 36,5 млн.теңге) «Таза су» МКК арқылы, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

-Сынтас е.м. – (25 м3 су қоймасын салу және ауыз су құбырына жалғау, 7,7 млн.теңге ) «Таза су» МКК арқылы, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылы 11 елді мекен:

-           Алтынтөбе – құрылыс-монтаж жұмыстары арқылы (ЖСҚ әзірленіп сараптама қорытындысы алынған. Жалпы 1,4 млрд. тг, салалық басқармаға ұсыныс берілген)

-           Ақжар, Шанақ, Сарапхана – «Таза су» МКК ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы.

- Үшбұлақ, Еңбек, Тұрбат, Өңдіріс, Қақпақ, Қызылқия, Ынталы – облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен жер асты су қорын анықтау жұмыстары арқылы шешілетін болады.

(2022 жылы басталған).

9.

Аудандағы криминогенді жағдайды тұрақтандырып, қылмыстардың алдын-алу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу.

9. Аудандағы криминогенді жағдайды тұрақтандырып, қылмыстардың алдын-алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылсын 9.1. Қылмыстардың алдын-алу бойынша барлық бағытта профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру.

 

31.12.2024ж.

Қазығұрт аудандық прокуратурасы

 

Қазығұрт аудандық полиция бөлімі

Көрсеткіштердің төмендеуі, қылмыс санының азайту

Тұрақты

Аудандық Полиция бөлімі тарапынан аудандағы криминогенді жағдайды тұрақтандырып, қылмыстардың алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Осы жұмыстардың нәтимжесінде 2024 жылдың 8 айындағы аудандағы қылмыс статистикасы едәуір төмендеді.

- Қоғамдық орындардағы қылмыс – 32 оқиға (2023 ж. – 40). -20,0%

– Көшеде жасалған қылмыс – 24 оқиға (2023 ж. – 26). -7,7%

– Мас күйінде – 6 жайт (2023 ж. – 11). -5,0%

– Ұрлық – 34 оқиға (2023 ж. – 51). -32,5%

Қылмыстың жекелеген түрлері бойынша:

Барлығы тіркелген -153 жағдай (2023 - 182)

Аса ауыр қылмыстар-7 іс (2023-1)

Ауыр қылмыстар-29 іс (2023-55)

Орташа ауырлық – 55 жағдай (2023 – 67)

Кіші ауырлық – 33 жағдай (2023 – 47)

Зорлау – 3 оқиға (2023-0)

Есірткі сақтау-3 оқиға (2023-4)

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

 

Дата публикации
04 октября 2024