Облыс әкімінің Кентау қаласының тұрғындарымен жылғы кездесудегі көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспарының орындалуы

Облыс әкімінің Кентау қаласының тұрғындарымен 03.02.2023 жылғы кездесудегі көтерілген өзекті мәселелерді іске асыру бойынша іс-шара жоспарының орындалуы

 

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы
(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

 

Орындалуы

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

1

Қаладағы аулаларда балалар алаңшасы салынады ма?

(Кентау қаласының тұрғыны, Юлдашев Мамиржан)

1. Қаладағы көпқабатты үйлердің аулаларына  ойын алаңшаларын орналастыру.

1.1.  Ойын алаңшаларының құрылысына бюджеттен қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру;

1.2.    Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына  ойын алаңшаларын орналастыру жұмыстарын жүргізу.

 

2023-2024 ж.ж.

 

 

1.1.  31.05.2023 ж.

 

 

 

1.2. 31.12.2024 ж.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

А.Жетпісбай

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

 Кентау қаласының әкімдігі

 

 Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде. (2024, басқа)

Халық қатысатын бюджет жобасы арқылы 2023 жылы 110 000,0 мың тенге қаралып, 3 көпқабатты тұрғын үй аулаларына  және Ромах көшесі уч. 48/1 орналасқан тәлімбақ аумағына (Питомник) балалар ойын алаңшалары, футбол алаңы, стритворкаут  орналастыру жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталды.

Мердігір мекеме «МансапСтройКорпус».     

          Кентау қаласындағы көпқабатты үйлердің алдындағы 33 ауланы абаттандыру, балалар алаңшасын салуға сметалық құны – 2,8 млрд. теңге құрайтын ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Жобаны қаржыландыру мақсатында республикалық  бюджеттен ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 07.06.2023 жылы №29/6298 хатпен,  21.11.2023 жылы №229-1-01-20/4396 хатпен салалық басқармаға 2,8 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім жолданды.

2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы арқылы 1 көпқабатты тұрғын ауласына және 1 жеке секторлар аумағына балалар ойын алаңшаларын орналастыру жоспарланған.

 Сонымен қатар, 4 аулалардағы балалар ойын алаңшаларын жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы рәсімделуде.

2

Қаладағы лотоктар мен дренаж  мәселесі қашан шешімін табады?

 

(Кентау қаласының тұрғыны Ербаев Мырзалы)

 

 

     3. Кентау қаласында лоток және дренаж жүйелерін салу жұмыстарын жүргізу.

3.1. Жобалау – сметалық құжаттамасына қаржы қарастыру;

3.2. Жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан

өткізу;

3.3. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу.

3.4. Құрылыс жұмыстарын жүргізу және аяқтау.

 

2023-2025 ж.ж.

 

 

3.1.  31.12.2023 ж.

 

 

3.2.  31.05.2024 ж.

 

 

 

3.3.  31.07.2024 ж

 

3.4.  31.12.2025 ж.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

А.Жетпісбай

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

Облыстық

экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Жұмыстар басталмаған (2025, канал)

 «Кентау қаласында Қосқорған су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу» 2 кезеңі жобасы 4-бөлімнен тұрады. «Арық жүйесін қалпына келтіру арқылы Кентау қаласындағы микроклиматты ұстап тұру үшін суды төмендету жүйесінің суын ішінара пайдалану» болып табылады.

2021 жылы жобалаушы мекеме «Береке» ЖШС-гімен 492,3 млн.тг келісім шарт түізіліп, жергілікті қаражат есебінен 1 млн.тг қаралған.

Аталған жобаның 2 кезеңіне ЖСҚ әзірлеу жұмыстарына салалық басқармаға бюджеттік өтінім 29.02.2024 жылы №40-02-01/1119 хатпен жолданды.

Қаражат бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізіледі.

 

3

Қаладағы Қаратау мөлтек ауданына  инфрақұрылым, яғни жол және  канализация  қашан жүргізіледі.

 

(Кентау қаласының тұрғыны Нарынбетов Серикбай)

 

4. Қаратау мөлтек ауданына жол және канализация жүргізу.

