Облыс әкімінің Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесудегі (26.04.2024 ж.) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалу барысы

Қазіргі таңда орындалуы

 

1

2

3

4

5

6

 

Білім саласы

1.       

1.1. №44 «Жаңадала» жалпы мектебі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.

 

 

 

 

 

 

1.2. Жетісай ауданын бөлу мәселесі (Асықата кентін аудан орталығы етіп бөлу).

 

 

 

 

 

 

1.3. Асықата кентінде 2 саябақ бар сол саябақтарды қайта құруға қаржы бөлдіруге ықпал ету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Мемлекеттік сатып алу саласында кемшіліктер мен заңсыздықтар көп. Тендер мәселесін тоқтату.

Аудандық мәслихаттың депутаты Марат Ділдәбеков

1.1.Мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындалған құжаттарға және қажеттілігіне зерделеу жүргізіп, ұсыныс енгізу.

 

 

01.06.2024 ж.

 

Білім басқармасы

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Жетісай ауданының әкімдігі

№44 «Жаңа дала» ЖББМ 2019 жылы 300 оқушыға арналған жаңа ғимарат салынып пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда 1-11 сыныпта 517 оқушы екі ауысымда білім алуда.

Бүгінгі таңда ескі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу қажеті жоқ.

Ауданның меншігіне өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Мемлекеттік басқару

1.2. Ауданды бөлу мәселесі назарға алынып, заң талаптарына сәйкес тиісті зерделеу жұмыстарын (есептерін) жүргізіп, ұсыныс енгізу

01.07.2024 ж.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

 «Жетісай ауданын екіге бөлу арқылы Асықата ауданын құру» бойынша тиісті есептемелер жасалды. Бүгінгі таңда бөлу мәселесі қосымша штаттық бірліктер мен күтіп ұстау шығыстарына біршама қаржы қажет. Бюджет мүмкіншілігін ескере отырып бұл мәселе кейінге қалдырылған.

 

Абаттандыру

1.3. Асықата кентіндегі
2 саябақта қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру.

1.3.1. Аудан әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу.

1.3.2. Қайта құру (реконструкция) жұмыстарына бюджеттік өтінім беру және 2024-2025 жылдарға қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

1.3.3. Қайта құру (реконструкция) жұмыстарын жүргізу.

1.3. 2024-2025 ж.ж.

 

1.3.1.  01.08.2024 ж.

 

1.3.2. 01.10.2024 ж.

 

1.3.3. 2024-2025 ж.ж.

 

 

 

 

Қаржы

бөлінуіне қарай

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Жетісай ауданы, Асықата кентіндегі «Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы» саябағын абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарына жалпы құны 149 670,6 мың теңгені құрайтын сметалық құжаттамасы жасақталып, облыстық бюджетке қаржы бөлдіруге ұсыныс берілді. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаржы бөлу жоспарлануда.

 

Мемлекеттік сатып алу

 

1.4. Мемлекеттік сатып алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

тұрақты

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Аудандық мәслихаттың депутаты Марат Ділдабековке Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңы түсіндірілді.

 

Тауарларды шекарадан өткізу мәселесі

 

4

2.

2.1. Сарыағаш ауданындағы шекараға, кеден қызметіне бақылауды күшейтсеңіз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Облыс аумағындағы заңсыз тас, құм, мия қазатындар көп. 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы каналдың қазіргі жағдайы,  бір бөлігі құлап, жанындағы мазаратты шайып жатыр.

 

Асықата кентінің тұрғыны Бақтыбаев Әліпбек.

2.1. Тауарларды шеқарадан өткізу мәселесі бойынша тиісті құзырлы  органдармен мәжіліс өткізу.

 

01.06.2024 ж.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Түркістан облысы мемлекеттік кірістер департаменті – келісімі бойынша

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Облыс әкімінің қатысуымен 25.05.2024 жылы Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде арнайы құзырлы органдармен мәжіліс өткізілді.

 

Құм тасымалдау мәселесі

 

2.2. Аудан аумағында заңсыз құм тасымалдауды тоқтату бойынша  шаралар қабылдау.

01.06.2024 ж.

Аудандық полиция бөлімі

Жетісай ауданының әкімдігі

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда аудан аумағында заңсыз құм тасымалы тоқтатылды. Күнделікті полиция бөлімі бастығының бақылауында. Қазіргі таңда заңсыз құм тасымалдаумен айналысып жүрген жеке кәсіпкер Жұмағұлов Бақыт қамауға алынған, іс сотқа жолдануда. Жүк көліктері айып тұрақжайына қойылған.

 

 

Ауыл шаруашылығы саласы (канал)

 

2.3. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы каналдың жағалауларын бекіту жұмыстарын ұйымдастыру

2.3.1. Зерделеу жұмыстарын жүргізу

2.3.2. ЖСҚ әзірлеу және тиісті министрлікке ұсыныс енгізу.

