Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесудегі (03.05.2024 ж.) өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспары

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

 

1

2

3

4

5

6

 

Денсаулық сақтау саласы

 

1. Еңбекші ауылдық округі, Шұғыла, Нұрлытаң  елді мекендеріндегі  медициналық нысандар болмауына байланысты елді мекендерге  медициналық нысандар салынса екен, осы өтінішімізді өз бақылауыңызға алсаңыз.

Еңбекші ауылдық округі ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шымбаев Нұралы.

1. Шұғыла және Нұрлытаң  елді мекендерінде  медициналық нысандар құрылысын жүргізуге бөлінген қаржының мақсатты игерілуі және құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынсын.

 

30.12.2024 ж.

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Нысанды қабылдау актімен пайдалануға беру

 

 

Ауыл шаруашылығы саласы

2.

2. Мақта шаруашылығын субсидияландыру  мәселесі.

Бөриев Кенжебек – Атакент кентінің тұрғыны

 

2. Шаруаларға мақта шаруашылығын субсидиялау шарттары  туралы түсіндіру шараларын жүргізу.

 

Тұрақты

 

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу

 

Білім саласы

3.

3. №3 А.Пушкин атындағы  жалпы орта мектебі  аудан орталығында орналасқан,  1000-ға жуық оқушы білім алатын, үлкен мектеп болып саналады.  Мектеп ғимараты 1967 жылы пайдалануға берілген, қазіргі таңда әбден тозығы жеткен,  мектепке күрделі жөңдеу жұмыстарын өткізуді сұраймыз.

Ердешев Махамбет – аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

3. №3 А.Пушкин атындағы  жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

01.09.2024 ж.

Облыстық білім басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Нысанды қабылдау актімен пайдалануға беру

 

 

Басқа мәселе

4.

4. 2020 жылы 1 мамырда Сардоба су қоймасының бұзылуына байланысты Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғын үйлерге өтемақы төлеу бойынша Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы, аудандық мәслихат төрағасы Қадыр Тұранұлы және 32 адамнан тұратын құрылған комиссияның үстінен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                   іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментіне                      2022 жылдың 28 шілдесінде арызданған. Осы уақытқа дейін қорытындысын ала алмай жүр.

 

Иманбетов Темірбек 

Жаңажол ауылдық округі, Жеңіс елді мекенінің тұрғыны

4. Көтерілген мәселе бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, түсіндірме алу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментіне сұраныс хат жолдау.                    

 

 

01.07.2024 ж.

Түркістан облысы әкімінің аппараты (мемлекеттік құқықтық бөлімі)

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Хат

 

Дата публикации
14 мая 2024