- Бақылау және қадағалау органдарының бақылау-қадағалау саласындағы атқарылған жұмыстары, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту мақсатында бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту жөніндегі мәліметтері назарға алынсын.
- Түркістан облысы әкімдігінің құзырлы басқармалары, аудан және қала әкімдіктері, Түркістан облысының прокуратурасы (келісімі бойынша), Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы (келісімі бойынша), Бақылау және қадағалау органдарының аумақтық департаменттері (келісімдері бойынша), құзырлы мемлекеттік органдар мен мекемелері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерімен көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Орындау мерзімі: Тұрақты түрде.
- Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (Е.Бекмурзин, келісімі бойынша): Салықтық әкімшілендіру саясатындағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен семинар кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында айтылған салықтық әкімшілендіруге қатысты мәлімдемелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін (Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын. Ал салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс. Яғни, борышкердің банктегі есепшоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн).
Орындау мерзімі: 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін.
- Аудан және қала әкімдіктері, «Түркістан» индустриалды аймақтарды басқарушы компаниясы» ЖШС (Б.Нұрманов): Индустриалды аймақ қатысушылары үшін жеңілдетілген электр энергиясы тарифі жөнінде аудан және қалаларда кәсіпкерлік субъектілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
Орындау мерзімі: 2024 жылдың 15 қазанына дейін.
- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (Н.Мырзахметов) қолданыстағы заң талаптарына сәйкес: «TST Jetisay Textile» ЖШС жобасын Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу бойынша сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп, салалық министрлікпен бірлесе қажетті шараларды қабылдасын.
Орындау мерзімі: 2024 жылдың 31 қазанына дейін.
- Мақтаарал ауданы әкімдігі (Б.Асанов), Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (Р.Мұздыбеков), «Түркістан» индустриалды аймақтарды басқарушы компаниясы» ЖШС (Б.Нұрманов): «Мақтаарал» индустриалды аймағы қатысушылары үшін электр қуаты көлемін арттыру және тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін «подстанцияны» жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
Орындау мерзімі: 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін.
- Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша), Түркістан облысы Полиция департаменті (келісім бойынша), Түркістан облысының санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті (келісім бойынша): Бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен тұрақты кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін.
Орындау мерзімі: Тұрақты түрде.
|
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеров
|
Түркістан облысы прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау басқармасының басшысы Б.Жұмағалиев
|
|
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Жұматай
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысының орынбасары С.Әсілбек
|
|
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары З.Амирова
|
|