Түркістан облысы әкімі Д.А.Сатыбалдының Кентау қаласы тұрғындарымен 07.06.2024 ж. кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындалуы

 

1.     

1.1. ЖЭО-5 сыртқы электр көздеріне тәуелсіз болуы үшін өз-өзін электр қуатымен қамтасыз ету мәселесі

 

Ж.Аққұлов – «Ачполиметалл» комбинатының ардагері

1.1. Турбоагрегатты жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

1.1.

01.10.2024 ж

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Кентау қаласы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

№5 ЖЭО-ның қолданыстағы электр қуаты – 5,5 МВт/сағ. Жылу энергия орталығы өзін-өзі электр қуатымен қамтамасыз ететін №6 Турбоагрегат орнатылған. Қазіргі таңда, №6 Турбоагрегатты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс кестесіне сәйкес, аяқталу мерзімі  15.10.2024 жыл.

Мердігер мекеме  - «Қыран құрылыс» ЖШС. Келісім шарт - №10 28.03.2024 жыл. Техникалық қадағалаушы – «Restar Expert» ЖШС. Жалпы құны – 361.9 млн теңге.

Одан бөлек, Қазақстан жылу жүйелері (ККС) тарапынан газотурбиналық  электр станцияны салу мақсатында 116 млн теңгеге жұмыстар жүргізілген.

4

2.

Хантағы ауылында шамамен 7,0 мыңға жуық халық тұрады. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары қатты отын пайдалануда, бұл өз кезегінде бір шама қиындықтар тұғызуда. Аталған мәселені ескере келе, Хантағы ауылы қашан газдандырылады?

С.Мырзахметов – «Экскаватор» зауытының ардагері.

2.1. Хантағы ауылына дейінгі магистралды газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізу

           

2.1.

31.12.2024 ж

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Кентау қаласы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

Қазіргі таңда Хантағы ауылына дейінгі магистралды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоба құны – 1,55 млрд.теңге. Бүгінгі таңда бөлінген қаражат – 500 млн.теңге. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2025 жылдың 31 қазаны.

Жоғарыда көрсетілген нысан толық аяқталғаннан кейін Хантағы ауылы табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

3.

Қарнақ ауылындағы мәдениет үйі 1963 жылдары салынған. Бүгінгі таңда апатты жағдайда.

Осыған байланысты Қарнақ ауылында жаңадан мәдениет үйі салынадыма?

 

М.Юлдашев – қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

3.1. Қарнақ ауылындағы мәдениет үйін салу үшін жер телімін бөлу

 

3.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру

 

3.1.

01.07.2024 ж.

 

 

3.2.

2024-2025 ж

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Кентау қаласы әкімдігі

Ұсыныс

 

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

Қарнақ ауылында 300 орындық мәдениет үйі құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы 22.02.2023 жылы №19-0077/23 шыққан.

Құрылысының жалпы құны 1 350,0 млн. теңгені құрайды. Қарнақ ауылында 300 орындық мәдениет үйі құрылысына 2024 жылға Түркістан облысы әкімдігінің 14.12.2023 жылғы №285 қаулысына сәйкес,  107,1 млн. теңге қаралды.
Мердігер анықталып, Кентау қалалық құрылыс бөлімімен 29.04.2024 жылғы №9 келісімшарт «РСУ-1» ЖШС мен жасалды. Шарт сомасы 1 227,3 млн. теңге.

Қазіргі таңда іргетасын құю жұмыстары жүргізілуде.

4.

Кентау қаласы 66 орам 2002-2003 жылдары салынып, құрылған. Бүгінгі таңға               1 көшеге асфальт төсеніші салынбай тұр. Осы  көшеге қашан асфальт басылады? М.Молжігітов – Қалалық ақсақалдар алқасы қоғамдық бірлестігінің төрағасы

4.1. Кентау қаласы 66 орам көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу.

4.1.

01.09.2024 ж.

Кентау қаласы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

Кентау қаласы бойынша субвенция есебінен 2024 жылға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3 нысанға  (12 көше) сметалық құжаттама әзірленіп, Ұлттық сапа орталығының оң қорытындысы алынған. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып «Altai Building LTD» ЖШС жеңімпаз болып анықталған.

Қазіргі таңда 66 орам көшесіне бір жақтама суағар науа(лоток) және аяқ жол(тротуар) орнатылып, ені 6 метр құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары толық жүргізілді.

