|
|
||||||
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы
|
|
2023 ЖЫЛДЫҢ І- ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ КЕЗДЕСУІ (10.03.2023 жылы) |
||||||
|
Коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары |
||||||
|
1. |
Қаламыздың орталығында орналасқан орталық жылу қазандығы 1984 жылы құрылған. Қазандық ескі технологиямен жұмыс жасайды. Ескірген орталық жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе және осы жылу қазандығы табиғи газға ауыстырылса, қаламыз қара түтіннен арылып, экологиялық жағдай жақсаратын еді. Осы мәселенің шешімін табуына ықпал етсеңіз.
(Ромашов Құрманбек - Арыс қаласының тұрғыны) |
1. Орталық жылу қазандығына күрделі жөндеу және орталық жылу қазандығын табиғи газ арқылы жылытылатын модульдік қазандыққа ауыстыру жұмыстарын жүргізу. 1.1. Орталық жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. 1.1.1. Сметалық құжаттамасын дайындау. 1.1.2. Жергілікті және облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 1.2. Орталық жылу қазандығын табиғи газ арқылы жылытылатын модульдік қазандыққа ауыстыру жұмыстарын жүргізу. 1.2.1. ЖСҚ-сын дайындау және сараптама қорытындысын алу. 1.2.2. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
1.1. 01.07.2024 ж.
1.1. 30.09.2023 ж.
1.1.1. 03.04.2023 ж 1.1.2. 15.05.2023 ж
1.2. 01.07.2024 ж.
1.2.1. 27.03.2023 ж
1.2.2. 15.05.2023 ж |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру
|
1.1. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамалары дайындалып, қазандыққа жөндеу жұмыстарына 187,0 млн теңге қаржы қаралып, мердігер мекемемен келісімшарт түзіліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді. 1.2. «Арыс жылу» КМК-ға қарасты орталық қазандығын табиғи газға ауыстыру үшін, ғимарат жер аумағынан «Модульдік қазандық» құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ дайындалып, 2023 жылы 400,0 млн теңге республикалық бюджеттен қаржы қаралып, игерілді. Мердігер «Trendim KZ» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде, нысан өтпелі. Қазіргі таңда 2024 жылға 51,0 млн теңге қаржы бөлінді. |
|
2. |
Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендеріндегі электр бағаналары, сымдары ескірген, трансформаторлар тозған, ауыстыруды қажет етеді. Аталған елді мекендердегі электр жүйелерінің жаңартылуына ықпал етсеңіз.
(Жақсылықұлы Ербол - Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай елді мекенінің тұрғыны) |
2. Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу. 2.1. ЖСҚ дайындау және сараптама қорытындысын алу.
2.1.2. Республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
|
2. 15.04.2024 ж.
2.1. 27.03.2023 ж.
2.1.2. 15.05.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
2.1. Монтайтас ауылдық округінің Шағыр, Бақырша, Ақтас елді мекендерінің электр бағаналары мен трансформаторларын жаңарту үшін ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптаманың 31.12.2021 ж. №ОS-110/21 және №QS-0101/21 оң қорытынды алынды. 2.1.2. 2023 жылға Шағыр елді мекеніне 148,4 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер «Стар Строй» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Келісімшарт бойынша аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Бақырша, Ақтас елді мекендеріне 90,3 млн теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мердігер «Старт Строй» ЖШС анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. |
|
3. |
Монтайтас ауылдық округі, Атамекен елді мекенінің жолдары мен көшелерінің тозығы жеткен және кейбір көшелерде асфальт жоқ. Осы мәселе қолға алынып, жолдар салынса екен.
(Оңалбаев Дүйсенбек- Монтайтас ауылдық округі, Атамекен елді мекенінің тұрғыны) |
3. Атамекен елді мекені жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. 3.1. Сметалық құжаттама дайындау. 3.2. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
3.1. 25.08.2023 ж.
