|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалуы |
||||||
|
2023 ж. 1-ші жартыжылдықтың кездесуі - 06.03.2023 жыл |
||||||||||||
|
Жол саласы |
||||||||||||
|
1. |
Түлкібас және Сайрам аудандарын байланыстыратын Ынтымақ - Машат - Қарабұлақ елді мекендері арасындағы жолдың тозығы жетуіне байланысты жөндеу жүргізілсе? (Сүтімбетов Мырзахан Машат ауылдық округі, Машат ауылының тұрғыны) |
1. Жол жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде пайдалануға тапсыру.
|
15.11.2023 жыл
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Ынтымақ - Машат - Қарабұлақ елді мекендері арасындағы облыстық маңызы бар «КХ-63» автомобиль жолының 67-83 шақырымын орташа жөндеуге бюджеттен 2022 жылға 23 млн. теңге, 2023 жылға 570,8 млн. теңге қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. |
||||||
|
Спорт саласы |
||||||||||||
|
2. |
Түлкібас ауданына заманауи спорт кешені ғимаратын салу мәселесі? (Ермек Байдуашев Машат ауылдық округі, Машат ауылының тұрғыны)
|
2. Түлкібас ауданына заманауи спорт кешені мен интернат ғимаратын салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 2.1. Спорт кешенін салу мақсатында жер телімін анықтап, сәулет - жоспарлау тапсырмасын (АПЗ) дайындау. 2.2. ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 2.3. ЖСҚ әзірлеу және мемсараптамасын алу.
2.4. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 2.5. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
2023-2025 ж.ж.
2.1. 01.07.2023 жыл
2.2. 01.09.2023 жыл 2.3. 01.12.2023 жыл.
2.4. наурыз 2024 жыл
2.5. 2024-2025 ж.ж.
Қаржы бөлінуіне қарай |
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)
Түлкібас ауданының Әкімдігі (2.1., 2.2., 2.3.)
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Экономика және бюджетті жоспарлау, құрылыс басқармалары
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Т.Рысқұлов ауылы Н.Сарыбеков көшесі №12 мекен-жайда 2,5 гектар жер телімі анықталып, 210 орындық спорт кешенінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу үшін аудандық бюджеттік комиссияға ұсыныс берілді. Жабағылы ауылынан спорт зал құрылысына Жабағылы ауылы Ә.Молдағұлова көшесі №24Б мекенжайында 40 соттық жер телімі анықталып, құжаттары рәсімделді. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеу үшін аудандық бюджеттік комиссияға ұсыныс берілді. |
||||||
|
Тұрғын үй, коммуналдық және жол саласы |
||||||||||||
|
3 |
Мичурин ауылдық округіне қарасты Қожамберді елді мекенінде ауыз судың жеткіліксіздігін шешуге ықпал етілсе? (Сексенбаев Мұхтарбек Мичурин ауылдқ округі, Қожамберді елді мекенінің тұрғыны) |
3. Мичурин ауыл округі Қожамберді елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету. (39,2 млн.тн. бөлінді).
|
01.10.2023 жыл
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Түлкібас ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Қожамберді елді мекенінде ауыз суының ұңғыма қазу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 39,2 млн. теңге қаржы қарастырылды. Бүгінгі таңға, жұмыс атқарушы мердігер мекеме «Saryisyn Holding» ЖШС 2023 жылдың тамыз айында жұмысты толығымен аяқтап, пайдалануға берілді. |
||||||
|
4 |
Шақпақ ауылдық округіне қарасты Шақпақ баба елді мекенінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері қашан беріледі? (Кубетаев Ғани Шақпақ ауылдық округі, Шақпақ баба елді мекенінің тұрғыны) |
4. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын бастап, белгіленген мерзімде пайдалануға тапсыру.
|
01.12.2023 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Түлкібас ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Шақпақ баба елді мекенінің дамуына 29,54 га жер телімі қарастырылған. Жер телімі мемлекетке қайтпауына байланысты ,басқа жер теліміне ЖСҚ-на қайта түзету жұмыстары жүргізіліп, облыстық салалық басқармаға қаржы бөлу үшін 28.11.2023 жылы №229-09/01-01/1139 санды хатпен ұсыныс берілді.. |
||||||
|
5 |
Азаттық елді мекенінде ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуіне байланысты ішкі көшелердің жолдарына жөндеу жүргізілмесе жауын – шашын кезінде тұрғындардың жүруіне қиындық тудыруда, көшелерге асфальт салып беру мәселесі (Пралиев Мырзахмет Рысқұлов ауылдық округі, Азаттық елді мекенінің тұрғыны) |
5. Азаттық елді мекенінде ішкі жолдарын жөндеу жұмыстарын ұйымдастырып, мерзімде пайдалануға тапсыру. (277,0 млн.тн. бөлінді).