5

Кентау қаласы Шанхай мөлтек ауданы 1970-1980 жылдары салынған. Бүгінгі таңға Аманжолов көшесінде асфальт төсеніші жоқ. Аталған көшеге асфальт төсеніші қашан басылады?

М.Молжігітов – Қалалық ақсақалдар алқасы қоғамдық бірлестігінің төрағасы

5.1. Кентау қаласы Шанхай мөлтек ауданы Аманжолов көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу.

5.1.

01.09.2024 ж.

Кентау қаласы әкімдігі

Нысанның қабылдау актісімен пайдалануға беру

 

Мемлекеттік жекешелік әріптесті аясында 5 жылға түзілген келісім шартқа сәйкес 2024 жылға Шанхай көшесінің 14 көшесі 11 шақырым аумақты орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Бүгінгі таңда Шанхай ауданы Аманжолов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары  толық жүргізілді.

6.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Кентау – Қарнақ бағытындағы автомобиль жолындағы көпірді қатты жауын шашын салдарынан бұзып кеткен болатын. Аталған көпірді жөндеу қашан басталады?

А.Розибаев – Қарнақ ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы

6.1. Кентау – Қарнақ бағытындағы автомобиль жолындағы көпірді жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

 

6.1.

01.07.2024 ж.

 

 

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы

 

Кентау қаласы әкімдігі

Нысанды қабылдау

Кентау – Қарнақ бағытындағы қатты жауын салдарынан су шайып кеткен Жарбасқан көпірін орташа жөндеуге Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қаржы қарастырылып, «Оңтүстік жолдары» ММ арқылы көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың маусым айында жұмыстар толық аяқталып, көпір пайдалануға берілді.

7

Кентау қаласы бойынша бүгінгі таңға бір шама көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылмай тұр. Соның ішінде Шүлембаев көшесі №8,10  және Рысқұлов көшесі №5,7,9 көп қабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасы қашан орнатылады?

Қ.Закирбаева – жас маман

7.1. Шүлембаев көшесі №8,10  және Рысқұлов көшесі №5,7,9 көп қабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасы қашан орнату.

 

7.1.

01.09.2024 ж.

 

 

 

Кентау қаласы әкімдігі

Нысанды қабылдау

Шүлембаев көшесі №8,10  және Рысқұлов көшесі №5,7,9  көп қабатты тұрғын үйлердің ауласына балалар ойын алаңшасы салынып, қолданысқа берілді.

Мердігер мекеме – «Строй ЛТД» ЖШС. Жоба құны – 38,0 млн теңге. Келісім шарт құны – 33,0 млн теңге.

Жұмыстар толық аяқталды.

8

Қаладағы жеке секторларға ойын алаңшасы орнатылады ма?

Қ.Закирбаева – жас маман

8.1. Шахтерская көшедегі жеке сектор тұрғындарына арналған балалар ойын алаңшасын орнату

8.1.

01.09.2024 ж.

 

 

 

Кентау қаласы әкімдігі

Нысанды қабылдау

Шахтерская көшедегі жеке сектор тұрғындарына арналған балалар ойын алаңшасы  орнатылып, қолданысқа берілді.

Мердігер мекеме – «Строй ЛТД» ЖШС. Жоба құны – 28,0 млн теңге. Келісім шарт құны – 24,150 млн теңге.

Жұмыстар толық аяқталды.

9

Қаладағы орнатылған ойын алаңшаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі ма?

Қ.Закирбаева – жас маман

9.1. Қаладағы орнатылған ойын алаңшаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу

 

9.1.

01.10.2024 ж.

 

Кентау қаласы әкімдігі

Нысанды қабылдау

Ағымдағы жылы «Жасыл қала» КММ мекемесіне 48,0 млн теңге бөлініп,  балалар ойын алаңшаларының элементтері ағымдағы жөндеу  жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жалпы жұмыс көлемінің 70%-ы аяқталды.

Жұмыстар толығымен қазан айында аяқталып,тапсырылады.

 

10

«Қаратау» мөлтек ауданында жер телімдері қазылуына байланысты тұрғын үй салуға мүмкіндік жоқ.

Б.Жанабаев – қала тұрғыны

10.1. «Қаратау» мөлтек ауданына талдау жасау мақсатында жұмысшы топ құру

10.2. «Қаратау» мөлтек ауданына талдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау.

10.1.

31.07.2024 ж.

 

10.2.

30.08.2024 ж.