3.1. 25.03.2023 ж. 3.2. 03.04.2023 ж.
|
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
3.1. Монтайтас ауылдық округінің Атамекен елді мекеніндегі 7,3 шқ. құрайтын 13 көше орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. |
|
4. |
Арыс-Монтайтас тасжолы, Арыс-Шардара тас жолдары сапалы жолдар. Алайда құм, тас таситын ауыр жүк көліктерінің салмағынан аталған жолдар бүлінуде, осы жолдарды күтіп ұстауға көбірек көңіл бөлінсе.
(Сүйінбаев Убайдулла - Арыс қаласының тұрғыны) |
4. Арыс қаласынан өтетін Арыс - Монтайтас, Арыс - Шардара бағытындағы бүлінген жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу. 4.1. Бүлінген жолдарды жөндеуге сметалық құжаттама дайындау және ведомстволық сараптама қорытындысын алу. 4.2. Облыстық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
4. 25.04.2025 ж.
4.1. 25.04.2024 ж.
4.2. 25.04.2024 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Облыстық көлік бақылау инспекциясы
Облыстық полиция департаменті
Арыс қаласының әкімдігі |
Нысанды қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
4. КХ-92 «Арыс-Монтайтас» облыстық маңызы бар автомобиль жолының бүлінген 8 шақырымы мердігер мекеме «Югдорстрой» ЖШС тарапынан қайта қалпына келтірілді. |
|
5. |
Табиғи газ қала көшелеріне қашан кіреді, газ құбырын орнату ақысын бөліп төлеуге болады ма, жалпы қалаға газды толық кіргізу жоспары бар ма?
(Рысбаев Жақсылық - Арыс қаласының тұрғыны) |
5. Арыс қаласын табиғи газбен толық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.
|
5. 25.12.2024 ж.
|
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
2022 жылдың қараша айынан бастап қаладағы |
|
6. |
Салықбаев көшесінде тұрамын. Толастап жауған жаңбырлы күндері көше бойында үнемі су жиналады.
(Рысбаев Жақсылық - Арыс қаласының тұрғыны) |
6. Салықбаев көшесіне жаңбыр сулары жиналатын орындарды ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізу
|
6. 25.08.2023 ж.
|
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
|
Ұсыныс енгізу |
6. Салықбаев көшесінде еріген қар, толасып жауған жаңбыр салдарынан су жиналатын орындарға 1607,028 мың теңгеге сметалық құжаттама әзірленіп, 2024 жылға бюджеттік өтінім берілді. |
|
|
«Арыс Теміржолсу» ЖШС мекемесінен су ішеміз. Ауыз судың сапасы төмен, осы мәселеге көмектессеңіздер.
(Рысбаев Жақсылық - Арыс қаласының тұрғыны) |
7. Арыс қаласында орналасқан «Арыс Теміржолсу» ЖШС-нан ауыз су тұтынатын 2200 абонентті (тұрғын үй) сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жаңа су құбырларының құрылысын жүргізу.
7.1. ЖСҚ дайындау және сараптама қорытындысын алу.
7.2. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыға республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
7. 30.12.2024 ж.
7.1. 30.07.2023 ж.
7.2. 30.11.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
7. «Теміржолсу-Арыс» ЖШС-на қарасты су құбырлары ескіріп, тозығы жетуіне байланысты, жаңадан су құбырларын жүргізу үшін «Арыс топтастырылған» су жүйесі өндірістік бөлімшесі мекемесі арқылы, жер асты ауыз суын беру мақсатында, ЖСҚ-сын дайындауға қалалық бюджеттен 8,1 млн теңге қаржы бөлініп, сараптаманың оң қорытындысы алынып, республикалық бюджетке қаржы бөлдіруге өтінім жолданды. Нәтижесі күтілуде. |
|
Құрылыс |
||||||
|
8. |
Арыс қаласының Қожатоғай елді мекеніндегі ауылдық клуб 1953 жылы салынып, қазіргі таңда ескірген. Ауыл тұрғындары, әсіресе жастарымыздың өнерін шыңдап, салауатты өмір салтын ұстануы үшін заманауи клуб пен спортзал құрылысының салынуына ықпал етсеңіз.