2.3.3. Жөндеу жұмыстарын жүргізу.            

2.3.

2025-2026 ж.ж.

 

 

 

2.3.1.

01.07.2024 ж.

2.3.2.

01.09.2024 ж.

 

2.3.3.

2025-2026 ж.ж.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

«Қазсушар» РМК ТФ

 

Жетісай ауданының әкімдігі

 «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналы 2011 жылы пайдалануға берілген кезден бастап, нысанның кешенінде техникалық ақаулардың орын алуы жобалық көрсеткіштерден қуаттылығы төмендеу салдарынан Ынтымақ ауылдық округі аумағындағы «Сүлеймен ата» мазараты тұсындағы каналдың еңістері құлап, жоспарлы енінен едәуір кеңейіп, бір бетінен мазаратқа екінші бетінен К-30-ІІ каналына жыл сайын қауіп төндіруде.

Аталған мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрілігінің су шаруашылығы комитеті тарапынан жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Нәтижесінде бас жобалаушы «Улмад» ЖШС жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, алдағы уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан соң, құрылыс жұмыстары толығымен басталатын болады.

 

 

 

 

Мәдениет саласы

 

3.

Жаңаауыл ауылдық округі, Мырзашөл ауылында ескі мәдениет үйі бар, сол мәдениет үйі салынғаннан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Мәдениет үйін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар ма?

Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғыны Муратов Турдымурат

3. Мырзашөл ауылындағы мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарын жүргізу.

3.1.   Жөндеу жұмыстарын биыл аяқтау үшін қалған қаржыны бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

3.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

2024-2025 ж.

 

 

3.1. 01.08.2024 ж.

 

3.2. 2024-2025 ж.ж.

 

Қаржы

бөлінуіне қарай

Облыстық мәдениет және туризм басқармасы

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Жетісай ауданының әкімдігі

Мырзашөл ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылы облыстық бюджеттен 108,345 млн. теңге қаралды. «Ремстрой» ЖШС тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қалған 127,8 млн. теңге бюджеттің мүмкіндігіне қарай 2025 жылдың бюджетіне жоспарланған, нысан 2025 жылға өтпелі.

Жөндеу жұмыстарын биыл аяқтауға қаржы бөлу үшін облыстық мәдениет және туризм басқармасына ұсыныс енгізілген.

 

Жол саласы

 

4.

Жетысай ауданының кіреберісінде орналасқан Ш.Ділдабеков ауылдық округі, Сырабат елді мекенінің ішкі көшелері қашан асфальттанады?

Ш.Ділдабеков ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Омарбеков Базархан

4. Сырабат елді мекеніндегі 2024 жылы жоспарланған көшелерге жөндеу жұмыстарын мерзімінде және сапалы жүргізу.

01.09.2024 ж.

Жетісай ауданы әкімдігі

2024 жылы Ш.Ділдабеков ауылдық округіне қарасты Сырабат елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 7,27 шақырымды құрайтын 10 көшеге (Шырайлы, Айбын, Думан, Ырысты, Керемет, Нұр, Жаңақұрылыс, Абат, Көрікті, Алмалы)  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Сметалық құны 238 млн. теңге). Мердігер мекеме «EL - KZ 2020» ЖШС.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

 

5.

Ішкі ағын су жүйелерін мемлекет меншігіне алынса?

 

Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны Кенжебаев Даулетбек

5. Ішкі ағын су жүйелерін мемлекет меншігіне алу бойынша ұсыныстар енгізу.

01.07.2024 ж.

 

 

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

«Қазсушар» РМК ТФ

 

Жетісай ауданының әкімдігі

Жетісай ауданы бойынша коммуналдық меншіктегі ағын су жүйелерін мемлекеттік (республикалық) меншікке өткізу үшін құжаттары әзірленді.

Жыл соңына дейін коммуналдық меншіктегі ішкі ағын су жүйелері толығымен «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының меншігіне өтетін болады.

 

Басқа мәселе

 

6

Жетісай қаласы М.Әуезов, Қ.Шәкәрім көшесінің қилысындағы жерді жеке кәсіпкер заңсыз қоршап алған.

 

Жетісай қаласының тұрғыны Ордабеков Ерхан

6. Мәселені зерделеп, заң талаптарына сәйкес шара қабылдау.

10.05.2024 ж.

Жетісай ауданы әкімдігі

Зерделеу барысында Жетісай қаласы М.Әуезов және Шәкәрім көшесінің қилысындағы жеке кәсіпкер Ә.Асановаға тиесілі жер телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілуіне байланысты қоршалғандығы және қосымша заңсыз артық жер қоршап алғандығы анықталды. Осыған орай Ә.Асановаға заңсыз қоршалған жер телімін 1 апта мерзім ішінде қайта ашу жөнінде ескертілді. Ағымдағы жылдың 10-мамырында заңсыз қоршалған жер телімі толық ашылды.

 

 

Дата публикации
04 октября 2024