Ішкі аудит қызметімен 2024 жылғы II-жартыжылдықта 4 мемлекеттік аудит объектісінде (оның ішінде: 2 мемлекеттік мекемеде (1) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі. 2) Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі) және 2 квазимемлекеттік сектор субъектіде, (1) Түркістан облысының білім басқармасының «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2) Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны)) тиімділік, сәйкестік аудиті жүргізілді.
Аудиторлық іс-шарамен жалпы 21 949 308,0 мың теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтар сомасы 1 332 531,2 мың теңгені құрайды, оның ішінде рәсімдік бұзушылықтар 1 255 512,7 мың теңге, бюджетке өтелетін қаржылық бұзушылықтар 77 018,0 мың теңгенің 8 134,0 мың теңге қаржысы қайтарылып және тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 27,7 мың теңге айыппұл өндірілген.
Аудит объектісіне жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысымен анықталған бұзушылықтардың себептерін жоюға бағытталған, аудит объектінің қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар аудит объектісіне және бағдарлама әкімшісіне жолданды.