Төлеби ауданы

«Төлеби ауданы әкімі аппараты» ММ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

 

1

«Төлеби ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) 2023 жылы бірқатар нысаналы мақсаты «саяжай құрылысы және бау-бақша үшін» жалға берілген жер учаскелері Жер Кодексінің 43-бабының 7-тармағына сәйкес, жер учаскелерін беру жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін жағдайларда төмен тұрған жергілікті атқарушы орган, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жерге орналастыру жобасын осындай берудің мүмкін екендігі туралы өз шешімімен бірге жоғары тұрған жергілікті атқарушы органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жібереді. Алайда, ауыл округі әкімінің шешімін шығартпай, бірден аудан әкімдігінің қаулы жобасын әзірлеп оның қабылдануына жол берілген.

  

«Төлеби ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, және қаулыларды сәйкестендіру

Бұйрық

Төлеби ауданы әкімдігінің 2023 жылғы нысаналы мақсаты «саяжай құрылысы үшін» берілген жер учаскелері бойынша 19 қаулының күші жойылды. Бұдан бөлек, қалған нысаналы мақсаты «саяжай құрылысы үшін» берілген жер учаскелері заңнама талаптарына сейкес сот тәртібімен қаралып жатыр.

 

 

 

 

18.09.2024 жыл

 

2

«Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Бөлім) «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі-Кәсіпорын) экономист қызметінде 0,5 штаттық бірлікте Е.Мадибеков қызмет атқара отырып, сонымен бірге «Нур-Ару» ЖШС-нің директоры ретінде  25.02.2022 жылы 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге көлемінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бап 3 тармақ 46-тармақшасына сәйкес, «Тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден» мемлекеттік сатып алудың тәсілі негізінде киіз үй алуға және 12.04.2023 жылы өртке қарсы техникалық қызмет көрсету жұмыстарына 124 320 (жүз жиырма төрт мың үш жүз жиырма) теңгеге «Бағалы ұсыныстарға сұраным» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде келісім шарт жасалынған,  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабының  1- тармағында: осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі болып табылса, мемлекеттік сатып алуға қатысуға тиым салынады деп нақты көрсетілген, өз кезегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15 бабына сәйкес мүдделер қақтығысына және сыбайлас жемқорлықтың жасалу тәуекеліне алып келген.

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тиісті лауазымды тұлғалардың тәртіптік шараларын қарап (лауазымынан босату), түсіндру жұмыстарын жүргізу

Бұйрық

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет үйі»

мемлекеттік коммуналдық

казыналық кәсіпорнының экономисті Е.Мадибеков өз еркімен жұмыстан босатылды.

 

 

18.09.2024 жыл

 

3

«Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі», «Төлеби ауданының жер қатынастары бөлімі» және «Төлеби ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің Ережелері 2018 жылы әділет органдарында тіркеген. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы бойынша сәйкестендіру жұмыстарын жүргізбеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысы бойынша сәйкестендіру

Хаттама

 «Төлеби ауданының экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық

бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»

қаулысы бойынша бөлімнің Ережесіне сәйкестендіру жұмыстарын жүргізді.

 

 

18.09.2024 жыл

 

4

 «Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) 2023 жылғы №13, 22, 35, 56, 59, 65, 67, 69, 70 өкімдерінде тиісті қосымшалары және құжаттары тігілмеген. 2023 жыл басында 76727,0 теңге жоспарланған. Бюджеттік бағдарлама, жылдық жоспар, штаттық бірліктер бекітілгенімен №2 және №5 меморалдық ордердің 2023 жылғы маусым айындағы құжаттары толық тігілмеген.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а 2023 жылғы 5 шілдедегі «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидалары» №464 бұйрығы негізінде Мекеменің 2023 жылғы № 1, 5, 10, 21, 24, 30, 32, 39  және 2024 жылғы №1, 4, 22 өкімдері талаптарға сәйкес рәсімделмеген.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а 2023 жылғы 5 шілдедегі №464 бұйрығымен сәйкестендіру және  тиісті қосымшалары  мен құжаттарын толықтыру

Бұйрық

«Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік

мекемесі 2023 жылғы өкімдерінде тиісті қосымшалары және құжаттары

талаптарға сәйкес реттелді.

 

18.09.2024 жыл

 

Дата публикации
19 августа 2024