|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Аяқтау нысаны |
Орындалу үстіндегі мәселелер |
|
17.02.2023 жыл 1-жартыжылдық |
||||||
|
1. |
Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Аққолтық елдімекені тау бөктерінде орналасқандықтан тасқын су үнемі әбігерге салады. Күн шығыс беті 1,3 шақырым болса, Батыс бөлігі (Созақ ауданының тұрғыныБейсеқұлов Әзімхан) |
1.Аққолтық елді мекеннің күншығыс беті мен батыс жағындағы дамбаларды биіктетіп және арық қазу жұмыстарын ұйымдастыру. 1.1. Бюджеттен қаржықарастыру.
1.2.Дамбаларды биіктетіп және арық қазужұмыстарын жүргізу.
1.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу және аяқтау.
|
2023 жыл
1.1.Демеуші есебінен
1.2. 1.06.2023 ж.
1.3. 1.07.2023 ж. |
Созақ ауданнының әкімдігі
|
Нысанды пайдалануға беру |
Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Аққолтық елдімекенінің тау бөктерінде орналасқан дамбы салу жұмыстары аяқталды. |
|
2. |
Шолаққорған ауылына Аталған подстанцияны жаңарту «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық бағдарламасы бойынша 2027 жылға жоспарланған. 2027 жылға дейін 11 елді мекендегі 40 мыңға жуық тұрғындар жарықсыз қалуы мүмкін. Сізден аудан тұрғындарын сапалы, үздіксіз электр жарығымен қамту үшін (аудан тұрғыны Талғат Жұмақов) |
1. Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы 11 елді мекендегі ескірген подстанцияны «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында жаңарту бойыншатиісті жұмыстарын жүргізу. 1.1. Подстанцияны жаңарту бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеп, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не ұсыну;
1.2. Подстанцияны жаңарту бойынша тиісті сараптама қортындысын алу;
1.3. Подстанцияны жаңартып, іске қосу.
|
2024 жыл
1.1. 24.01.2024ж.
1.2. 17.04.2024ж.
1.4. 19.11.2024ж. |
Облыс әкімінің орынбасары (Н.Көшеров)
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы,
Созақ ауданнының әкімдігі,
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
«Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауабына сәйкес, 2025 жылы инвест бағдарламасы аясында жаңарту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. |
|
3. |
Балдысу және Қарабұлақ елді мекендеріне ағымдағы жылы 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелерге ағын су өтетін трубалар және Қарабұлақ елді мекеніне кіреберіс жеріне үлкендеу труба қойылса деген ұсынысым бар. (аудан тұрғыныІляс Әметжанов
|
3. Балдысу және Қарабұлақ елді мекендеріндегі көшелерге ағын су өтетін трубалар және Қарабұлақ елді мекеніне кіреберіс жеріне үлкен труба орнату жұмыстарын жүргізу.
3.1.Балдысу және Қарабұлақ елді мекендеріндегі көшелерге және Қарабұлақ елді мекеніне кіреберіс жеріне үлкен труба орнату үшін бюджеттен қаржықарстыру.
3.2.Трубалар орнату жұмыстарын жүргізіп, аяқтау. |
2023 жыл
3.1.20.07.2023 ж.
3.2. 27.08.2023 ж. |
Созақ ауданының әкімдігі |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
Балдысу елді мекенінде 2,0 шақырымды құрайтын атауы жоқ №1 көшеге асфальт төсемін салу жұмыстарын жүргізу барысында су өткелдеріне д-400 труба су өткелі өтетін 8 жерге, д-1000 труба су өткелі өтетін 1 жерге орнатылды. Қарабұлақ ауылына 800 метр асфальт төсемін салу барысында д-400 труба су өткелі өтетін 8 жерге орнатылды. |
|
4. |
Өзіңіздің баяндамаңыздан тыңдағанымыздай Шолаққорған ауылының Ақшам, Наурыз шағын аудандарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары басталған екен. Аталған жұмыстар жақын арада аяқталып тұрғындар ауыз сумен тәулік бойы қамтылса деген ұсынысымыз бар еді. Осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етсеңіз. (аудан тұрғыныӨлке Сейсенбаев) |
4. Шолаққорған ауылының Ақшам, Наурыз шағын аудандарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстарынжүргізу. 4.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.
