Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Дене шынықтыру және спорт басқармасы

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органдарға жіберген жағдайда

Орындау Мерзімі

 

1

Мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорындардың азаматтық қызметшілеріне белгіленген еңбекақы төлеу жүйесінің сақталмауы. Осы орайда, мекеме басшылары мен қызметкерлері белгіленген тарификацияға қарамай, жалақыларын жоғарылатып бюджеттің жымқырылуына жол береді;

ҚР Үкіметінің еңбекақы төлеу жүйесі туралы №1193 Қаулысымен бекітілген ереже талаптарын орындамай коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың азаматтар және шет ел азаматтарымен шарт жасасу арқылы қызметтерін пайдалануда басқармамен келісілген лимиттерден аспауды түсіндіру.

Келісім шарт жасасу барысында басқарушы органымен келісуді жүзеге асыру.

Талаптарды сақтамай дебиторлық қарыздар пайда болған жағдайда, МКҚК басшыларынан қордаланған қарыздарды өтеуді қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

Хаттама

 

14.09.2024 жылға дейін

 

2

Бағынысты мекемелердің спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге көзделген бюджет бағдарламамен қаралған қаржыларының тиімді жұмсалуы бойынша спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесіне және күнтізбелік жоспарға сәйкессіздігі. Мекемелердің күнтізбелік жоспарға енбеген іс-шараларға қатысуы бюджет қаражатының жымқырылуына жол береді. Сонымен бірге, іс-сапар шығындарын ұзақ және қысқа мерзімге жоспарлауға мүмкіндік бермейді.

Басқарма және басқармаға бағынысты спорттық ұйымдардың басшылары және аға-жаттықтырушылары бюджет қаражатының жұмсалуын тиімді пайдалануды, жымқырылуына жол бермеу және алдын алу  шараларын қамтамасыз ету мақсатында оқу жаттығу жиындарының өткізу тәртібі мерзім сайын басқарма тарапынан тиісті бақылауды күшейту және жоспар бекіту

Бұйрық

 

Басқарманың 2024 жылға арналған  бұқаралық-спорттық, сауықтыру негізгі облыстық

іс-шаралары мен республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспары жасалынып, жоспар аясында тиісті спорттық іс – шаралар атқарылуда.

2024 жылдың 8 айында жоспарға сәйкес 509 іссапар бұйрығы шығарылған.

 

 

09.08.2024 жылға дейін

 

3

Басқармаға бағынысты мекеме басшыларын және оның орынбасарларын жұмысқа қабылдау немесе тағайындау бойынша зерделеніп, нәтижесінде конкурс өткізілместен тағайындау сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді (оның ішінде лауазымды адамдарының нұсқауы бойынша). Жұмысқа қабылдау және басшының міндетін атқарушы етіп қабылдау басшының бұйрығы негізінде жүзеге конкурстық рәсімдерсіз жүзеге асыру, бұл кандидатты тыңдау кезінде оның ішінде пара беру, пара алу фактілері бойынша сыбайлас жемқорлық көріністеріне қауіп төндіреді.

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтына конкурстар жариялау.

Конкрустың нәтижесінде оң шешім алған кандитантты жұмысқа қабылдау немесе тағайындау.

Сілтеме

Басқармаға бағынысты мекеме басшыларын және оның орынбасарларын жұмысқа қабылдау немесе тағайындау басқармасының ресми сайтына конкурстар жариялануда.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sport/documents/1?lang=kk

 

 

01.07.2024 жылға дейін

 

4

Басқарма және басқармаға бағынысты спорттық ұйымдардың басқару органының (жоғары тұрған органның) басшының орынбасарларын келісімінсіз, жол беру;

 

Басқарма және басқармаға бағынысты спорт мекемелерінің басшыларының бекітілген нұсқаулыққа сәйкес, мекеменің штаттық кестесін және оған тиісті тарификацияларын жылына екі рет басқарма басшысымен бекітуді қамтамасыз ету. Басқарманың Ережесімен көзделген құзыреті шеңберінде салыстыру жүргізіп, сәйкессіздік орын алған жағдайда мекеме басшыларының жауапкершілігін қарау.

Бұйрық

Басқармаға бағынысты спорттық ұйымдардың штаттық-тарифтік, қаржылық, есептік құжаттарын бекітілуі Басқарманың келісімімен жүзеге асырылуда.

Жоспарға сәйкес жылынан екі рет Басқарма басшысымен бекітуді қамтамасыз ету көзделген.

Қазіргі таңда 2024 жылдың қаңтар айында штаттық- тарифтік қаржылық, есептік құжаттары Бақсарма басшысының келісімен бекітілген.

Сонымен қатар екінші рет штаттық-тарифтік қаржылық есептілік бекітуді 2024-25 оқу жылының басталуына орай, қыркүйек айының 15 дейін жүзеге асыру көзделген.

 

01.09.2024 жылға дейін

 

 

5

Басқармаға және басқармаға бағынысты спорттық ұйымдарының жаттықтырушыларының мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында жалған есептерге қатыстылығы;

 

Басқармаға бағынысты мекемелердің (спорттық ұйымдардың) басшыларымен кеңес өткізіп, спорттық тапсырыс аясында спорттық секцияларға қатысатын балалар мен жасөспірімдердің БЖСМ-де жалған тіркелу фактілерінің орын алмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. 

Басқармаға бағынысты спорт ұйымдары оқушыларының тізімін мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында өнім берушілерде тіркелген балалар тізімімен басқармаға бағынысты спорттық ұйымдардың қызметкерлерін жұмылдыра отырып, салыстыру жұмыстарын жүргізу.

Аталған процестерді интеграциялау бойынша облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасына ұсыныс хат жолдау.

Балалар мен жасөспірімдердің БЖСМ-де тіркеле отырып және өнім берушілердің ұсынған тізім табелінде көрсетілген жағдайда, яғни бір мезгілде екі жерде спорт секцияларына қатысқандығы анықталса тиісті шаралар қабылдау.

Сілтеме
Түркістан облысы аумағында орналасқан мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асырып жатқан өнім берушелермен басқармаға бағынысты мекемелердің  қызметкерлеріне  спорттық тапсырыс аясында спорттық секцияларға қатысатын балалар мен жасөспірімдердің БЖСМ-де жалған тіркелу фактілерінің орын алмау мақсатында ағымдағы жылдың маусым, шілде айларында  дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері  тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы зерделеу нәтижесінде екі жақта бірдей тіркелген сәйкестіктер  анықталып, олар бойынша әр баланың ата-анасына байланысып,  қол хат алынды. Анықталған балаларды БЖСМ нен және  «damubalа» ақпараттық жүйесінен шығарылды. Ары қарай жұмыстар жалғасын табады.

           

 

15.08.2024 жылға дейін

 

6

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау субъектілері тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдан 05-не дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға есептік жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы, олардың нәтижелері және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты жолдау.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                  іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы    19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, басқарма және басқармаға бағынысты ұйымдарда тоқсан сайын сыбайлас жемқорлық тәуеклелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Анықтама

 

06.09.2024 жылға дейін.

 

 

 

Дата публикации
19 августа 2024