4.1. Бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

4.2. Автокөлік жолдары мен кәріз жүйелерінің құрылысын жүргізу.

      4.3. Нысанды қабылдап алу.

 

2023-2024 ж.ж.

 

 

4.1.  31.05.2023 ж.

 

4.2.  30.11.2024 ж.

 

 

4.3.  31.12.2024 ж.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

А.Жетпісбай

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалу үстінде (2024, жол)

  «Кентау қаласы, Қаратау мөлтек ауданында инженерлік инфрақұрылым салу. Жол бөлігі және сыртқы кәріз желісі» нысанына жобалау-сметалық құжатта-малары әзірленіп, 11.01.2023 жылы №ETara-0043/22 сараптама қорытындысы алынған.  Жобаның жалпы сметалық құны 1 731,6 млн теңге.

Жобада Қаратау мөлтек ауданындағы халықты 8,012 км кәріз жүйесін және 10,560 км жол салу жоспарланған.

Облыстық құрылыс басқармасына 29.02.2024 жылы 2024-2025 жылдарға Респубилкалық бюджеттен қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім жолданған.

Салалық басқарма тарапынан Ұлттық экономика министрлігіне 2024 жылдың ақпан айында ұсынылған.

Қолдау тапқан жағдайда, құрылыс жұмыстары басталатын болады.

 

 

Түркістан облысы әкімі Д.А.Сатыбалдының Кентау қаласының тұрғындарымен 04.08.2023 жылғы кездесуіндегі өзекті мәселелер бойынша іс-шара жоспары

                                                                                                                                                                                                                     

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы
(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Жылу

 

1

1. Кентау үшін ең өзекті мәселе болып келе жатқан №5 жылу энерго орталығының жағдайы және оның жылу маусымына дайындығы қалай болып жатыр?

 

Төнтеков Мұратша - Кентау қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Кентаудағы №5 Жылу энерго орталығына жөндеу жұмыстарын жүргізу.

1. Тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралды құбырларды ауыстыруды аяқтау;

2. Жылу орталықтың қосалқы жабдықтарын ағымдағы жөндеуден өткізу;

3. Жылу орталығындағы 4 қазандықты қайта құру жұмыстарын аяқтау.

 

2023 жыл

 

1.  01.10.2023 ж.

 

2.  01.10.2023 ж.

 

2.     30.12.2023 ж.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

З.Жолдасов

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

(Қаражат бөлінуіне қарай)

Орындалу үстінде (2023, басқа)

      1.1 «Қаладағы тозығы жеткен 6,6 шқ магистралдық жылу жүйелерін және 4 кері сорғы станцияларын қайта құру» жұмыстарын атқару үшін 2023 жылдың 25 мамырында мердігер мекеме «Ер-Мад» ЖШС мен №1 келісім шарт түзілді. Сметалық құны 4 431,8 млн.теңге, бөлінгені – 3 869,7 млн.теңге. Техникалық қадағалаушы мекеме «TN KZ» ЖШС.

        4,7 шқ құбырлардың демонтаж жұмыстары 100% аяқталып, 4,7 шақырым монтаж жұмыстары жүргізілді.

      Жалпы жобаның аяқталу мерзімі: 01.10.2024ж.

1.2. Жылу орталықтың қосалқы жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары «ПрестижКомпани» ЖШС тарапынан (498,4 млн. теңге ) жүргізілді.

1.3. Жылу орталығындағы 4 қазандықты (№8,9,10,11)  қайта құру жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Сметалық құны 13,7 млрд.теңге. Бөлінген қаржы – 2,7 млрд. тенге Қазіргі таңда №11 және 8 қазандықтарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 4 қазандықты аяқтау мерзімі 01.10.2024ж

Жайылым жер

 

2

2. Мал шаруашылығымен айналысуда жайылым жер тапшылығы ұзақ жылдар бойы мазалап жүрген мәселе еді.

Осы мәселені түбегейлі шешіп беруіңізді сұраймын?

 

Маматраимов Асылзада – Қарнақ ауылының тұрғыны.

 

 

 

 

Сауран ауданынан Кентау қаласына 75,552 гектар жерді өткізу арқылы жайылым жерді ұлғайту.

