|
Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы |
|||||
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органдарға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Ереженің 4,6,8,11,23,25 және 26 тармақтарында қате анықтамалық және бланкеттік нормалар анықталды, мәселен «заңнамаға сәйкес», «заңнамада көзделген», «қолданыстағы заңнамаға сәйкес» және «егер заңнамада өзгеше белгіленбесе». Бұл сыбайлас жемқорлықтың «қате анықтамалық және бланкеттік» нормалар тәуекел факторын тудырады. |
Басқарманың ережесін қайта дайындап, заң талаптарына сәйкестендіру. Түркістан облысы әкімдігінің қаулысын дайындау |
Қаулы «Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы жаңа Ереже облыс әкімінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі №178 қаулысымен бекітілді. Жаңа Ережеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін «қате анықтамалық және бланкеттік» нормалары «Ғайрат Сапарғалиев атындағы мемлекет және құқық ғылыми зерттеу институтының» сараптамасы негізінде алынып тасталды. |
- |
01.08.2024 ж. |
|
2 |
Түркістан облысының барлық аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармаларына компьютерлерге сервистік қызмет көрсету бойынша мониторинг жүргізілмеген. Бұл өз кезегінде аудан және қала әкімдіктері тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің орын алуына ықпал етуі мүмкін. |
Ауда, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалармен бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізу. Басқарма басшысының атына мәлімет дайындау |
Хаттама Түркістан облысы әкімінің аппаратында, облыстық басқармаларда, аудан және қала әкімдіктерінде бағдарламалық ақпараттық кешенді сүйемелдеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар 2024 жылдың 11 шілдесінен бастап «Sumato Шымкент» ЖШС арқылы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 3-тоқсанынан бастап тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. |
- |
Әр тоқсан сайын |