|
Мемлекеттік сатып алу басқармасы |
|||||
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Жалған жұмыс тәжірибелерін электронды депозитарийге енгізіп, қосымша шартты жеңілдікке ие болып, мемлекеттік сатып алу конкурстарында заңсыз жеңімпаз болып анықталуда. Соның салдарынан, әділетсіз конкурстарда адал әлеуетті өнім берушілердің құқықтары бұзылуда. Мұндай фактілер тәжірибеде тапсырыс берушісі мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын нысанды қабылдау актісінде және қосалқы мердігер ретінде тіркелетін қабылдау актісінің декларацияларында жиі кездесуде. |
Сотқа жолданған талап арыздар |
Талап арыз Электронды депозитарийде жалған жұмыс тәжірибесі анықталған әлеуетті өнім берушілерге қатысты Басқарма тарапынан сотқа тиісті ондай әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыздар жолданған.
|
- |
Тұрақты түрде |
|
2 |
Қағиданың 289-6 тармағына сәйкес Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде веб-портал осындай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалған қорытындылар туралы әрбір хаттама үшін әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың шартты жеңілдіктерінің жалпы сомасының нөл бүтін оннан бір пайызын (0,1%) автоматты түрде алып тастайды. Сонымен қатар, Қағиданың 141 тармағына сәйкес Конкурстық комиссияның хатшысы веб-порталда конкурс қорытындысы туралы хаттаманы жариялайды. Қорытындылар туралы хаттама қалыптастырылып, хатшы танысып, қол қоймағанша хаттама веб-порталда жария етілмейді. Конкурста жеңімпаз атанған өнім беруші мен конкурс хатшысының өзара келісімі, алдын-ала сөз байласуы арқылы веб-порталда қорытындылар туралы хаттаманы жариялау мерзімінің узаруы мүмкін. Нәтижесінде, Жеңімпаз атанған әлеуетті өнім беруші келесі өткізілетін конкурстарда 0,1% жеңілдігін жоғалтпай келесі конкурстарда жеңімпаз болып адал әлеуетті өнім берушілердің құқықтары бұзылуда. |
ҚР Қаржы Министрлігіне ұсыныс хат жолдау |
Хат Ағымдағы жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне №36/9280 санды шығыс хатымен Қағидаға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жолданған. Қазіргі таңда, ұсынысқа жауап күтілуде. |
- |
01.09.2024 жыл |