|
«Мақтаарал ауданы әкімі аппараты» ММ |
||||||
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы
*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
|
1 |
Мақтаарал ауданының жер қатынастары бөлімі тарапынан жүргізілетін «Жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт беру» қызметі жалға алушының мекемеге тікелей баруы арқылы көрсетілуде. Сонымен қатар, жер учаскесін жалға беру шартын жасау мемлекеттік қызметтер тізіліміне енбегендігі себепті міндеттемелер (қызмет көрсету мерзімі, тәртібі) ешқандай нормативтік құқықтық актімен реттелмейді. Бұл, өз кезегінде, қызметшіге шартты жасау мерзімі мен талаптарын өзі белгілеуге мүмкіндік береді. |
Қызмет көрсету тәртібі нормативтік құқықтық актілермен реттелмейтін әкімшілік рәсімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін тиісті мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға ұсынысхат жолдау |
Ұсыныс хат |
Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеровке 15.07.2024 жылы № 1611 санды хатпен ұсынысхат жолданды. Ұсынысхатқа облыстық жер қатынастары басқармасынан ҚР Жер қатынастары саласындағы заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсынысхат жолдауға болатындығы туралы жауап келген. |
12.07.2024 жылға дейін |
|
|
2 |
Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес электрондық үкіметтің веб-порталы (www.egov.kz) және қызметті берушінің кеңсесіне тікелей бару арқылы жүзеге асырылады. Алайда, қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігі болуына қарамастан қызмет алушылардың басым бөлігі мекеме кеңсесіне тікелей бару арқылы мемлекеттік қызмет алатындығы анықталды. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін. |
Мақтаарал ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді толығымен цифрландыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға ұсынысхат жолдау |
Ұсыныс хат |
Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеровке 15.07.2024 жылы № 1611 санды хатпен ұсынысхат жолданды. Алайда қазіргі таңға дейін тиісті жауаптар келіп түспеген. |
12.07.2024 жылға дейін |
|
|
3 |
Аудандық дербес бөлімдер тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің толық емес құжаттарды ұсынуына қарамастан мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың орнына мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қолайлы әкімшілік акт қабылданған фактілер анықталған. Бұл кейбір қызмет алушылардың мүдделерін қорғап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін. |
Аудандық дербес бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету барысында жіберілген кемшіліктерді талқылап, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермеу туралы тапсырмалар беру |
Хаттама
Ауданның дербес бөлімдерінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметшілерінің қатысуында аудан әкімі аппаратында арнайы жиын өткізілді. Жиын барысында мемлекеттік қызмет көрсету барысында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі түсіндірілді. |
- |
12.07.2024 жылға дейін |
|
|
4 |
Есептік кезеңде аудан әкімі аппаратында және ауданның дербес бөлімдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарында оқыту деңгейі төмен. Бұл мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиісті деңгейде орындалмау тәуекелдеріне себепші болуы мүмкін. |
Аудан әкімі аппараты және аудандық дербес бөлімдердің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтуді қамтамасыз ету |
Семинардан өту ертификаты 2024 жылдық жоспар бойынша Мақтаарал ауданы әкімдігінің 5% мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында біліктілігін арттыру курстарына қатысу көзделген. Аудан әкімдігіне бағынысты 168 мемлекеттік қызметшінің 10 қызметші аталған біліктілікті арттыру курстарына қатысып жоспар толық орындалған. Одан бөлек DOCUMENTOLOG бірыңғай жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліктілікті арттыру тесттерінің I- кезеңінен аудан әкімдігіне бағынысты мекемелердің мемлекеттік қызметшілері толық өткен. Тесттің II- кезеңінен 70 мемлекеттік қызметші өтіп, тиісті сертификаттарды иеленген. |
- |
18.09.2024 жылға дейін |
|
|
5 |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Ұсыныс хат |
Аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою мақсатында облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеровке 15.07.2024 жылы № 1611 санды хатпен ұсынысхат жолданды. Алайда қазіргі таңға дейін тиісті жауаптар келіп түспеген. |
12.07.2024 жылға дейін
|
|