4.2.Орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстарының құрылысынжүргізу.
4.3.Ақшам, Наурыз шағын аудандарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету.
|
2023-2024 ж.ж.
4.1.24.07.2023 ж.
4.2. 29.08.2023 ж.
4.3. 09.11.2024 ж. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары (А.Жетпісбай)
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,
Созақ ауданының әкімдігі
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасы |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
«Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмысына 2022 жылға 51 000,0 мың.тг 2023 жылы бюджеттен 1 425 235,0 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, қабылданып пайдалануға берілді.
|
|
5. |
Өзіңіз өткен жылы келіп аудан халқымен кездескеніңізде ауданға газды әкелуді айтқан болатынсыз, уәдеңізде тұрдыңыз яғни 1 млрд 613 млн теңге қажетті қаржының Осы жылы жетпей тұрған қалған қаржыны бөлдіруге ықпал етіп, жыл соңына дейін ауданымызға газды әкелдіріп берсеңіз деген ұсынысым бар еді. (аудан тұрғыны Бүркіт Арынбеков) |
5. Созақ ауданындағы тұрғындарын табиғи газ тарту құрылыс жұмыстарын аяқтау. 4.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.
4.2. Газ тарту құрылысынжүргізу.
4.3. Ауданға табиғи газ тарту құрылыс жұмыстарын аяқтау.
|
2023-2024 ж.ж.
4.1.27.07.2023 ж.
4.2.01.09.2023 ж.
4.3.01.11.2024 ж. |
Созақ ауданының әкімдігі
|
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
Газ тарту құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін. 2023 жылға АГТС қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін 1 млрд. 202 мың 719 теңге қаржы бөлінді. 2023 жылдың наурыз айында 353 315 700 тг аванс төленді. Мердігерге АГТС қондырғысын дайындап, орнатуға жұмыс жобасындағы «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС-мен келісім түзу жөнінде 18.07.2023 жылы №229-33/04-06/3696, 14.08.2023 жылы №11/02-27/3892 және 14.09.2023 жылы 229-11/02-07/698 хаттар жолданған болатын. Хаттарға мердігер тарапынан жауаптар жолданбады. Осыған байланысты, 2023 жылдың 25 қыркүйегі күні келісім шарт бойынша міндеттемелерін орындамағандығы үшін Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «StroyGazCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, «StroyGazCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 15.04.2019 жылы «Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы» №13 келісім шартты бұзу және 2023 жылғы наурыз айындағы төленген 353 315 700 теңге авансты кері қайтару туралы талап арыз берілді. Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 25.12.2023 жылғы №5165-23-00-2/2619 ұйғарыммен «StroyGazCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шартты бұзу және төленген аванс қаржыны кері қайтару туралы талаптарды қараусыз қалдырылды. Сондай-ақ, аталған соттың 25.12.2023 жылғы №5165-23-00-2/2619 шешіммен «StroyGazCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Аталған шешіммен ұйғарымға үстіміздегі жылдың қаңтар айының соңына дейін Түркістан облысының сотына апелляциялық шағым берілетін болады. Сонымен қатар, мердігер «StroyGazCompany» ЖШС-не 25.12.2023 жылы №229-11/01-01/1029 хатпен, 28.12.2023 жылғы №229-11/01-01/10592023 жылға бекітілген өндірістік кестеге сәйкес қараша (10 599 471 теңге), желтоқсан (10 599 471 теңге) айларындағы жұмыстарды орындамауына байланысты - 21 199 942 теңге тұрақсыздық айыппұл тағайындалды. Алдағы уақытта тұрақсыздық айыппұлды төлемеген жағдайда сот арқылы өндірілетін болады. |
|
16.08.2023 жыл 2-жартыжылдық |
||||||
|
1 |
Қайнар елді мекенінде электр энергиясының тапшылығы сезілуде. Осыған орай, жаңадан электр желілерін, бағаналар мен трансформаторлар орнатылса екен. (Көпенов Медеу Қайнар елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер) |
Қайнар елді мекенінде электр желілерін жүргізіп, трансформатор орнату. 1.1. Бюджеттен қаржы қарастыру 1.2. Жұмыстардың сапалы жүргізілуін қадағалау 1.3. Елді мекендегі электр энергиясының тапшылығын шешу |
2023-2025 ж.ж. 1.1. 30.12.2023 жыл
1.2. Тұрақты.