(Мақметханов Дүйсенхан - Қожатоғай елді мекенінің тұрғыны) |
8. Қожатоғай елді мекенінен заманауи спортзал құрылысын салу жұмыстарын жүргізу, клуб кітапхана комплексін салу бойынша ұсыныс енгізу 8.1. Қожатоғай елді мекенінен заманауи спортзал құрылысын салу жұмыстарын жүргізу. 8.1.1. Сметалық құжаттама дайындау.
8.1.2. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында спортзал салуға республикалық бюджеттен қаржы бөлу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
8. 16.12.2024 ж.
8.1. 16.12.2024 ж.
8.1.1. 25.03.2023 ж.
8.1.2. 15.05.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
8.1.1. Арыс қаласының Қожатоғай елді мекенінен спортзал ғимаратының құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуда. Нысан ағымдағы жылдың мамыр айында мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданып, пайдалануға берілетін болады. |
|
8.2. Қожатоғай елді мекенінен клуб, кітапхана комплексі құрылысын салу бойынша ұсыныс енгізу. |
8.2. 30.05.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық мәдениет басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
|
8.2. Арыс қаласының Қожатоғай елді мекеніндегі ауылдық клуб 1953 жылы ыңғайластырылып салынған, қазіргі таңда аталған ғимараттың тозығы жеткен. Осыған байланысты Арыс қаласы әкімдігі тарапынан, Арыс қаласы, Қожатоғай ауылдық округінен клуб, кітапхана комплексі құрылысын салу үшін жобалаушы мекеме «ADL System» ЖШС-ның демеушілігімен 120 орындық клуб кітапхана комплексі құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамада, нәтижесі күтілуде. Жобаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, 2025 жылдың бюджетін нақтылау кезінде «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында құрылысына қажетті қаржыға сұраныс берілетін болады. Аталған жоба қолдау тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Облыс әкімі Д.Сатыбалдыға 30.05.2023 ж. №229-01/10-15/1135 хат жолданған. |
||
|
Өзге мәселелер |
||||||
|
9. |
Арыс қаласындағы Арыс-1 вокзалы арқылы, оның ішіндегі Сарыағаш-Астана бағыты бойынша өтетін пойыздар қайта жүргізілсе.
(Сүйінбаев Убайдулла - Арыс қаласының тұрғыны) |
9. Арыс - 1 теміржол вокзалы арқылы Сарыағаш-Астана бағытында пойыз қатынасын ұйымдастыру туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Шымкент магистральдік желі бөлімшесі» филиалына ұсыныс енгізу. |
9. 30.05.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Арыс қаласының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу |
9. «Астана - Сарыағаш» бағытындағы пойызға халық сұранысының аз болуына байланысты тиісті министрлікпен келісіліп, «Сарыағаш-Астана» бағытындағы поезд қатынасы «Астана-Шымкент» бағытына ауыстырылған. («Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ «Шымкент магистральдік желі бөлімшесі» филиалының 27.02.2023 ж. №НЖС-8/423-4 хаты және «Жолаушылар тасымалы» АҚ Облыстық жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасына жолдаған 10.03.2023 ж. хаты) |
|
10. |
Арыс қаласының «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін арнаға автомобиль жолы салынған, автомобиль жолы көпірдің үстінен өтуі керек. Аталған арнаның алдынан бөгет қойылған, су өтуге мүмкіндік жоқ.