Қазақстан Республикасының үкімет басшысының №579 14.07.2023  қаулысына сәйкес Сауран ауданынан Кентау қаласына 75,552  гектар жер бөлінуін Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жер балансы есебінен өзгерістер енгізіп, елді мекендердің шекараларын өзгертіп, бекіту.

 

 

 

 

 

2023 жыл

 

 

 31.12.2023 ж.

 

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

Сауран ауданының әкімдігі

 

Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы

 

Кентау қаласының аумағына жер балансы есебінен өзгеріс енгізу

Орындалды (2023, жер)

Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75 552 гектар жерді Кентау қаласына қосу жолымен Кентау қаласы шекарасын 128 319 гектарға өзгерту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №579 қаулысымен келісім берілді.

Бүгінгі күнге Сауран ауданынан Кентау қаласына 75 552 га жер қосылып, Кентау қаласының шекарасы өзгертілді.

 Оның ішінде 40173,16 гектарға  жайылымдық жер көлемі ұлғайтылды (Хантағы ауылы бойынша 14916 га,  Ащысай ауылы бойынша 14948 га, Байылдыр ауылы бойынша 10309,16 га жайылымдық жер.)

 

Жол

 

3

3. Айманов көшесіне де жөндеу жұмыстарын жүргізуге жәрдем берсеңіз?

 

Қалымбетов Нурлан – қала тұрғыны.

Айманов көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу;

1. Мемлекеттік жекешілік әріптестік арқылы іске асатын жобалардың тізіміне енгізу;

2. Орта жөндеу жұмыстарын бастау;

3. Орта жөндеу жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру.

 

2023 жыл

 

1.  01.09.2023 ж.

 

2.  15.09.2023 ж.

3.  30.10.2023 ж.

 

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023, жол)

2023 жылы МЖӘ жобасы аясында мердігер мекеме «NET Story Company» ЖШС-і - 21 көшеге (14,6 шақырым) орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Айманов көшесі  ( 0,3 шқ) іске асатын жобалардың тізіміне енгізілген.

   Көшеге орташа жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, қыркүйек айында толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Табиғи газ

 

4

4. Кентау қаласындағы Логинов көшесіне газ қашан қосылады екен?

 

Сариев Сарсенбай – қала тұрғыны

Кентау қаласы Логинов көшесіне газ қосу.

1. Кентау қаласының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету ІІ кезең құрылыс жұмыстары аяқтап, нысанды пайдалануға беру;

2. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ–мен бірлесе тұрғындар-ды газ жүйесіне қосуды ұйымдастыру.

2023 жыл

1.  01.10.2023ж.

 

 

3.     01.12.2023ж.

 

 

 

Кентау қаласының әкімдігі

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы

Н.Түймебаев

(келісімі бойынша)

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023, газ)

Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2018-2019 жж. жүргізілген.

І және ІІІ кезең нысандары толық табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Жалпы І және ІІІ кезең бойынша 8435 абонент табиғи газ жүйесіне қосылған.

ІІ кезең нысандары 07.12.2023 жылы  толық аяқталып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ–мен бірлесе нысан  газ жүйесіне қосылды.

Тұрғын үй

 

5

5. Кентау қаласында
6 көпқабатты үй апатты деп танылып, тұрғындары көшірілген.

Сол үйлердің тұрғындарын тұрғын үй жаймен қамтамасыз ету мәселесін қалай шешесіздер?

Кентау қаласы Алтынсарин көшесі №11 көпқабатты апатты үйлер қатарына қосылу ықтималы бар, осы үйге шұғыл арада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізбесе, апатты жағдай болады.

Осы мәселеның оң шешілуін көмектессеңіз?

Аширова Мейрамкүл – қала тұрғыны.

5.1. Кентау қаласы әкімдігі тарапынан
47 пәтерді коммуналдық меншікке сатып алу.

1. Кентау қаласы әкімдігі тарапынан 47 пәтерді коммуналды меншікке сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру;

2. Пәтерлердің құжаттарын рәсімдеп, қаланың коммуналдық меншігіне алу жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Пәтері апатты деп танылған кезекте тұрған тұрғындарға табыстау жұмыстарын жүргізу.