|
15.11.2023 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Түлкібас ауданының әкімдігі Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Азаттық елді мекеніндегі 26 көшеге (Интернационал, Бірлік, Бәйшешек, Ырыс, Достық, Нұрлы, Келешек, Эралиев, Бейбітшілік, Жемісті, Ынтымақ, Тәуелсіздік, Байтерек, Ізет, Жастықшақ, Шапағат, Жақсылық, Рахмет, Зерде, Көрікті, Самал, Желтоқсан, Жас Өркен, Игілік, Атамекен, атауы жоқ) асфальт төсеу жұмыстарына 277,0 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысандар пайдалануға берілді. |
||||||
|
Білім саласы |
||||||||||||
|
6 |
Түлкібас кентіндегі Б.Момышұлы атындағы мектебін және Т.Рысқұлов ауылындағы Б.Момышұлы көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу (Бибеков Талас Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны) |
6.1. Түлкібас кентіндегі Б.Момышұлы атындағы мектебіне жөндеу жұмыстарын (шатырын жөндеу) ұйымдастыру. 6.1.1. ЖСҚ әзірлеу және мемсараптамасын алу.
6.1.2. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 6.1.3. Жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
2023-2024 ж.ж.
6.1.1. 01.12.2023 жыл
6.1.2. наурыз 2024 ж.ж.
6.1.3. 01.10. 2024 ж.ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)
Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау, басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
1. Түлкібас кентіндегі Б.Момышұлы атындағы мектебін жөндеуге сметалық құжат дайындалып, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурс өткізіп, анықталған жеңімпаз мердігер мекеме «РимСтройСервис» ЖШС-і мектеп ғимаратының сыртқы қабырғаларын металлосайдингпен қаптау және ғимарат шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
|
||||||
|
Жол саласы |
||||||||||||
|
7 |
|
6.2. Т.Рысқұлов ауылындағы Б.Момышұлы көшесін жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде пайдалануға тапсыру (Т.Рысқұлов елді мекенінде Б.Момышұлы көшесіне асфальт төсеу жұмыстарына 81,7 млн. теңге қаржы бөлінді).
|
6.2. 15.11.2023 жыл |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
2. Т.Рысқұлов елді мекенінде Б.Момышұлы көшесіне асфальт төсеу жұмыстарына 81,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңға, жұмыс атқарушы мердігер мекеме «МАД Группс» ЖШС тарапынан жұмыстар атқарылып, нысан пайдалануға берілді.. |
||||||
|
Тұрғын үй, коммуналдық және жол саласы |
||||||||||||
|
8 |
Қабанбай елді мекені, Жақсылық көшесі №12 үй тұрғыны Алимкулова Лаура өз үйінің алдынан өткен газ құбырын жер астымен өткізіп беру мәселесі |
7. Газ құбырын жер астымен өткізу жұмыстарын жүргізу. |
01.08.2023 жыл. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
«КазтрансГаз» АҚ-ы Түркістан облысы бойынша филиалы (келісімі бойынша)
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
2023 жылдың 15 тамызында №229-11//04-03/3508 және 02.10.2023 жылы №229-01/03-26/3986 санды хаттармен Түлкібас ауданы әкімінің атынан «КазтрансГаз» АҚ-ы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Н.Түймебаевқа жоғарыда аталған мәселені шешіп беру туралы сұраныс жолданған болатын. Алайда, бүгінгі таңда «КазтрансГаз» АҚ-ы Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан аталған мәселе бойынша ешқандай жұмыс атқарылмады және хатқа жауап берілмеді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған мәселені шешу үшін демеушілер тарту жұмыстары жүргізілуде. |
||||||
|
9 |
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан облыстық маңызы бар КХ-63 автомобиль жолының Машат ауылының орталық көше бойындағы ағын су арығына сынған лотоктардың орнына жаңасын қойып, жұмыс сапасын қадағалу мәселесі. (Данат Балқыбекұлы Машат ауылдық округі, Мыңбай елді мекенінің тұрғыны) |
8. Облыстық басқарма тарапынан тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жол жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде және сапалы пайдалануға тапсыру. (облыстық маңызы бар «КХ-63» автомобиль жолының 67-83 шақырымын орташа жөндеуге бюджеттен 2022 жылға 23 млн. теңге, 2023 жылға 570,8 млн. теңге қаржы бөлінді) |
