|
«Түлкібас ауданы әкімі аппараты» ММ |
||||||
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы
*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
|
1 |
1. ҚР АШМ 27.08.2018 жылғы №359 бұйрығымен бекітілген Жер комиссиясы туралы үлгі ереженің 18-тармағында Комиссия отырысы міндетті түрде аудио,бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады деп көрсетілген. Бірақ 2023 жылғы және 2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін комиссия отырыстарының бейнежазбаларында аудио дыбыс жазылмаған, мүлдем естілмейді, қандай мәселе талқыланып жатқанын, комиссия қандай шешім қабылдағанын анықтау мүмкін емес. Комиссия отырысы Бөлімнің мәжіліс залында өткізіледі, комиссия құрамы бір столдың төңірегінде отырмайды, комиссияның 7-8 мүшесі мен хатшысы столдың төңірегінде, қалған мүшелері жиналысқа келгенге тыңдаушыға ұқсап төмен жақта орналасқан орындықтарда бөлек отырады, құжаттарды көруге олардың мүмкіндігі жоқ. |
Комиссия мүшелерінің барлығы бір столдың төңірегінде отыруды, видео, аудио жазба анық жүргізілуін қамтамасыз ету үшін столдың төңірегіне орындықтар қою, бейнекамера мен құрылғыларды мамандарға жөндету немесе жаңасын сатып алу |
Хаттама Комиссия мүшелерінің барлығы бір столдың төңірегінде отыруды, видео, аудио жазба анық жүргізілуін қамтамасыз ету үшін столдың төңірегіне орындықтар қойылды, бейнекамера мен құрылғылар мамандарға жөндетілді. |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
2 |
2. ҚР АШМ 27.08.2018 жылғы №359 бұйрығымен бекітілген Жер комиссиясы туралы үлгі ереженің 16-тармағында Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Бұл ретте қатысатын қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құрауы тиіс. Жер комиссиясының мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады деп көрсетілген. 2024 жылдың басында аудандық жер комиссиясының құрамында 15 мүше болған. Комиссиясының 15 мүшесінің үштен екісі-кемінде 10 адам қатысса және кемінде 5 адам қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдері қатысса комиссия отырысы заңды болатын еді. Бірақ комиссиясының 13.02.2024 жылы “Optimum Building” ЖСШ-не жер беру туралы №12 қорытындысына комиссиясының 6 мүшесінің қолдары қойылған. Мұндай жағдайда,комиссиясының қорытындысы заңды болмаған. Осының салдарынан, аталған қорытындының негізінде қабылданған Түлкібас ауданы әкімдігініің 2024 жылғы 19 ақпандағы №38 қаулысының күші жойылды. Осыған ұқсас Империо Груп ЖШС-не жер беру туралы 13.02.2024 жылғы №13 қорытындысына комиссиясының 8 мүшесінің қолдары қойылған. Мұндай жағдада, комиссиясының қорытындысы заңды болмаған. |
Комиссия отырыстарына комиссия мүшелерінің үштен екісін, оның ішінде қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны өкілдерінің саны қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын қатыстуды қамтамасыз ету үшін комиссия отырысы өткізілетін күнді нақты белгілеп, осы күндерде комиссия отырысын міндетті түрде өткізу, комиссия отырысы болатын күні мен уақыты туралы комиссия мүшелерін хабардар ету және оларды қатыстыру |
Хаттама Комиссия отырыстарына комиссия мүшелерінің үштен екісін, оның ішінде қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің санының қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын қатыстуды қамтамасыз етілді |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
3 |
ҚР Жер кодексінің 48-бабының 6-1-тармағында Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс деп көрсетілген .М.Сарсенбаевтың 09.10.2023 жылғы кіріс №ЗТ-2023-02008885 жер сұрап жазған өтінішіне 20.10.2023 жылғы шығыс №ЖТ-С-820 жауап хатпен және С.Алиханованың 12.10.2023 жылғы кіріс №ЗТ-2023-02043049 жер сұрап жазған өтінішіне 23.10.2023 жылғы №ЗТ-А-139 хатпен Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру сауда-саттықтар арқылы жүзеге асырылады жер беруден бас тартылған. Алайда,90 күннен кешіктірмей бұл жер учаскелерін сауда-саттыққа шығармаған. Сонымен, 48-баптың 6-1 тармағының талаптары бұзылған, Жалпы 2021 жылдан бері мүлдем сауда-саттық өткізілмеген. |
Алдағы уақытты жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ету |
