|
«Кентау қаласы әкімі аппараты» ММ |
||||||
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті мемлекеттік органның ұйғарымы
*Егер ұсынымдар өзге мемлекеттік органдарға жолданған болса |
Орындау мерзімі |
|
|
1 |
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы 2)тармақшасына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Алайда, Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі орналасқан жері Абай даңғылы №10г ғимараты мен Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шарушалығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің орналасқан жері А.Яссауи даңғылы №85 ғимараты қызметті алушылармен қызметті берушіні шақыруға арналған батырмасымен жабдықталғанымен, мүмкіндігі шектеулі қызметті алушылардың құжаттарын қабылдауға, кеңес беруге жағдай жасалмаған. |
Кентау қаласының жер қатынастары бөлімі мен Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету арқылы мүмкіндігі шектеулі қызметті алушылардың құжаттарын қабылдауға, кеңес беруге жағдай жасауды қамтамасыз ету |
Хат
Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі орналасқан жері Абай даңғылы №10 г ғимаратында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуына жағдайлар жасалып, кеңес берілетін орындары нақтыланған. Кезекші мамандар бекітілген. Аталған кемшіліктерді жоюға ықпал жасау бойынша 23.08.2024 жылы шығыс № 40-02-07/199 санды хат жолданған..
|
- |
15.09.2024 жыл |
|
|
2 |
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы 3)тармақшасына сай, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға міндетті. Бөлім орналасқан ғимаратта «Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғын-үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Заңына сәйкес айқындалған құжаттар тізімі мен өтініштің толтыру нысандары орналастырылмаған. |
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну |
Өтініштерді қарау кестесі
«Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғын-үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қоюмен айналысатын маман толық тізімі мен өтініштерді қарау кестесі бекітілген. |
- |
01.08.2024 жыл |
|
|
3 |
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас Қазақстан Республикасы жасау дағдыларына үйретуге міндетті. Бөлім тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуші жауапты мамандары мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктіліктерді арттыру бойынша тиісті семинар, курстардан өтпеген. Заңының 5-бабы 2-тармағы 3)тармақшасына сай, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға міндетті. Көрсетілетін қызметті алушылардың орналасу жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтердің стандарттарында көзделген қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандарының үлгілерінің бар болуы делінген. Алайда, бөлім орналасқан ғимаратта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы №750 бұйрығына сәйкес айқындалған құжаттар тізімі мен өтініштің толтыру нысандары орналастырылмаған. |
Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі талапқа сәйкестендіру |
Хат
Түркістан қаласы әкімдігінің «сәулет және қала құрылысы бөлімі» бөлім басшының м.а Е.Қалдыбаевтың 2024 жылғы 29 тамыздағы № 03-02-02/584 шығыс хаты. |
- |
01.08.2024 жыл |
|
|
4 |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 29.07.2014 жылғы № 300 бұйрығымен бекітілген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларының» 18-тармағында жергілікті атқарушы орган және ауданның жергілікті атқарушы органы құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады делінген. Алайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша келіп түскен өтініштерді бөлім тарапынан өз уақытында тіркемеу деректері орын алған. |
Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша келіп түскен өтініштерді бөлім тарапынан өз уақытында тіркеу |
Хат
Атқарылған жұмыстар бойынша мәлімет 2024 жылдың 11 наурыз күні №40-02-09/100 шығыс нөмірлі хатымен қала әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөліміне жолданған. |
- |
18.09.2024 жыл |
|
|
5 |
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндетті. Алайда, аталған қызмет көрсетушілер мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктіліктерді арттыру бойынша тиісті семинар, курстардан өтпеген. |
Қызмет көрсетушілер мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктіліктерді арттыру бойынша тиісті семинар, курстардан өткізу |
Семинардан өту туралы сертификат
Бөлім бас маманы Мырзабаев Өмірәлі Үсенұлы «Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын 24 академиялық сағат көлемінде нәтижелі аяқтаған. Сертификат нөмірі: №TRK00383
|
- |
18.09.2024 жыл |
|