Арыс қаласы

«Арыс қаласы әкімі аппараты» ММ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Арыс қаласы, Ақдала ауылының тұрғындары К.Абдраев пен К.Омарова Арыс қаласының әкімдігіне «Қанағат К.А» ӨК-нің құрамынан шығуына байланысты Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 58 бабының  1 тармағына сәйкес, ортақ бiрлескен меншiктегi жер учаскесiн бөлу әрбiр қатысушының жер үлесi бойынша бөліп беруді сұрап өтініш жасаған.Алайда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру құзыреті Жер кодексінің 18-бабына сәйкес, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне кіреді.Сонымен қатар, Жер кодексінің 14-1-бабының                  3-бөлігіне сәйкес, Арыс қаласының жер қатынастары бөлімінің құзыретіне негізінен жергілікті атқарушы органға жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ұсыныстар мен шешімдер жобаларын дайындау, ұйымдастыру, есеп жүргізу, жер пайдалану шартын ресімдеу мәселелері қарастырылған.Алайда, Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі Арыс қаласының әкімдігіне яғни, жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз бетінше шешім қабылдау арқылы өтініштерін қарауды заңсыз тоқтатқан.

Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету арқылы қабылданған шешімдерді Арыс қаласының әкімдігі арқылы ұсынуды қамтамасыз ету

Ұсыныс хат

 

Арыс қаласы әкімінің аппаратынан 19.06.2024ж.                   №40-01-01/1614 хатымен Арыс қаласының жер қатынастары бөліміне анықталған  сыбайлас жемқорлық тәуекелірін жою жөніндегі ұсыныс берілді нәтижесі күтілуде.

-

18.09.2024 жыл

2

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК "Атырау геодезия" филиалының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес, геологиялық, геофизикалық, iздеу, геодезиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық, жобалау және басқа да iздестiру жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай жүргiзе асыру үшін Арыс қаласының әкімдігіне жүгінген. Алайда, Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі Арыс қаласының әкімдігінің құзыретіне жатқызылған мәселені қарауына жатпаса да өз бетінше шешім қабылдау арқылы өтініштерін қарауды заңсыз тоқтатқан.

Арыс қаласының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ету арқылы қабылданған шешімдерді Арыс қаласының әкімдігі арқылы ұсынуды қамтамасыз ету

Ұсыныс хат

 

Арыс қаласы әкімінің аппаратынан 19.06.2024ж.                   №40-01-01/1614 хатымен Арыс қаласының жер қатынастары бөліміне анықталған  сыбайлас жемқорлық тәуекелірін жою жөніндегі ұсыныс берілді нәтижесі күтілуде.

-

18.09.2024 жыл

3

Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Бөлім) «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі-Кәсіпорын) бастамашыл болуымен қала әкімдігі 06.09.2023ж. №461 қаулысымен кәсіпорынның штат бірлігіне қала әкімдігінің 30.06.2019ж. №146 «Штат бірліктері туралы» қаулысына толықтырулар енгізілген. Қаулыға сәйкес, кәсіпорынның Жиделі ауылдық клубына (11 штат) бірлігі бөлініп берілген. Алайда, кәсіпорын басшысы Б.Құрманбекова әкімдіктің қаулысын ресми құжат екеніне қарамастан өз бетінше қолдан өзгертіп, (4 штат бірлігін) қосып 06.09.2023ж. №461 қаулысының штат беру туралы бөлігінің түп нұсқасын жойып жіберген. Бұдан бөлек, Б.Құрманбекованың басқаруындағы кәсіпорынға қатысы жоқ «Абай атындағы Арыс қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (- 1 кітапханашы штатын) өз бетінше берген. Кәсіпорын басшысына штат беру мәселесі лимит шегінде қала әкімдігі Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылатыны белгілі болған. Кәсіпорын басшысы штат бірліктерін алу арқылы өзіне құқыққасыйымсыз қолдау көрсеткені белгілі болды.

Қала әкімдігі қаулыларын талапқа сәйкестендіру

Қаулы

 

Арыс қаласы әкімдігінің 17.06.2024ж. №304 «Арыс қаласы әкімдігінің 30.05.2019ж. №146 «Штат бірліктері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және қала әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы» қаулысы қабылданды.

-

01.08.2024 жыл

4

Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі 2022 жылдың 15 маусымында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) Арыс қаласы, Байырқұм ауылдық округі аумағында орналасқан БК-1, БК-1А (№53045106-ОК1, №53044923-ОК1, №53044716-ОК1 лот) каналдарын күрделі жөндеу үшін, жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге ашық конкурс жариялаған.   Нәтижесінде порталдағы №7821966-ОК1 қорытынды хаттама негізінде «SK Best Spec Stroy KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып танылған.   2022 жылдың 5 тамыз күні порталда бөлімімен «SK Best Spec Stroy KZ»                           ЖШС №100240005226/220013/00 нөмірімен электронды келісім шарт түзілген. Келісім шарттың орындалу мерзімі 2023 жылдың      2 қазанына дейін белгіленген. Бүгінгі таңда келісім шарт бойынша орындаушы «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС шартта көрсетілген жұмысты аяқтап, өз міндеттемелерін толық орындаған. Алайда, бөлім басшысы Н.Біләлбеков келісім шарт мерзімі ұзартылмай немесе орындалған жұмыстар үшін қаржы төленбеген. Нәтижесінде, Н.Біләлбеков өзі жасаған шартты орындамай «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС орындаған жұмыстары үшін 20 183 603,65 теңге қаржысын төлеу қажеттігін біле тұра өтемегені анықталды.

Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі «SK Best Spec Stroy KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы шарт талаптарын орындауды аяқтау

Сот ұйғарымы

 

Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімімен «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС арасындадағы дау Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотының 22.08.2024ж. №5165-24-00/2378 санды ұйғарымымен медиациялық келісіммен шарат талаптары толық орындау міндеттелді.

-

18.09.2024 жыл

 

Дата публикации
19 августа 2024