(Сүйінбаев Убайдулла - Арыс қаласының тұрғыны) |
10. Арыс қаласының «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін арнаға, бөгетке (дамба) зерделеу жүргізіп, ұсыныс енгізу. |
10. 30.05.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Арыс қаласының әкімдігі
|
Ұсыныс енгізу |
10. «Наурыз» тұрғын ауданындағы теміржол көпірі астынан жаңбыр және еріген қар сулары өтетін арнаға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аталған су өту арнаның алдынан бөгет қойылып, арнаның су өткізу мүмкіндігі шектелгендігі анықталған болатын. Қазіргі таңда жаңбыр және еріген қар суларының арнадан кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. |
|
11. |
Қаладағы «Integta Costruction KZ» ЖШС теміржолға қызмет ететін мекемесі аумағынан логистикалық орталық ашу бойынша ұсыныс.
(Шорахан Телқозы- Арыс қаласының тұрғыны) |
11. Қаладағы «Integta Costruction KZ» ЖШС мекемесі аумағынан логистикалық орталық ашу туралы ұсыныс енгізу.
|
11. 30.05.2023 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Түркістан» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы (келісім бойынша) Арыс қаласының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу |
11. Арыс қаласынан «MEGA-AGAT» ЖШС жоба құны 4,0 млрд. теңгені құрайтын Европаның "А" стандартына сәйкестендірілген 6 га аумақта 15000 шаршы метрді құрайтын транспорттық-логистикалық орталығының құрылысы жүргізілуде. Жоба жоспарында 3000 шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкөніс сақтау қоймасы, 12000 шаршы метрі қатты заттар сақтау қоймасы болады. Жобаның мақсаты көршілес ТМД елдерінен алыс-жақын Азия, Европа елдерінен тауар айналымын күшейтіп, халыққа азық-түлік бағасын қол жетімді етіп тұрақтандыру. Ұсыныс жасаған қала тұрғыны Т.Шораханға жоба туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс иесі қанағаттанды. |
|
Жер мәселесі |
||||||
|
12. |
Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы жерлерінің шекарасын өзгерту бойынша ұсыныс.
(Шорахан Телқозы- Арыс қаласының тұрғыны) |
12. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе Арыс қаласы мен Ордабасы ауданы жерлерінің шекарасын өзгерту бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу. |
12. 30.05.2023 ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы Облыстық жер қатынастары басқармасы Арыс қаласының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу |
12. Арыс қаласының тұрғыны Т.Шораханның Арыс қаласы халқының мал басына ортақ жайылым жерді ұлғайту туралы ұсынысына сәйкес, Ордабасы аудандық «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округінен жайылымдық жер учаскесін маусымдық пайдалануға беру туралы 24.05.2023 ж. №230-18/02-05/1107 ұсыныс хат жолданған. Ордабасы аудандық «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» басшысы Б.Алтынбековтың 21.07.2023 ж. №229-16/07-21/437 жауап хатында Ордабасы ауданы әкімдігінің 11.07.2022 ж. №247 қаулысымен Бөржар ауылдық округі, Қалаш елді мекенінің тұрғылықты халқының малын жаюға ортақ жайылымға тұрақты бекітіліп берілген жер учаскелеріне Арыс қаласының Парковый, Алатау, Стадион шағын аудандары тұрғындарының малының жайылуына кедергі жоқ екендігі хабарланған. Аталған мәселе туралы қала тұрғыны Т.Шораханға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс иесі қанағаттанып, ұсыныс иесі тарапынан өз ұсынысын қараусыз қалдыру туралы өтініш берілді. |
|
2023 ЖЫЛДЫҢ II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ КЕЗДЕСУІ (10.08.2023 жыл) |
||||||
|
Коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары |
||||||
|
1. |
Қалаға табиғи газ қосу мәселесін айтып өттіңіз. Осы жұмыстар жалғасын табады деп сенеміз. Қаладағы «Сырдария», «Хлопком», «Наурыз» тұрғын аудандарын табиғи газға қосу мәселесі шешімін тауып, күн суымай тұрғын үйлерге табиғи газ кірсе екен деген өтінішім бар.