Хаттама Алдағы уақытты жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ету назарға алынды. Әзірше жер беруден бас тарту туралы шешім шыққан жоқ, осындай шешім шыққан жағдайда жоғарыда көрсетілген заң талаптары орындалады. |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
4 |
Бөлім тарапынан 15 конкурстан өнім берушілер негізсіз шеттеліліп, басқа қатысушы конкурста жеңімпаз болуды жеңілдеткен. |
Құқықтық оқыту
|
Хаттама 03.06.2024 жылы Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізіліп, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасау тапсырылды |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
5 |
«Мүгедектігі бар адамдар протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 3-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне, қалалық басқармаларға, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде-құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап-он жұмыс күні деп айқындап көрсетілген. Бөлімде осы мерзімнің сақталмау фактілері кездеседі. Мәселен, М.Жайшибеков бөлімге 2023 жылдың 20 сәуірінде өтінім берген. Аталған өтініш, бөлім тарапынан 2023 жылдың 15 мамырында ғана жабылған. |
Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізу |
Хаттама 28.06.2024 жылы Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді
|
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
6 |
Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар-балаларды санаторий-курортық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 3-қосымшасының 3-тармағына сәйкес,мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне,қалалық басқармаларға,жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде-құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап он жұмыс күні деп айқындап көрсетілген. Бөлімде осы мерзімдердің сақталмау фактілері кездеседі. |
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын Бөлім басшысына және қызметкерлеріне түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізу |
Хаттама 25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізіліп, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасау тапсырылды |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
7 |
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 3-қосымшасының 3-тармағына сәйкес, құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап - 17 жұмыс күні деп айқындап көрсетілген. Бұл ретте 3 өтініштің қызмет нәтижесін кешіктіріп, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзып ұсынған. |
Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізу |
Хаттама 28.06.2024 жылы Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
8 |
18.08.2023 жылы Бөлім және ЖК “ИП Дизайн 2021” жеке кәсіпкер арасында ҚР “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңының 39-бабы 3-тармағының 3 тармақшасын негізге алып, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден шарт жасалынған. Бірақ, бұл тармақшада сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан осы жоба алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарды сатып алу деп көрсетілген. Іс жүзінде Бөлім ғимаратының қасынан “Тең қоғам” жобасы бойынша қосымша ғимарат тұрғызу қажет болған, мұндай жағдайда мемлекетік сатып алу бір көзден емес Конкурс тәсілімен өткізілуі тиіс болған. Бөлім басшысы мен мемлекеттік сатып алуды өткізетін жауапты маман ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңын жетік білмейтіні байқалады. |
Құқықтық оқыту
|
Хаттама 25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізіліп, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасау тапсырылды |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
9 |
ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90-бабының 1,2- тармақтарында Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті. Қабылдау белгіленген және жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күндер мен сағаттарда жұмыс орны бойынша өткізілуге тиіс деп көрсетілген. Алайда, Бөлім басшысының жұмыс орнында жеке қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарлама ілінбеген. Сонымен, ҚР ӘРПК-нің 90-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған. |
