|
Қоғамдық даму басқармасы |
||||||
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органдарға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
|
1 |
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы тарапынан 2024 жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтары (72 000,0 тг) жобасын ұйымдастыру мақсатында 157 ерекшелікпен (Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу) конкурс жарияланған. Аталған конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу порталына 10 пайыздық кепілдеме құю арқылы ғана қатыса алады. Бүгінгі таңда аталған конкурсқа ҮЕҰ көпшілігі қатыса алмай, наразылықтарын білдірген. Әлеуетті өнім берішілер аталған конкурстың ерекшелігін 157 ерекшеліктен 155 ерекшелікке (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу) ауыстыруды талап еткен. Себебі 155 ерекшелікпен конкурсқа 3 пайыздық кепілдеме құю арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай, «Жасыл ел» еңбек жасақтары (72 000,0 тг) жобасының қаржысы көп болуына байланысты кез келген ҮЕҰ конкурсқа қатыса алмай, тапсырыс беруші мен арнайы ҮЕҰ арасында алдын ала келісім арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы ықтимал. |
Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасына конкурс өткізуге сұраныс беру арқылы Басқармамен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңбері аясында жаңа конкурс шығару |
Жылдық жоспар Қазіргі таңда, қоғамдық даму басқармасына ҮЕҰ-ы тарыпынан көптеп шағымдар келуіне байланысты «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасының конкурсы тоқтатылды. Осыған орай, басқарма тарапынан «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы 157 ерекшеліктен (Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу) 155 ерекшелікке (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу) ауыстырылып, жаңадан конкурсқа жарияланды. |
- |
18.09.2024 жыл |
|