 

 

 

2023 жыл

1.  01.10.2023 ж.

2.  20.10.2023 ж.

4.     01.12.2023 ж.

 

 

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

 

Үйлері авариялық деп танылған тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету

Орындалды (2023, үй)

Кентау қаласы әкімдігі тарапынан 47 пәтерді коммуналды меншікке сатып алу үшін 451,2 млн. теңге қаржы қаралып, барлық 47 лот бойынша жеңімпаздар анықталып, пәтерлер алынды.

     14.10.2023 жылы апатты деп танылған үйде тұратын 47 отбасына  Қала күні мерекесіне орай   пәтерлердің кілті табысталды.

6

5.2. Алтынсарин №11 үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін аяқтап, күрделі жөндеу жұмыстарын бастау;

2. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға беру.

 

2023 жыл

1.  01.09.2023ж.

2.     15.12.2023ж.

 

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Орындалды (2023, үй)

Облыстық бюджеттен 108 млн. теңге бөлініп, Алтынсарин №11 үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін   мемлекеттік сатып алу рәсімделіп,  мердігер мекеме анықталып, сейсмокүшейту жұмыстары 05.09.2023 жылы басталып, қараша айының соңында  толық аяқталды.

 

Спорт саласы

7

6. Кентау қаласынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарда бар ма?

 

Раубаев Мамыржан- қала тұрғыны.

Кентау қаласынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстары жүргізу.

1. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау - сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қарауды ұйымдастыру;

2. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу құрылысына жобалау - сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтап, сараптамадан өткізу;

3. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлу жұмыстарын ұйымдастыру;

4. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер және техникалық қадағалаушылар анықталғаннан кейін құрылысын бастау;

5. Құрылысын аяқтап, пайдалануға беру.

2023-2024жж.

 

1.  30.09.2023 ж.

 

 

2.  30.10.2023ж,

 

 

3.  01.03.2024ж.

 

4.  01.07.2024 ж.

 

 

 

5.  25.12.2024 ж.

Облыс әкімі аппаратының басшысы

Е.Әлімқұлов

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

 

Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

 

(Қаражат бөлінуіне қарай)

Орындалу үстінде (2023, спорт)

Кентау қаласы, Абай даңғылы №8 мекен - жайында орналасқан Б.Саттарханов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағынан жаңа спорт кешеніне арналған жер телімі бөлініп, құжаттары тіркеуден өткізілді. 2023 жылдың сәуір айында қалалық құрылыс бөлімі тарапынан жобалау сметалық құжаттама жұмыстарына 13,38 млн.тг конкурс жарияланып, нәтижесінде 12,046 млн.тг – ге «MS Industrial» ЖШС жеңімпаз атанып, жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, 28.12.2023 жылы №ESNEX-0099/23 сараптамалық оң қорытындысы алынып облыстық бюджетке ұсынылды. Жоба құны: 2 201,1 млн. теңге.

Саябақты ретке келтіру, балалар лагерін ашу және полигон мәселесі

8

7. Кентау қаласындағы Қожанов атындағы саябақты ретке келтіруді сұраймын

Құсшыата елді мекенінде балалардың жазғы демалысына арналған лагерь ашуға көмек берсеңіз

 Қаланың Байылдыр ауылының жолының бойында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонын жабуды және қаланың тазалығын қамтамасыз етсеңіз.

 

Таукеева Жанат -  қала тұрғыны.

.

 

7.1. Кентау қаласындағы Қожанов атындағы саябақты ретке келтіру.

1. Қожанов атындағы саябақта санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілсін;

2. Қожанов атындағы саябақ «Жасыл қала» КММ меншігіне өткізу;

3. Қожанов атындағы саябақта көгалдандыру және абаттандыру (қураған ағаштар мен шөптерді ору) жұмыстары жүргізу.

 

 

2023 жыл

 

1.  15.08.2023 ж.

2.  01.09.2023 ж.

3.     01.09.2023 ж.