(Зулпыхаров Бақытжан - Арыс қаласының тұрғыны) |
1. Арыс қаласының «Сырдария», «Хлопком», «Наурыз» тұрғын аудандарын табиғи газға қосу жұмыстарын жүргізу. |
2023 жылғы 29 желтоқсанға дейін |
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы |
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
1. Арыс қаласын табиғи газға қосу жұмыстары «Жібек жолы – Келес Газ» ЖШС-на сенімгерлік басқаруға беріліп, «Сырдария», «Хлопком», «Наурыз» тұрғын аудандарын табиғи газға қосу бойынша кемшіліктерді ретке келтіру және жүйелерді қысымдау (опрессовка) жұмыстарын жүргізуде.
|
|
2.
|
Қаладағы «Саяжай» тұрғын ауданындағы Қарақат көшесіне асфальт жол салынбаған. Жаңбырлы күндері топырақ жол лайға айналады. Осы көшеге асфальт жол салу бойынша өтінішіміз бар. Сондай-ақ, қаладағы «Оңтүстік» тұрғын ауданындағы Едіге батыр көшесіне де асфальт жол салу өте қажет болып отыр.
(Шілманов Тұрар- Арыс қаласының тұрғыны) |
2.1. «Саяжай» тұрғын ауданындағы Қарақат көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін |
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
2.1. Мердігер мекеме («Рарог-Сервис-Астана» ЖШС) анықталып, тас төсеу жұмыстарын жүргізді. 2024 жылы жергілікті бюджеттен 10,630 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде. |
|
2.2. «Оңтүстік» тұрғын ауданындағы Едіге батыр көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
2023 жылғы 1 желтоқсанға дейін |
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
2.2. Мердігер мекеме («Рарог-Сервис-Астана» ЖШС) анықталып, тас төсеу жұмыстарын жүргізді. 2024 жылы жергілікті бюджеттен 11,254 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде. |
||
|
Қоғамдық көлік |
||||||
|
3. |
Қаламызда былтыр автобус қатынасы жүріп, халыққа тиімді болды. Ендігі кезекте халыққа ыңғайлы болу үшін автобус аялдамалары орнатылса.
(Досымбекова Зылиха - Арыс қаласының тұрғыны) |
3. Қаладағы әлеуметтік маңызы бар бағыттарда қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін аялдамалар орнату жұмыстарын жүргізу. Жыл соңына дейін қосымша 10 аялдама орнату. |
2023 жылғы 29 желтоқсанға дейін |
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
3. Қаладағы әлеуметтік маңызы бар бағыттарда аялдамалар орнатуға алдағы 2024 жылға бюджеттік өтінім беріледі. |
|
Абаттандыру |
||||||
|
4. |
Теміржолшылар саябағының ашылғанына бәріміз, әсіресе жастарымыз қатты қуанды. Біздің жастық шағымызда осы саябақта карусель болатын еді, сондай карусель орнатылса, балаларымызға жақсы болар еді.
(Байков Расиль -Арыс қаласының тұрғыны) |
4. Теміржолшылар саябағына ойын құрылғыларын (карусель) орнату жұмыстарын ұйымдастыру. |
2023 жылғы 29 желтоқсанға дейін |
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
|
Нысанды қабылдау актісімен пайдалануға беру |
4. Теміржолшылар саябағына ойын құрылғыларын (карусель) орнатуға бюджеттен 4,5 млн.тг қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпаз анықталмады. |
|
Өзге мәселелер |
||||||
|
5. |
Отырар ауданына қарасты Темір станциясы мен Түркістан қаласының арасындағы 15 шақырым жерде бір жақты теміржол бар, екінші (параллель орналасқан) жол салынбай қалған. Осы мәселе қолға алынып, жоғарыда айтылған аралыққа екінші теміржол салынуы керек деп ойлаймын. Шымкент-Сарыағаш бағытындағы қала маңына қатынайтын (пригородный) пойыз тоқтаусыз жүреді, ал Түркістан-Шымкент бағытындағы пойыз қатынасы тұрақсыз, 1 ай жүрсе, 1 ай тоқтайды. Себебі аталған бағытта қатынайтын пойыз локомотиві дизель отынын тұтынады. Ал дизель отыны қыстың күндері қатып қалып, жүрмеуде. Осыған байланысты менің ұсынысым - Арыс пен Түркістан қалаларының арасында қатынайтын тепловоздың орнына электр пойызы қатынасы ұйымдастырылса тиімді болар еді.