1.3. 30.12.2023 жыл |
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
Қайнар елді мекенін толық электр энергиясымен қамту үшін сметалық құжаттама жасалып (жобаның құны-27974,0 мың теңге), аудандық бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. |
|
2 |
Жеткеншек елді мекеніне ойын алаңшасы салынса деген сұранысымыз бар еді. (Мадияров Бақыт Жеткеншек елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер)
|
Жеткеншек елді мекеніне балалар ойын алаңшасын салу. 2.1. Құжаттар әзірлеп нақты ұсыныстар енгізу 2.2. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру 2.3. Құрылыс сапасын тұрақты бақылап, мерзімінде пайдалануға беру |
2023 жыл
2.1. 31.10.2023 жыл
2.2. 31.10.2023 жыл
2.3. 30.11.2023 жыл
|
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
Жеткеншек елді мекенінен балалар ойын алаңшасын салу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі таңда, қаржы қарастырылуда. Ауданда уран өндіруші "Инкай" бірлескен кәсіпорны" ЖШС-нің әлеуметтік және қайрымдылық жобаларын қаржыландыруға арналған қаражат көзінің жетіспеушілігіне байланысты, аталған тапсырма бойынша мерзімін 2024 жылдың маусым айына дейін ұзартып беру үшін облыс әкіміне 2023 жылдың 27 қараша күні №229-22/03-16/4918 қызметтік хаты енгізілген. Жобаның құны 11,5 млн теңге.
|
|
3 |
Жартытөбедегі ауыз су құбыр-ларының вентилдері мен су жүйелерінің өткізу құрылғылары ескірген, Бабата елді мекеніндегі су тазартқыш құрылғыны (омега) жөндеуді қарастырсаңыз? (Қарынбаев Сәкен Өмірзақұлы Бабата елді мекенінің тұрғыны) |
Бабата елді мекеніндегі су тазартқыш құрылғыларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. 3.1. Ақау актісі мен сметалық құжаттарын әзірлеп, бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру 3.2. Ағымдағы жылдың жұмыстарын жүргізу. |
2023 жыл
3.1. 30.12.2023 жыл
3.2. 30.12.2023 жыл |
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
Жартытөбе және Бабата елді мекендірінің ауыз су құбырларының вентилдері мен су тазартқыш құрылғыларына ақау актісі әзірленіп, сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі таңда демеушілер есебінен жарамсыз деп танылған 8 винтель ауыстырылды. Сонымен қатар, Бабата елді мекеніндегі су тазартқыш құрылғылары аранайы шайғыш материалдармен жуылды. |
|
4 |
Таукент кенті ауыз су алып отырған Дарбыт су орнынан Жыныс-ата елді мекеніне дейін қосымша ауыз су құбырлары тартылса. (Шарафудинов Суханберді Таукент кентінің тұрғыны, зейнеткер) |
Жыныс-ата елді мекеніне қосымша ауыз су тарту. 4.1. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу. 4.2. Бюджеттен қаржы қарастыру 4.3. Қосымша ауыз су тарту жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқтау |
2023 жыл
4.1. 31.09.2023 жыл
4.2. 16.10.2023 жыл 4.3. 15.11.2023 жыл |
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
Таукент кентіне дейінгі «Дарбыт» магистарльды құбырынан 2,4 шақырым құбыр жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірленді. Құбыр тарту жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді |
|
5 |
Шолаққорған ауылындағы Ақшам-Наурыз мөлтек аудандарындағы ауыз су беру жұмыстары жүруде. Осы жұмыстардың қаржылары биылға қаралып, ауыз су 24 сағат бойына берілсе екен. (Сағындықова Ғазиза Шолаққорған ауылының тұрғыны, жұмыссыз) |
Шолаққорған ауылындағы Ақшам - Наурыз шағын аудандарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету. 5.1. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру. 5.2. Құрылыс жұмыстарын аяқтау.
|
2024 жыл
5.1. 29.03.2024 жыл
5.2. 31.05.2024 жыл
|
Созақ ауданы әкімдігі |
Нысанды қабылдау және пайдалануға беру |
«Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмысына 2023 жылы бюджеттен 1 425 235,0 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, қабылданып пайдалануға берілді. |