 

 

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

 

Саябақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізу

Орындалды (2023, аббаттандыру)

1.  «С.Қожанов» атындағы орталық саябағы аумағында «Жасыл қала» КММ-ның тарапынан егілген ағаштардың түптерін әктеу, санитарлық тазалау, ағаш тамырларына күш беретін, құрамында күшейту дәрілері қосылған тыңайтқыштар берілуде және тұрақты негізде суару мен күтіп-баптау жұмыстары ұдайы түрде жүргізілуде.

2.  «С.Қожанов» орталық саябағы Кентау қаласы әкімдігінің тұрғын–үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгерімінен «Жасыл қала» КММ-ның теңгеріміне 30.03.2023 жылғы өткізу-қабылдау актісі негізінде теңгерімге қабылданды.

3. «С.Қожанов» атындағы орталық саябағының аумағындағы қураған ағаштар «Жасыл қала» КММ-ның қызметкердерімен тиісті түрде қырқылып, жасыл желектердегі шөптер орылып, саябақ аумағының тазалығы мен жасыл желектердің қалыпты жағдайда болуы, бөлімнің бақылауында. Мекеме тарапынан 18 жұмысшы, 4 – техника жұмыс жасады.

9

7.2. Құсшы ата елді мекенінен балалардың жазғы демалысына арналған лагерь ашу бойынша ұсыныс енгізу.

Облыс деңгейінде жұмысшы топ құрып,  Құсшыата елді мекенінде балалардың жазғы демалысына арналған лагерь ашу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныс енгізу.

2023 жыл

01.09.2023 ж.

 

 

Облыс әкімінің орынбасары

Б.Тәжібаев

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

Түркістан облыстық білім басқармасы

 

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Ұсыныс енгізу

Орындалды (2023, басқа)

2023 жылы облыстық бюджет есебінен қала сыртындағы лагерьмен осал топтағы отбасылардан шыққан 800 бала қамтылды.

Жалпы Құшата ауылында бұрын жұмыс жасаған 9 лагердің жерлері «Сырдария» мемлекеттік табиғи қорығының меншігінде. Жеке кәсіпкерлер лагерь ішінде жеке мүліктерін заңдастырған.

 Құсшыата ауылында орналасқан «Әлия» және «БайсалКерім» лагерлерінің жері Сауран ауданы аумағына кіреді.   

Қарнақ ауылында (аумағы 20 га)  «URKER»  ЖШС 400 балаға арналған балалар лагерін салуды бастады, 2024 жылдың 1 маусымында ашуды жоспарлап отыр.

Құсшы-Ата ауылында орналасқан лагерлердің жерін «Республикалық орман шаруашылығы» мекемесі балансынан алып, жергілікті әкімдіктің балансына өткізу туралы ұсыныс жолданған.

10

7.3. Кентау қаласынан Байылдыр ауылына баратын жолдың бойында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигоның жабу жұмыстары жүргізіп, жұмыс жасап тұрған полигонға тасымалдау.

1. Кентау қаласынан Байылдыр ауылына баратын жолдың бойында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонын жабу жұмыстарын жүргізу;

2. Қаладан шыққан қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды қала әкімдігінің меншігіндегі тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонға тасымалдауды ұйымдастыру.

2023 жыл

1.  01.09.2023 ж.

1.     01.09.2023 ж.

 

 

Кентау қаласының әкімдігі

 

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 

 

Полигонды жабу

Орындалды (2023, қоқыс)

Кентау-Байылдыр бағытындағы тас жол бойынан «КентауЖан»ЖШС-не жер телімі берілген. Аталған жер теліміне «КентауЖан» ЖШС-сі уақытша қоқыс жинаған.

Қоқыс 2023 жылдың жаз айларында өртеніп, қала және ауыл тұрғындарына түтіні жеткен.

Қазіргі таңда қоқыс ол жерден алынып тасталған және полигон жойылған.  Қала аумағынан шыққан қоқыс түгелімен Кентау-Шоқтас тас жолы бойындағы полигонға шығарылуда.  

Кентау-Шоқтас тасжолы бойында орналасқан күл-қоқыс төгетін полигонды сенімгерлік басқаруға беру келісім шарты 01.09.2023 жылы түзілді.

 

Дата публикации
10 апреля 2024