|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
|
2023 жылдың 1-жартыжылдықтағы кездесу (17.02.2023 ж) |
||||||
|
Жол саласы |
||||||
|
1 |
Таңатар елді мекеніне кіре беріс 3 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүруіне ықпал жасасаңыз? (Алғабас а/о, Таңатар е/м тұрғыны, Тұрлыбеков Өркен, зейнеткер) |
1. Таңатар елді мекеніне кіре беріс жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
1.1. Қажетті қаржыны қарастыру.
1.2. Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
2023-2024 ж.ж.
1.1. 2023 жылдың маусым айы
1.2. 2023 жылдың қараша айы
|
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы, Бәйдібек ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Таңатар елді мекеніне кіре беріс облыстық маңызы бар 3,0 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына қажетті 254 792,0 мың теңге қаржысынан 2023 жылға 10000,0 мың теңге қаржысы қаралып, «Береке» ЖШС-гі тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысан пайдалануға берілді. |
|
2 |
Ақтас елді мекеніндегі С.Пашенұлы және О.Сенгірбайұлы көшелеріне асфальт жол салуға жәрдем берсеңіз. (Борлысай а/о, Ақтас е/м тұрғыны, Жарқынбаев Бейсен, зейнеткер) |
2. Ақтас елді мекеніндегі С.Пашенұлы және О.Сенгірбайұлы көшелеріне асфальт жол салу.
2.1. Қажетті қаржыны қарастыру.
2.2. Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
2023 жыл
2.1. 2023 жылдың маусым айы
2.2. 2023 жылдың қараша айы |
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы, Бәйдібек ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Ақтас елді мекені С.Пашенұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына 52 867,0 мың теңге, О.Сенгірбайұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына 54 130,0 мың теңге қаржысы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. |
|
Білім саласы |
||||||
|
3 |
Ақбастау ауылдық округіндегі Шоқан Уалиханов ЖОМ-не күрделі жөндеу жұмыстары жүруіне ықпал жасасаңыз. (Ақбастау а/о, Ақбастау елді мекенінің тұрғыны Досболаев Асан Жамалбекұлы) |
3. Шоқан Уалиханов ЖОМ-нің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. 3.1. ЖСҚ әзірлеу және мем.сараптаманың қорытындысын алу. 3.2. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 3.3. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
2023-2024 ж.ж.
3.1. 2023 жылдың сәуір айы
3.2. 2023 жылдың маусым айы
3.3. 2023-2024 ж.ж.
|
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту, экономика, құрылыс, басқармалары Бәйдібек ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қазіргі таңда, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс тық бюджет есебінен 440 038,457 мың теңге қаржыға жобалық сметалық құжат (ЖСҚ) әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, облыстық салалық басқармаға қаржыландыруға ұсыныс енгізілді. Қаржы бөлінуі күтілуде. |
|
4 |
1. Алмалы ауылдық округі Жарықбас елді мекеніндегі Л.Өтешов атындағы жалпы орта мектебінің шатыры тозып, су өтуде. Шатырын ауыстыру жұмыстарына жәрдем берсеңіз. (Алмалы а/о, Жарықбас елді мекенінің тұрғыны Умышев Темірхан, Алмалы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы) |
4. Л.Өтешов атындағы ЖОМ-нің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. 4.1. ЖСҚ әзірлеу және мем.сараптаманың қорытындысын алу. 4.2. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 4.3. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
2023-2024 ж.ж.
4.1. 2023 жылдың сәуір айы
4.2. 2023 жылдың маусым айы
4.3. 2023-2024 ж.ж.
|
Түркістан облысының құрылыс, адами әлеуетті дамыту, экономика, басқармалары
Бәйдібек ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Л.Өтешов атындағы жалпы орта мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында |
|
2023 жылдың 2-жартыжылдықтағы кездесу (16.08.2023 ж) |
||||||
|
1 |
Индустриялық аймақты тиімді пайдаланса (Боралдай а/о, Боралдай е/м тұрғыны Сегізхан Орынбасар) |
Индустриялық аймақтың инфрақұрылым жүйелерін толық қалпына келтіру. 1.1. Индустриялық аймаққа тартылған ифрақұрылым жүйелерін (су, жарық, жол) қалпына келтіру. 1.2. Аймаққа табиғи газ тарту жұмыстарына қажетті қаржы қарастыру. 1.3. Жоба ұсынған кәсіп орындарға тиісті жер телімін заң аясында шешіп беру. 1.4. Индустриялық аймаққа инвестор тарту жұмыстарын жүргізу. |
2023-2025 жж.
