Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен 2020 жылғы III-тоқсанда жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері

Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен

2020 жылғы III-тоқсанда жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері

 

Ішкі аудит қызметімен ағымдағы жылдың III-тоқсанында барлығы 3 аудит объектісіне, оның ішінде мемлекеттік мекеме болып табылатын 1 объекті және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2 объектінің 2019 жылы атқарылған қызметіне тиімділік аудиті жүргізілді. 

Аудиторлық іс-шарамен 13 733 637,3 мың теңгеқамтылды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 163 690,2мың теңге, оның ішінде бюджетке өтеуге жататын қаржылық бұзушылық 4 238,9мың теңге(оның бюджетке өтелгені  1 782,3 мың теңге), рәсімдік бұзушылық 159 451,3 мың теңге.

         Аудит объектісіне жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға бағытталған, сондай-ақ Түлкібас ауданы әкімдігінің  «Білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі, «Арыс аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «Оңтүстік жолдары»шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар жолданды.

Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен 2020 жылғы III-тоқсанда жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері
Дата публикации
29 сентября 2020