6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Түркістан облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше ақпарат көздері арқылы ала алады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Түркістан облысының әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Оны мына жолдармен жасауға болады:
- Ресми веб-қызметте:https://tur.saylaw.kz;
- Telegram-да чат-бот арқылы: https://t.me/tur_saylaw_bot;
- IKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы, 109 телефоны бойынша.