(Қошқаров Ақынбаба - Арыс қаласының тұрғыны) |
5.1. Отырар ауданына қарасты 37- разъезд бен Түркістан қаласының арасындағы 32,2 шақырым жерге екінші (параллель орналасқан) жол салу мәселесі бойынша ұсыныс енгізу.
|
2023 жылғы 31 тамызға дейін |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ГП Шымкент бөлімшесі» филиалы (келісім бойынша) |
Ұсыныс енгізу |
5.1. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға жергілікті тұрғындардың ұсынысы негізінде, Темір мен Түркістан станцияларының арасындағы біржақты теміржол желісіне параллель екінші теміржол желісін салу бойынша 08.09.2023 ж. №30/9872 және Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалына жоғарыда аталған мәселе бойынша ақпарат ұсыну туралы 08.09.2023 ж. №30-06-16/1603 хат жолданған. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 14.09.2023 ж. №ЗТ-Ж-1257 және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалының 12.09.2023 ж. №НОДГП-9/82 хаттарымен Теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысын іске асыру техникалық-экономикалық негіздеме шеңберінде айқындалатындығы, ТЭН-ді әзірлеу 2027-2030 жылдарға жоспарланғандығы хабарланды. |
|
5.2. Шымкент - Түркістан бағытында Арыс қаласы арқылы өтетін (пригородный) пойыз қатынасында электр қуатымен жүретін пойыздарды жүргізу мүмкіншілігін зерделеп, ұсыныс енгізу. |
2023 жылғы 31 тамызға дейін |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «ГП Шымкент бөлімшесі» филиалы (келісім бойынша)
|
Ұсыныс енгізу |
5.2. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-на жергілікті тұрғындардың ұсынысы негізінде, Арыс пен Түркістан қалаларының арасындағы теміржол желісін электрофикациялау бойынша 08.09.2023 ж. №30/9872 және Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалына жоғарыда аталған мәселе бойынша ақпарат ұсыну туралы 08.09.2023 ж. №30-06-16/1603 хат жолданды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 14.09.2023 ж. №ЗТ-Ж-1257 және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «ЖТ Шымкент бөлімшесі» филиалының 12.09.2023 ж. №НОДГП-9/82 хаттарымен теміржол желісін электрлендіру техникалық-экономикалық негіздеме шеңберінде айқындалатындығы, ТЭН-ді әзірлеу 2027-2030 жылдарға жоспарланғандығы, сонымен қатар «Түркістан-Шымкент» бағытындағы қала маңында қатынайтын пойыз кестеге сәйкес аптасына 5 рет тоқтаусыз қатынап жатқандығы хабарланды. |
||
|
6. |
Қаламыздағы мұражай ескі, кішкентай ғана ғимаратта орналасқан. 9 жолдың торабы болған қаламызға көптеген тұлғаларымыз, оның ішінде теміржол саласы майталмандарының көп еңбегі сіңген. Менің тілегім - қала ішінен арнайы жер бөліп, үлкен мұражай салынса. Осы мәселеге көңіл бөлсеңіздер екен.
(Балқыбеков Қонысбек - Арыс қаласының тұрғыны) |
6. Арыс қаласынан мұражай салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу. |
2023 жылғы 20 қазанға дейін |
Облыстық мәдениет басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова
|
Ұсыныс енгізу |
6. Арыс қаласы әкімдігі тарапынан жаңа мұражай салу үшін жер телімдері бөлініп, құрылысын жүргізу үшін СЖТ дайындалды, мұражай салу мәселесін зерделеп ұсыныс беру бойынша Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаевқа 08.09.2023 ж. №229-01/10-15/1916 хат жолданды.
|