1.1. 29.12.2023 жыл
1.2. 2023-2025 ж.ж.
1.3. Тұрақты
1.4. Тұрақты |
Облыс әкімінің орынбасары
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
Түркістан «ӘКК» АҚ
«Turkistan» индустриялды аймақтардың басқарушы компаниясы,
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,
Бәйдібек ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Индустриялық аймаққа тартылған ифрақұрылым жүйелері (су, жарық, жол) толық қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда травертин тасын өндіру бағытында 1 (Каз Травертин ЖШС) жоба орналастырылып, құжаттары рәсімделуде.
|
|
2 |
«Бәйдібек ата» су қоймасы қашан пайдалануға беріледі? (Бөген а/о, Шалдар е/м тұрғыны Жапбарбек Сұлтанбеков зейнеткер)
|
«Бәйдібек ата» су қоймасын салу. 2.1. Құрылыс монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу, құрылыс жұмыстарын бастау. 2.2. Құрылыс жұмыстарын аяқтау.
|
2023-2025ж.ж. 2.1. 31.10.2023 жыл
2.2. 2025 жыл
|
Облыс әкімінің орынбасары Н. Көшеров
Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы,
Бәйдібек ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Республикалық бюджеттен ақша бөлінген жағдайда 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.
|
|
3 |
Жарықбас елді мекеніне алғашқы медициналық көмек көрсететін мекеменің салынуына жәрдем берсеңіз.
(Алмалы а/о, Жарықбас е/м тұрғыны, Досбергенов Қуаныш зейнеткер)
|
Жарықбас елді мекеніне дәрігерлік амбулатория салу. 3.1. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында соғылатын дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау. 3.2. Құрылыс жұмыстарын аяқтау. |
2024 жыл
3.1. 29.03.2024 жыл
3.2. 30.12.2024 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. |
|
4 |
Есіркеп батыр атына беріліп келе жатқан турнирді облыс деңгейінде мемлекеттік бағдарламаға енгізілсе.
(Ағыбет а/о, Ағыбет е/м тұрғыны Жарылқасын Даулет композитор) |
Есіркеп батыр атынан берілетін турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан ұйымдастыру. 4.1. Заңдылығын қарап, спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесіне енгізу.
|
2023 жыл
4.1. 29.12.2023 жыл |
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы
Бәйдібек ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Есіркеп батыр атынан берілетін турнир Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру негізгі күнтізбелік спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, жыл сайын Шымкент қаласында өткізіледі. |
|
5 |
1) Таңатар елді мекеніне табиғи газ берілсе.
2) «Қапшағай» су қоймасына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстырын мерзімінде аяқталуына ықпал жасауды сұранамыз (Алғабас а/о, Таңатар е/м тұрғыны Бидайбек Балқыбеков зейнеткер)
|
1) Таңатар елді мекеніне газ тарту 5.1.1. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 5.1.2. Құрылыс жұмыстарын жүргізу (Газбен қамтамасыз ету құрылысына жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп (Жоба құны 193,1 млн. теңге) облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды).
2) «Қапшағай» су қоймасына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстырын мерзімінде аяқтау.
5.2.2. Құрылыс жұмыстарын қадағалау және мерзімінде аяқтау. |
2024-2025 ж.ж.
5.1.1. 2024 жыл
5.1.2. 2024-2025 жыл
5.2.2. 29.12.2023 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы,
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы,
Бәйдібек ауданының әкімдігі |
|
1. Таңатар елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етуге 193,1 млн. теңгеге жоба жасалып, қаржыландыруға бюджеттік өтінімі ұсынылып, мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. 2. Су қойманың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, су жинақтау жұмыстары жүргізілуде. |