|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
|||||
|
1 |
«Ауыл аманаты» бағдарламасының VI бағыты бойынша пластикалық терезе-есік жасайтын цех ашуға барлық құжаттарымды жинап, тапсыруға дайынмын. Несиелендіру мәселесі жақын арада басталса, кәсіпті қолайлы уақытта ашуға мүмкіндік болар еді?
Баймбетов Асанәлі - Боралдай ауылының тұрғыны. |
1.1. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несиелендіру үшін Республикалық бюджеттен берілетін қаржыларды бөлу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу.
|
30.08.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары)
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну. |
|
2 |
Қарақұм ауыл округіндегі 2 канал жерарық болуына байланысты су шығыны жылдан жылға артып, су тапшылығы орын алуда. Осыған байланысты Р-7 және Құрманбек каналдарына бетондау жұмыстары жүргізілсе.
Досым Құрманбек - Қарақұм ауылының тұрғыны. |
2. Р-7 және Құрманбек каналдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
2.1. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.
2.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
2.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
02.12.2026 ж.
2.1. 03.10.2024 ж.
2.2. 24.02.2025 ж.
2.3. 02.12.2026 ж. |
(Облыс әкімінің орынбасары)
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
|
Инфрақұрылым саласы |
|||||
|
3 |
Қажымұқан ауыл округіндегі Көктөбе ауылына табиғи газға қосу мәселесі шешімін тауып, күн суымай тұрғын үйлерге табиғи газ кірсе екен деген өтінішім бар.
Оразбаев Нұрсапар - Көктөбе ауылының тұрғыны. |
3. Табиғи газбен қамту құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.
|
27.12.2024 ж.
|
Ордабасы ауданының әкімдігі
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру. |
|
Абаттандыру саласы |
|||||
|
4 |
Төрткүл ауылынан өтетін Батыс Қытай – Батыс Еуропа жол бойындағы аспалы көпір нысаны бірнеше жыл бұрын салынып, ел игілігіне пайдаланылып келді. Бүгінде ескіріп, тозығы жетті. Жаңартып, ретке келтірілуіне ықпал естеңіз?
Айтбаев Құралсын - Төрткүл ауылының тұрғыны. |
4. Төрткүл ауылынан өтетін Батыс Қытай – Батыс Еуропа жол бойындағы аспалы көпір нысанын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу.
|
30.09.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің бірінші орынбасары)
Облыстық «ҚазАвтоЖол» АҚ мекемесі (Келісімі бойынша)
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
|
Білім саласы |
|||||
|
5 |
Елшібек батыр ауылындағы «Төрткүлтөбе» жалпы орта мектебі бүгінгі күнге тозығы жетіп, талапқа сай келмеуде. Естуіміз бойынша мектептің құжаттамасы қайта жаңартылып, қолға алынуда екен. Осы мәселенің оң шешіміне ықпал етуіңізді сұраймыз?
Әбдіманап Рамазан - Елшібек батыр ауылының тұрғыны. |
5. Елшібек батыр ауылынан жаңа мектеп ғимараты құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру. 5.1. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.
5.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.
5.3. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
02.12.2025 ж.
5.1. 03.11.2024 ж.
5.2. 24.01.2025 ж.
5.3. 02.12.2025 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары)
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық білім басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
|
Денсаулық саласы |
|||||
|
6 |
Бөген ауыл округіндегі дәрігерлік амбулаторияның тозығы жетіп, 5 жылдан бері тұрғын үй ғимаратында қызмет көрсетіп келеді. Өзіңіздің қолдауыңызбен ауылда жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып жатыр. Осы құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға берілсе деген сұранысымыз бар.
Шәмет Бектай - Бөген ауылының тұрғыны. |
6. Бөген ауыл округінен жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру. 6.1. Келісімшартқа сәйкес бекітілген қаржы көлемін толық бөлінуін қамтамасыз ету.
6.2. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру. |
27.12.2024 ж.
6.1. 03.10.2024 ж.
6.2. 27.12.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары)
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
|
Жер саласы |
|||||
|
7 |
Жасы 40-қа келген балам жер кезегіне тұрғанына біраз жылдар болды. Бүгінгі күнге дейін тиісті жер учаскесін алмады. Осы мәселені бақылауға алсаңыз.
Тоқпанбет Дариға - Темірлан ауылының тұрғыны. |
7. Кезекте тұрған азаматтарды жер учаскесімен қамту бойынша зерделеп, өтініш иесіне түсіндіру.
7.1. Жер кезегін анықтап, өтініш иесіне жауап жолдау.
|
19.08.2024 ж.
7.1. 19.08.2024 ж.
|
Ордабасы ауданының әкімдігі
|
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |
|
8 |
Қызылжар ауылындағы жайылым жерлердің нысаналы мақсаты суармалы жерлерге ауысуын заң аясында зерделеп, тиісті шаралар қабылданса. Раманқұлов Ізбасар - Қызылжар ауылының тұрғыны. |
8. Жайылым жерлердің нысаналы мақсаты суармалы жерлерге ауысуы бойынша зерделеп, өтініш иесіне түсіндіру.
8.1. Жайылым жерлердің нысаналы мақсаты суармалы жерлерге ауысуы бойынша зерделеп, өтініш иесіне жауап жолдау. |
19.08.2024 ж.
8.1. 19.08.2024 ж.
|
(Облыс әкімінің орынбасары)
Облыстық жер қатынастары басқармасы
Ордабасы ауданының әкімдігі |
Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну |