Созақ ауданының тұрғындарымен кездесудегі (18.07.2024 жыл) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Р/н

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

 

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

1

2023 жылы Балдысу елді мекенін орталықтан-дырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыс-тары басталған болатын, аталған ауыз су құрылысы қашан аяқта-лады екен. 

 

Оспанов Әбдіразақ – Балдысу елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер

1. Балдысу елді мекенін орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.

 

1.1.     Құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалау;

 

1.2.     Елді мекендегі ауыз су құрылысы жұмыстарын аяқтау.

2024 жыл

 

 

 

 

1.1. Тұрақты

 

 

 

1.2. 31.10.2024 жыл

Созақ ауданының әкімдігі

Нысанды   пайдалануға беру

 

2

Шолаққорған ауылындағы С.Қожанов көшесінің «Мыңжылқы» мәдениет үйі мен Бекұлы базары аумағындағы орталық көшеге әрбір жауын-шашын, қар жауған сайын су қалдықтары жиналып Халық банк пен Бекұлы базары аралығындағы жолды су басып, халықты әбігерге салады. Осы мәселенің түбегейлі шешілуін қолға алсаңыздар екен. Осы су жиналатын аралыққа су өткізетін жағдай жасалса.

 

Бабашов Әнуарбек – Шолаққорған ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер

2. Шолаққорған ауылын-дағы С.Қожанов көшесінің бойына жиналатын су қалдықтарын өткізетін арықтар салу.

 

 

2.1 Құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалау;

 

2.2. Құрылыс сапасын тұрақты бақылап, мерзімінде пайдалануға беру.

2024 жыл

 

 

 

 

 

 

2.1. Тұрақты.

 

 

 

2.2. 31.10.2024 жыл

 

 

 

 

Созақ ауданының әкімдігі

Нысанды қабылдау актісі және пайдалануға беру

 

3

Шолаққорған ауылына
1969 жылы орнатылған қосалқы станция қазіргі уақытта 11 елді мекендегі
40 мыңға жуық тұрғындарды электр қуатымен қамтуда. Алайда, аталған қосалқы станция қазіргі уақытқа дейін жаңартылмаған, жел болған күндері жиі өшеді, жарамыз жағдайда.

Аудан тұрғындарын үздіксіз, сапалы электр жарығымен қамтуға ықпал жасауыңызды сұраймыз.

 

Шалмағанбетов Мүсірәлі – Абай елді мекенінің тұрғыны

3. Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы ескірген қосалқы станцияны жаңарту.

 

3.1. Қосалқы станцияны жаңарту бойынша тиісті сараптама қортындысын алу;

3.2. Қосалқы станцияны жаңартып, іске қосу.

 

2024-2027 жылдар

 

 

 

 

 

3.1. 30.12.2025 жыл

 

 

       

3.2. 30.12.2027 жыл

 

 

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Түркістан облысы бойынша филиалы

(келісімі бойынша)

 

Созақ ауданының әкімдігі

 

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

(келісімі бойынша)

Нысанды қабылдау актісі және пайдалануға беру

 

Түсіндірілді

Өзге мәселе                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

4

Созақ ауданында орналасқан бұрынғы «Мардан» лагері сияқты, аудан аумағында лагерлерді ашу қолға алынса.

Ларгердің 1 маусымын озат оқушылардың тегін демалуына арнаса деген ұсынысым бар.

 

Райымқұлова Ырысты –
Шолаққорған ауылының тұрғыны, зейнеткер

4. Балаларға арналған жазғы демалыс лагерін ашу.

Қазіргі таңда басымдық мектептерге берілгендіктен мемлекеттік бюджет есебінен лагерлерді ашу қарастырылмаған. Алдағы уақытта Созақ ауданында жеке инвестор тарапынан ашу жоспарланса, әкімдік қолдау көрсетуге дайын.

Ономастика

5

Менің әкем Райымқұлов Тәбет Ұлы Отан соғысының ардагері. Келесі жылы Ұлы Отан соғысына 80 жыл толуына орай әкеме көше атауы берілсе екен.

 

Райымқұлова Ырысты –
Шолаққорған ауылының тұрғыны, зейнеткер

5. Ұлы Отан соғысының ардагеріне көше атауын беру.

Қазіргі таңда, ҚР Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы  28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, сондай-ақ объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімдерін беруге мейлінше шектеу қойылғандықтан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан ортақ тарихи сананы қалыптастыру үшін «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» тізімдері әзірленіп, ҚР Президенті Әкімшілігімен келісіліп, жұмыс барысында басшылыққа алынып жұмыс жүргізілуде.

Әдістемелік ұсынымдардың талаптарында «Тарихи тұлғалар» тізімін өзектендіру жөнінде ұсыныстарды облыстық ономастика комиссиясының отырысында талқылап, қорытындысымен, ономастикалық жұмыс критерийлеріне сәйкес келетін тұлғалар туралы толық мәліметті дәлелді құжаттарымен бірге Республикалық ономастика комиссиясының қарауына мәселені одан әрі шығару үшін үш жылда бір,
1 қарашасына дейін ономастика саласындағы уәкілетті органға (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі) «Тарихи тұлғалар» тізбесін өзектендіру жөнінде ұсыныстар енгізуге болады.

Осыған орай, Сіз ұсынған тұлғалардың есімін ұлықтау үшін, дәлелді құжаттарымен бірге алдағы 2027 жылғы өзектендіру барысында Созақ  аудан әкімдігінен ұсыныс түсуі керектігін назарыңызға саламыз.

 

Дата публикации
30 июля 2024