Бөлім басшысының қызметтік бөлмесінің алдында аты-жөні жазылған тақтайшаның астына жеке қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны орналастыру |
Хабарлама 12.06.2024 жылы Бөлім басшысының қызметтік бөлмесінің алдында аты-жөні жазылған тақтайшаның астына жеке қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны орналастырылды |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
10 |
2023 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорына тұрғын үйлерді сатып алу үшін бөлінген қаржыдан субъективті себептермен 9 600 000 теңге игерілмей қалған. Бұл мән-жай Бөлім басшысы мен қызметкерлері мемлекеттік сатып алуды жетік меңгермегенін және тәуекелдер бар екенін білдіреді. |
Құқықтық оқыту өткізу |
Хаттама 25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізіліп, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасау тапсырылды |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
11 |
ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті. Бөлім мен ЖШС арасында жасалынған шартқа сәйкес, ЖШС жұмыстарды 04.02.2023 жылға дейін орындауы тиіс болған. Демек, егер ЖШС өз міндеттемелерін орындамаса, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызды 04.02.2023 жылдан кейін отыз күн ішінде беруі тиіс еді. Бірақ Бөлім мұндай талап арызды сотқа 06.12.2022 жылы тым ерте беріп заңды бұзған. Мұндай іс-әрекеттер жеке кәсіпкерлерді әуреге салады, негізгі жұмысынан уақытынан уақытын сот отырыстарына бөлуге мәжбүр етеді. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 11.01.2023 жылғы №5165-22-00-2/2288 шешімімен Бөлімнің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Бұл мән-жай Бөлім басшысы мен қызметкерлері мемлекеттік сатып алуды жетік меңгермегенін және тәуекелдер бар екенін білдіреді. |
Құқықтық оқыту өткізу |
Хаттама 25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын түсіндіру бойынша құқықтық оқу өткізіліп, Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасау тапсырылды |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
12 |
ҚР Бюджет кодексі 32-бабы 2-тармағына сәйкес, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. Бөлімнің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы Бөлім басшысының 22.12.2023 жылғы №24 бұйрығының асты жағында “Келісілді” Түлкібас ауданы әкімдігі экономика және қаржы бөлімінің басшысы К.Егембердиев 2023 жыл деп жазылған, бірақ Экономика және қаржы бөлімінің басшысымен келісілмеген, қолы қойылмаған. Осыған ұқсас заң бұзушылық Бөлім басшысының 09.11.2023 жылғы №22 бұйрығында орын алған. ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90-бабының 1,2-тармақтарында Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті. Қабылдау белгіленген және жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күндер мен сағаттарда жұмыс орны бойынша өткізілуге тиіс деп көрсетілген. Алайда, бөлім басшысының жұмыс орнында жеке қабылдау күні мен уақыты көрсетілген хабарлама ілінбеген. Сонымен, ҚР ӘРПК-нің 90-бабы, 2-тармағының талаптары сақталмаған. |
Бөлімде ҚР Бюджет кодексінің 32-бабын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізу, бюджеттік бағдарламаны бекіту туралы бұйрыққа экономика және қаржы бөлімінің басшысымен келісіп, қолын қойдыру |
Бұйрық 25.06.2024 жылы Бөлімде ҚР Бюджет кодексінің 32-бабын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту өткізілді. Бюджеттік бағдарламаны бекіту туралы бұйрыққа экономика және қаржы бөлімінің басшысымен келісіп, қолы қойдырылды |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|
|
13 |
Бөлім басшысының 21.07.2023 жылғы №15,№16,№17, бұйрықтарының шыққан күні, айы, жылы мен нөмірі қаламмен қойылған. Бұл жағдай бұйрықтың күні,айы,жылы мен нөмірін кез келген уақытта өзгертіп жіберуге мүмкіндік береді. |
Бұйрықтардың шыққан күні, айы, жылы мен нөмірін қаламмен қойылуына жол бермеу жөнінде жауапты маманға түсіндіру, қаламмен қойылғандарды сия ручкамен қойып шығу |
Хаттама Бұйрықтардың шыққан күні, айы, жылы мен нөмірі сия ручкамен қойылды, алдағы уақытта қаламмен қоймау жөнінде жауапты маманға ескертілді |
-- |
2024 жылдың маусым айында
|
|