01.10.2023 жыл.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру
|
Ынтымақ - Машат - Қарабұлақ елді мекендері арасындағы облыстық маңызы бар «КХ-63» автомобиль жолының 67-83 шақырымын орташа жөндеуге бюджеттен 2022 жылға 23 млн. теңге, 2023 жылға 570,8 млн. теңге қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталып, 2023 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді. |
||||||
|
2023 ж. 2-ші жартыжылдықтың кездесуі - 09.08.2023 жыл |
||||||||||||
|
Инфрақұрылым мәселесі |
||||||||||||
|
10 |
Иірсу ауылына жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін қарастырып, инфрақұрылым жүйелерін жүргізу. (Кажиев Агадада Түлкібас кентінің тұрғыны)
|
1. Түлкібас кенті Иірсу елді мекеніндегі 10 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің құрылысын бастап, белгіленген мерзімде пайдалануға тапсыру. |
01.12.2024 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов)
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Иірсу ауылының дамуына инженерлік - инфрақұрылым жүйесін жүргізуге 10 га жер телімі қарастырылған. Нысанның газ, электр және су жүйесінің мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, келісім шарт түзіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары нәтижесінде кезекте тұрған азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін 76 жер телімі берілетін болады. Нысан 2024 жылға өтпелі. |
||||||
|
Білім саласы |
||||||||||||
|
11 |
1. Састөбе кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасының жаңадан салынған ойын алаңшасының сапасына тексеру жұмыстарын жүргізу. 2. Састөбе кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі А.Бурлибаеваның қызметіне арнайы тексеру жұмыстарын жүргізу. 3. Састөбе кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлерінің жалақы коэффицентін тексеріп, көтеру мәселесі. (Рахманбердиев Хамидин) |
2. Көтерілген үш мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп, қорытындысымен тиісті шаралар қабылдап, нәтижесін баяндау. |
01.10.2023 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)
Облыстық білім басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Тексеру қорытындысымен мәлімет |
1.Састөбе кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасының жаңадан салынған ойын алаңшасының сапасына тексеру жұмыстарын жүргізу бойынша құзырлы мекемелерге құжаттары тапсырылған нәтижесі күтілуде. 2.«Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі А.Бурлибаеваның қызметіне арнайы тексеру жұмыстары облыстық білім басқармасы тарапынан жүргізілген жоқ. 3. Састөбе кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлерінің жалақы коэффицентін тексеріп, көтеру мәселесі бойынша арнай топ құрылып заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жалақы көтермелеу бойынша жұмыстар атқарылды. |
||||||
|
Жер мәселесі |
||||||||||||
|
12 |
Майлыкент ауылдық округіне қарасты Қараағашты ауылында жайылым жер тапшылығын шешу. (Мазбаев Марат Майлыкент ауылдық округі, Қарағашты елді мекенінің тұрғыны) |
3. Майлыкент ауылдық округінде жайылым жерлерін ұлғайту мүмкіншілігін қарастыру.
|
30.12.2023 ж.
|
Облыс әкімінің орынбасары (Е.Кенжеханұлы)
Облыстық жер қатынастары басқармасы Түлкібас ауданының әкімдігі |
Мәлімет |
Түлкібас ауданы Майлыкент ауылдық округі, Қараағашты елді-мекеніне Түлкібас ауданы әкімдігінің 07.12.2023 жылғы №334 қаулысымен мал жайылымдығы ретінде пайдалану үшін 98 га. жайылымдық жер учаскесі «Майлыкент ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілді. |
||||||
|
Білім саласы |
||||||||||||
|
13 |
Қараағашты ауылындағы «Дауан» жалпы орта мектебіне жаңадан қосымша ғимарат салу. (Бердібеков Тұрғымбек Майлыкент ауылдық округі, Қараағашты ауылының тұрғыны) |
4. Қараағашты ауылындағы «Дауан» жалпы орта мектебіне жаңадан қосымша ғимарат салуды ұйымдастыру. 4.1 жобалау-сметалық құжаттамасын қайта түзетуден өткізу және мемлекеттік сараптамасын алу. 4.2. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 4.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
2023-2025 ж.ж.
4.1. 01.12.2023ж.
4.2. 01.03.2024ж.
