Жетісай ауданы

«Жетісай ауданы әкімі аппараты» ММ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

 

1

Жетісай ауданы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ішкі талдау жүргізілу барысында әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттырғандығы жөнінде дәлелді құжаттардың (сертификаттар, дипломдар және басқа) болуы, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге міндеттілігі көрсетілген.

Бөлім тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуші әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту секторының меңгерушісі–Р.Жарқынбеков, ардагерлер және мүгедектермен жұмыс секторының меңгерушісі-Н.Жамбаев, бас мамандар Ж.Бектурганова және Р.Кенжебеков, жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі - Б.Бабаджанов болып белгіленген.

Алайда Р.Жарқынбеков және Р.Кенжебеков қызмет көрсетушілер мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктіліктерді арттыру бойынша тиісті семинар, курстардан өтпегені анықталды

Бұл ретте сыбайлас жемқорлықтың тәуекел факторы – қызметкердің білім деңгейі жетпеуі себепті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бару ықтималы бар болуы мүмкін.

«Мемлекеттік көрсетілетін             қызметтер туралыҚазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының5-бабы 2-тармағы 6)тармақшасына сәйкестендіру

 

Хат

 

Жетісай ауданы бойынша ұсыным тиісті дербес бөлімдерге 21.08.2024 жылғы шығыс №1932 санды хатпен орындау үшін жолданған

 

18.09.2024 жыл

 

2

Жетісай ауданыының ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі тарапынан Инженер-инспектор өтініштегі мәліметтерді 10 тармағында Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы құжаттарды қабылдаған күні тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысын (бұдан әрі – инженер-инспектор) анықтайды.  Инженер-инспектор өтініштегі мәліметтерді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналар кепілінің тізіліміне енгізеді делінген, Алайда тізім жасалмаған.

Ұсынылған жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады себебі, мемлекеттік мекеменің басшысы тізім жасамай, өз қызметін асыра пайдаланып, өзінің туыстарын тізілім өткізуге ықпал жасап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы “Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық ,мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы” № 4-3/268 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11708 болып тіркелді.)сәйкестендіру

Хат

 

Жетісай ауданы бойынша ұсыным тиісті дербес бөлімдерге 21.08.2024 жылғы шығыс №1932 санды хатпен орындау үшін жолданған

 

10.09.2024 жыл

 

3

Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеу журналында 2023 жылдың 26-шы қыркүйегінен 21-желтоқсан аралығында 8 азамат қабылдауға жазылып, бөлім басшысы (4), және орынбасарының (4) қабылдауында болған. 2023 жылдың басынан 1-ші жарты жылдыққа дейін тұрғындарды жеке қабылдау жүзеге асырылмаған. Қызметін асыра пайдаланып, тәуекелге әкеліп соқтыру мүмкін.

 ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (келесіде - кодекс) 90 бабына сәйкестендіру

Хат

 

Жетісай ауданы бойынша ұсыным тиісті дербес бөлімдерге 21.08.2024 жылғы шығыс №1932 санды хатпен орындау үшін жолданған

 

08.09.2024 жыл

 

4

Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде арызданушыларға алдын ала жауап жобасын таныстырмай мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидасының талаптары сақталмаған бірнеше өтініштер анықталған.

Бұл дегеніміз- әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкінлік беруге міндетті бола тұра Заң талаптарын сақтамай тәуекелдер жағдайы болуы мүмкіндігі анықталды. 

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (келесіде - кодекс) 73 бабына, «Атаулы әлеуметтік көмек алуға умікер отбасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Еңбек және халыкты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 бұйрығы сәйкестендіру

Хат

 

Жетісай ауданы бойынша ұсыным тиісті дербес бөлімдерге 21.08.2024 жылғы шығыс №1932 санды хатпен орындау үшін жолданған

 

18.09.2024 жыл

 

5

Жетісай ауданыының ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі тарапынан

нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеру журналына енгізуі және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілмегені анықталды.

Ұсынылған жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады себебі, мемлекеттік мекеменің басшысы мониторинг жасамай, өз қызметін асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы “Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық ,мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы” № 4-3/268 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11708)

Хат

 

Жетісай ауданы бойынша ұсыным тиісті дербес бөлімдерге 21.08.2024 жылғы шығыс №1932 санды хатпен орындау үшін жолданған

 

18.09.2024 жыл

 

6

Жетісай ауданының дербес бөлімдерінде мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алуды жүргізу бойынша дұрыс есептелік жүргізілмегені анықталды. Мысалы: іссапарға жіберу туралы бұйрықтар шығарылмай тұрып іссапар шығындарының бір бөлігін алдын ала төленіп отырған т.б, Тәуекелдер анықталды, бөлімге ұсыныс енгізіп, қайтару бойынша ескертпе хат жолдансын.

Қ.Р. Қаржы министірлігінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығына сәйкестендіру

Хат

 

Жетісай ауданы бойынша ұсыным тиісті дербес бөлімдерге 21.08.2024 жылғы шығыс №1932 санды хатпен орындау үшін жолданған

 

18.09.2024ж

 

7

Ауданның ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі тарапынан Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу. Аталған мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі, мемлекеттік  қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар elicense.kz порталы арқылы өтініш жібереді. Дегенмен, өтініш берушілер құжаттарды алу үшін бөлімге келіп, бөлім қызметкерінен тікелей қызмет алатыны анықталды.

Бұл дегеніміз –мекме басшысын, мемлекеттік қызметкердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жағдай жасалуы мүмкін.

Электронды жүзеге асыруға өткізу бойынша тиісті басқармаға ұсыныс енгізіп хат жолдау

Хат

 

Жетісай ауданы бойынша ұсыным тиісті дербес бөлімдерге 21.08.2024 жылғы шығыс №1932 санды хатпен орындау үшін жолданған

 

18.09.2024ж

 

 

Дата публикации
19 августа 2024