Отырар ауданы тұрғындарымен кездесудегі (25.07.2024 ж.) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

5

6

Коммуналдық сала

1

Балтакөл, Маяқұм, Аққұм, Жаңа Шілік елді мекендерінде ауыз су жүйлерінің тозығы жеткен, Сырдария, Ақкөл елді мекендеріне ауыз жүйесі тартылмаған. Аталған мәселелердің шешілуіне ықпал жасалса.

 

Апсеметов Адилше - Балтакөл ауылының тұрғыны.

1. Елді мекендерге ауыз су жүйелерін жүргізу.

1.1. Ақкөл елді мекеніне іздеу, барлау жұмыстарын жүргізіп, сараптама қорытындысын алу.

 

1.2. Сметалық құжаттама әзірлеу.

 

1.3. Балтакөл, Маяқұм, Аққұм, Жаңа Шілік, Сырдария елді мекендеріне әзірленген сметалық құжаттамаға республикалық немесе облыстық бюджеттен қаржы бөлдіру.

 

1.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

31.12.2025 ж.

 

1.1.      

25.10.2024 ж.

 

 

1.2.      

25.12.2024 ж.

 

1.3.      

01.01.2025 ж.

 

 

 

 

 

 

1.4.      

31.12.2025 ж.

(Облыс әкімінің бірінші орынбасары)

 

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Отырар

ауданының әкімдігі

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

2

Отырар ауданына қарасты Сырдария өзенінің батыс жақ бетіндегі Аққұм, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріне газ құбыры жүргізілсе.

 

Тоқбергенов Оңалбек - Көксарай ауылының тұрғыны.

2. Елді мекендерге газ құбырын жүргізу.

2.1. 12 елді мекенге газ жеткізуші магистральдық газ құбырының құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжатын сараптамадан өткізу.

 

2.2. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.

 

2.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

30.12.2026 ж.

 

2.1. 01.10.2024 ж.

 

 

 

2.2.

2024-2025 ж.ж.

 

2.3.

2024-2025 ж.ж.

 

(Облыс әкімінің бірінші орынбасары)

 

Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

 Отырар ауданының әкімдігі

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

Денсаулық саласы

3

7 ауыл округтеріндегі емдеу мекемелерінің жедел жәрдем автокөліктерінің тозығы жетіп жарамсыз күйге түскен, жаңа жедел жәрдем автокөлігі алынып берілсе.

 

Байжұман Қалдан - Шәуілдір ауылының тұрғыны.

3. Ауылдық емханаларға жедел жәрдем автокөліктерін сатып алу.

3.1. Медициналық техникаларды лизинг жолымен сатып алу немесе облыстық бюджеттен қаржы бөлдіру.

 

 

05.07.2025 ж.

 

 

3.1.

2024-2025 ж.ж.

 

 

 

(Облыс әкімінің орынбасары)

 

Облыстық денсаулық басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Тауарды қабылдау актісімен теңгерімге алу

Ағын су мәселесі

4

Арыс өзенінен бастау алатын «Д.Алтынбеков» каналының аяқ жақ бөлігінде орналасқан Қоғам, Қарғалы ауыл округтерінің шаруаларына шілде, тамыз айларында су тапшылығы орын алады. Осыған орай, «Д.Алтынбеков» каналының аяқ жақ бөлігін 16,8 шқ бетондаса, каналға қосымша су айдайтын «Қызыл-Ту» насос станциясын қайта қалпына келтірсе, Маяқұм, Есіркеп каналдарының бас тоспалары салынса, Құлан каналын мемлекетке қайтарса, Р-1 каналының Ордабасы ауданында орналасқан бөлігін бітіруге жәрдем берілсе.

 

Жаймырза Әбдіхалық Нұрмаханұлы - Шәуілдір ауылының тұрғыны.

4. Д.Алтынбеков каналының 16,8 шқ бетондау, «Қызыл-Ту» насос станциясын қайта қалпына келтіру, Маяқұм, Есіркеп каналдарының бас тоспаларын салдыру, Құлан каналын мемлекет меншігіне қайтару, Р-1 каналын бетондау.

4.1. Д.Алтынбеков каналының 16,8 шқ бетондау үшін жобалық сметалық құжаттың сараптама қорытындысын әзірлеу;

 

4.2. Маяқұм, Есіркеп каналдарының бас тоспалары салдыру және «Қызыл-Ту» насос станциясын қайта қалпына келтірудің жобалық сметалық құжатын әзірлеу.

 

4.3. Әзірленген сметалық құжаттамаларға Су ресурстары және ирригация министрлігі арқылы қаржы бөлдіру.