4.3. 2024 - 2025 ж.ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Б.Тәжібаев)
Облыстық білім басқармасы
Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
«Дауан» ауылына 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысының жобалық-сметалық құжаты 810 608,0 мың.теңгеге (мем. сараптама - 20.12.2020 ж) дайындалған. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптама мерзімінің аяқталуына байланысты қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп құны 1804 млн теңге. анықталды. Салалық басқармаға қаржы бөлуге ұсыныс берілді. |
||||||
|
Жол саласы |
||||||||||||
|
14 |
Қараағашты елді мекені арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіне шығатын жолды қосып, жөндеу мәселесі.
|
5. Қараағашты елді мекені арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіне шығатын жолды қосып, жөндеу мүмкіншілігін қарастыру. 5.1. Қараағашты елді мекені арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізіне шығатын жол салу үшін жер теліміне мемлекеттік акт алу жұмыстарын жүргізу. 5.2. Сметалық құжаттамасын әзірлеу. 5.3. Жол салуға қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 5.4. Жол салу жұмыстарын жүргізу. |
2023 – 2024 ж.ж
5.1. 01.12.2023ж.
5.2. 01.02.2024ж.
5.3. 01.03.2024ж.
5.4. 01.12.2024ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов)
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
«Казавтожол» ҰҚ АҚ Түркістан облыстық филиалы (келісім бойынша)
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінен Қараағашты елді мекеніне жол салу жер теліміне мемлекеттік акт алу жұмыстары жүргізілуде. |
||||||
|
Жарықтандыру мәселесі |
||||||||||||
|
15 |
Қараағашты елді мекеніндегі М.Маметова көшесін жарықтандыру |
6. Жарықтандыру жұмыстарын белігіленген мерзімде пайдалануға тапсыру.
|
01.11.2023 ж.
|
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қараағашты елді мекенін жарықтандыру мәселесі бойынша Майлыкент ауылдық округі әкімдігі тарапынан қаржысы қарастырылып, қазіргі уақытта мердігер анықталып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. |
||||||
|
Полигон мәселесі |
||||||||||||
|
16 |
Түлкібас кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орнының өртенуін тоқтату мәселесі (Ерболұлы Рауан Түлкібас кентінің тұрғыны) |
7. Қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонның өртенуін тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылдау.
|
01.09.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов)
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонның өртенуін тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылданып, өрт толығымен сөндірілді. |
||||||
|
Жол мәселесі |
||||||||||||
|
17 |
Түлкібас кентінің темір жол өткелінің үстінен аспалы көпір салу және жаяу жүргінші көпірін жөндеу |
8. Түлкібас кентінің темір жол өткелінің үстінен аспалы көпір салу және жаяу жүргінші көпіріне жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізу. |
01.11.2023 ж.
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (З.Жолдасов)
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі
|
Ұсыныс |
Бұрынғы облыстық маңызы бар КХ-157 автомобиль жолы бойындағы темір-жол үстінен өткелі жолын салу үшін ЖСҚ әзірлеуге 43 млн теңге облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс берілді. |
||||||
|
Денсаулық сақтау саласы |
||||||||||||
|
18 |
Аудандық ауруханаға компьютерлік томография құрылғысын орнату |
9. Аудандық ауруханаға компьютерлік томография құрылғысын мерзімінде орнату. |
30.12.2023 жыл
|
Денсаулық сақтау басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Облыс бойынша 4 компьютерлік томография алуға жоспарланып отыр. Оның ішінде, Түлкібас аудандық орталық ауруханаға 1 данасы берілді. |
||||||
|
Спорт саласы |
||||||||||||
|
19 |
Спорт саласын дамыту мақсатында Майтобе ауылындағы жеке меншіктегі бос тұрған екі ғимаратты мемлекет меншігіне сатып алуды қарастыру |
10. Майтобе ауылында футбол базасын дамыту үшін екі ғимаратты мемлекет меншігіне сатып алуды қарастыру. 10.1. Майтобе ауылындағы жеке меншіктегі бос тұрған екі ғимаратты мемлекет меншігіне сатып алуға қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. |
2023-2024 ж.ж.
Қаржы бөлініуне қарай
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Түлкібас ауданының әкімдігі
|
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Майтобе ауылындағы жеке меншіктегі бос тұрған екі ғимаратты мемлекет меншігіне сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |
||||||
|
Энергетика саласы |
||||||||||||
|
20 |
Мичурин ауылдық округіндегі «Құлпынай өсіру» шаруашылығына қажетті электр желілері мен бағаналарын орнатуға ықпал ету. |
11. Мичурин ауылдық округіндегі құлпынай дақылын ұлғайту үшін қажетті электр желілері мен бағаналарын демеушілер есебінен орнату жұмыстарын ұйымдастыру.
|
2023-2024ж.ж.
|
Түлкібас ауданының әкімдігі |
Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру |
Мичурин ауылдық округіндегі құлпынай дақылын ұлғайту үшін қажетті электр желілері мен бағаналарын демеушілер есебінен орнату жұмыстары ұйымдастырылуда. |
||||||