Облыстық бақылау басқармасы

 

Кентау қаласы әкімдігі

Қорытынды беру

«Қаратау» мөлтек ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2008-2010 жылдары жер уческелері берілген. Инженерлік инфрақұрылым жүйелері 2020-2021 жылдары су және электр желілері жүргізілді.

2024 жылдың 10 шілдесінде қала әкімінің орынбасарымен жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топқа қалалық құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары және кадастр бөлімі мамандары енгізілді.

Жұмысшы топтың талдау нәтижелері бойынша, Кентау қаласы, Қаратау мөлтек ауданында тұрғын үй құрылысы үшін берілген, алайда қазіргі таңда үй салуға жарамсыз 161 дана жер телімі анықталды.

Осыған орай, Шұғыла мөлтек ауданын жалғастыра отырып, тұрғын үй жер телімдерін бөлу және жарамсыз жер телімдерін орналастыру қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда жер телімдерін бөлу және жарамсыз жер телімдерін орналастыру жобасы әзірленуде.

 

11

«Шұғыла» мөлтек ауданында ауыз су құбырлары (450 мм) сапасыз салынған. Бүгінгі таңда жарамсыз болуына байланысты қолданбауда.

Б.Жанабаев – қала тұрғыны

11.1. «Шұғыла» мөлтек ауданына ауыз су құбырларының сапасыз және жарамсыз болуына байланысты тиісті құзырлы органдарға тексеру жүргізу үшін хат жолдау

11.1.

31.07.2024 ж.

 

 

 

 

Облыстық бақылау басқармасы

 

Кентау қаласы әкімдігі

Тиісті хат жолдау

Орындалды. (ауыз су)

 Кентау қаласы, Шұғыла шағын ауданы №6,7,8 көшелерінің ауыз су мәселесі бойынша «Ащысай Су» МКК мамандарымен бірлесе түзілген актіге сәйкес, келісім шарттың кепілдік мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерді мердігер «Теплоэнергострой» ЖШС тарапынан қалпына келтіру бойынша Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданған болатын. Нәтижесінде, 11.09.2024 жылғы №5165-24-00-2/1660 сот Шешіміне сәйкес, жауапкер «Теплоэнергострой» ЖШС-не пайда болған кемшіліктерді 2 ай мерзімде қалпына келтіру міндеттелген.

12

Кентау қаласына экология статусын қашан беріледі?

 

Б.Ақылбеков – қала тұрғыны

12.1. Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендер аумағын Қазақстан Республикасы заңымен –экологиялық зілзала аймағы деп жариялау үшін тиісті уәкілетті органдар тарапынан жұмыстар жүргізуге ықпал ету

11.2. Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендер аумағын Қазақстан Республикасы заңымен –экологиялық зілзала аймағына өтуіне байланысты тиісті қаржыларды қарастыру бойынша жұмыстар жүргізу

12.1.

2024 ж.

 

12.2.

2024 ж.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Кентау қаласы әкімдігі

Экология статусын беру

 

Экология статусына байланысты төлемдер жүргізу

Орындалу үстінде. (басқа)

4. Түркістан облысы әкімідігі тарапынан Кентау қаласының және оған іргелес орналасқан Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ ауылдарының 900 га аумағында орналасқан 126,785 га 75 жер телімдерінің (ғимараттарды қоса алғанда) аумақтарын экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа енгізілген аймақ деп тану бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Заңға өзгерістер енгізу үшін қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс жолданып (12.03.2024ж. №29/2542 шығыс хат), министрлік тарапынан қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін қарауға келісім алынған (26.03.2024ж. №01-1-4-08/7875 шығыс хат).

 «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңға өзгерістер енгізу үшін жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде қызмет ететін қызметкерлердің еңбекақысына 20 пайыз қосымша ақы, жыл сайын ақысы төленетін                    7 күнтүзбелік күн қосымша демалыс және еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап материалдық көмекке қажетті қаржы көлемі туралы мәлімет сұратылып, тиісті ақпарат ұсынылды (Облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеровтің 11.07.2024 ж. №18/7358 шығыс хаты). Бұл мақсат үшін бюджет қаражатының 2025 – 2027 жылдарға қосымша қажеттілігі барлығы 29 750 871 мың теңгені құрайтын болады, оның ішінде:

2025 жылы – 9 554 280 мың теңге;

2026 жылы – 9 879 274 мың теңге;

2027 жылы – 10 317 317 мың теңге.

 

Дата публикации
04 октября 2024