 

4.4. Құлан каналын заңға сәйкес мемлекет меншігіне қайтару.

 

4.5. Ордабасы ауданында орналасқан Р-1 каналын «Тұран-Су» МКК арқылы бетондау.

30.11.2025 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

4.1.

01.09.2024 ж.

 

 

 

4.2. 30.07.2025 ж.

 

 

 

 

 

4.3.

25.11.2025 ж.

 

 

 

4.4.

30.11.2025 ж.

 

4.5.

30.06.2025 ж.

(Облыс әкімінің орынбасары)

 

«Қазсушар» РМК-нің Түркістан облыстық филиалы

(Келісімі бойынша)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Түркістан облысының жер инспекциясы департаменті

(Келісімі бойынша)

 

Отырар ауданының әкімдігі

 

Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру

Ауыл шаруашылығы саласы

5

5.1. Инвесторға қосымша талаптар қойып, келісім шартқа енгізу қажет.

- Мақта өнімін өндіру жұмыстарына 90 пайыз жергілікті азаматтарды қамту;

- 2 жыл сайын пайдаланған жердің құрамын тексеріп, сараптама жүргізу, жердің құнарлығы нашарласа қайтарып алу;

- Шаруаларға жайылым жер мәселесін қарастыру.

5.1. Заңға сәйкес инвестициялық жоба бойынша әзірленетін келісім шартқа қосымша талаптар енгізу.

5.2. Шаруаларға бос жатқан жайылымдық жерлерді ұсыну.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.1.

30.12.2024 ж.

 

 

 

5.2.

30.11.2024 ж.

(Облыс әкімінің орынбасары)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

«Turkistan»

әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы

 

Түркістан облысының экология департаменті

(Келісімі бойынша)

 

Түркістан облысы бойынша жер инспекциясы департаменті

(Келісімі бойынша)

 

Отырар

ауданының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

5.2. Аудан салығы 2021 жылы 1 млрд. 700 млн. тг. болса, 2023 жылы 5 млрд. 800 млн. тг. болған, 70 пайызы облысқа кетіп жатыр, осы қаржы ауданға бөлінсе.

5.2. Бюджетті қалыптастыру барысында заңға сәйкес қарастыру.

30.12.2024 ж.

(Облыс әкімінің орынбасары)

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Отырар

ауданының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

5.3. «Заречный» ҚРҚ БК АҚ мекемесі тарапынан әлеуметтік көмек берілсе.

5.3. «Заречный» ҚРҚ БК АҚ-на ұсыныс енгізу.

30.11.2024 ж.

(Облыс әкімінің орынбасары)

 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысы

 

Отырар

ауданының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

5.4. Түркістан облысында туризм дамуда, туристер Арыстанбаб кесенесі мен Түркістанға ғана барады, бізде үлкен мүмкіншілік бар, Маяқұм ауылындағы Әл-Фарабидің туған жері «Оқсыз қала жұртын» дамыту қолға алынса (ұлттық ойын түрлерін өткізу, спорт, т.б).

5.4. Туризмді дамыту мүмкіндіктерді қарастырып, ұсыныс енгізу.

30.11.2024 ж.

(Облыс әкімінің орынбасары)

 

Облыстық туризм басқармасы

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Отырар

ауданының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

5.5. Көп жылдан бері жөндеу көрмеген «Көксарай-Балтакөл» автожолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе.

5.5. Облыстық маңызы бар «Көксарай-Балтакөл» автожолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжатын әзірлеу.

5.5.1. Әзірленген сметалық құжаттамаға қаржы бөлу.

 

5.5.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу.

5.5.

30.10.2024 ж.

 

 

 

5.5.1.

2024-2025 ж.ж.

 

5.5.2.

2024-2025 ж.ж.

(Облыс әкімінің бірінші орынбасары)

 

Облыстық

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 

Отырар

ауданының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

5.6. Маяқұм ауылында ұялы телефон байланысы нашар. Осыған көңіл бөлінсе.

5.6. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, байланыстың сапасын жақсарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу.

2024-2025 ж.ж.

(Облыс әкімінің аппарат басшысы)

 

Облыстық

цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

 

Отырар

ауданының әкімдігі

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

5.7. Маяқұм ауылдық ауруханасынан жататын орын ашылса.

 

Есжанов Мұхтар – аудандық мәслихат депутаты.

5.7. Заңға сәйкес Маяқұм ауылдық ауруханасынан жататын орын ашу мүмкіндігін қарастырып, жауап беру.

25.08.2024 ж.

(Облыс әкімінің орынбасары)

 

Облыстық

денсаулық сақтау басқармасы

Атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсыну

 

Дата публикации
30 июля 2024