Облыс әкімінің Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесудегі (15.02.2023 ж.) өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
|
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы |
||||||
|
1 |
Ауданда табиғи газ құбыры жүргізілген, бірақ табиғи газға қосылмаған елді мекендер бар. Осы елді мекендерді табиғи газға қосылуына ықпал етсеңіз? Жетісай қаласыны ңтұрғыны Мырзабаев Ж. |
1. Құрылыс жұмыстарын мерзімінде жүргізу.
|
1. 06.2023 ж.
|
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Жетісай қаласының тұрғындары толығымен табиғи газға қосылған. Сонымен қатар, құрылысы жүргізіліп, табиғи газға қосылмаған 4 елді мекен (Жаңа дала, Байқоныс, Әл-Фараби, Сейфуллин е/м) 25 қазан «Республика күні» қарсаңында табиғи газға қосылды. Сондай-ақ, «Жетісай», «Кирово» автоматты газ тарату стансаларының құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданды. Қосылу нүктесі «БГР-ТБА» магистралды газ құбырына жалғанып, 2023 жылдың 8-қараша күні іске қосылды. |
|
|
2 |
Құрбан ата елді мекеніндегі ауыз су құбырлары ескірген, суы ащы. Ауыз су сағатпен берілуде. Су құбырларын ауыстыруға ықпал етсеңіз? Қазыбек би ауылдық округінің тұрғыны Ақпанбетов Ә. |
1. Мердігерді анықтап, құрылыс жұмыстарын бастау. 1.1. Мердігермекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу. 1.2. Жеңімпаз мердігермен келісім-шартқа тұру. 1.3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес жүргізу. |
2. 11.2024 ж.
2.1. 05.2023ж. 2.2. 06.2023ж. 2.3. 11.2024ж. |
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін жаңғырту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нысанның құрылысына 2023 жылға 422 778,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып құрылыс жұмыстары басталды, өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан 2024 жылға өтпелі. Жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. |
|
|
Жол саласы |
||||||
|
3 |
Қызылқұм ауылдық округінде көшелердің тозығы жеткен. Осы көшелерге асфальт төселуіне ықпал етсеңіз? Қызылқұм ауылдық округінің тұрғыны Артықбаев Е. |
2. Мердігерді анықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізу. 2.1. Мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу. 2.2. Жеңімпаз мердігермен келісім-шартқа тұру. 2.3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау. |
3. 08.2023 ж.
3.1. 05.2023ж. 3.2. 05.2023ж. 3.3. 08.2023ж. |
Жетісай ауданының әкімдігі |
Қызылқұм елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 11,25 шақырымды құрайтын 13 ішкі көшелер «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша толық орта жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. |
|
|
Денсаулық сақтау |
||||||
|
4 |
Округтегі ауылдарға фельшерлік акушерлік бекеттерін салып беруге ықпал етсеңіз? Ж.Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Мелдебеков А. |
3. Құжаттарын әзірлеп, республикалық бюджетке ұсыну және тиісті қаржының бөлінуін бақылау. 3.1. ЖСҚ әзірлеу және мемсараптама қорытындысын алу. 3.2. Құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу. 3.3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу. |
4. 12.2024 ж.
4.1. 08.2023ж. 4.2. 11.2023ж. 4.3. 11.2024ж. |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Облыстық құрылыс басқармасы |
Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, Абай, Көктөбе және Бәйтерек ауылдарына жаңа ФАП ғимаратын салу үшін жер учаскесі шешілген. Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасы тарапынан сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленіп, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына ұсынылған. Қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасында жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарланған. |
|
|
Құрылыс |
||||||
|
5 |
Жетісай қаласы аудан орталығы жастар шоғырланған жер. Жастардың уақытын тиімді пайдалану және дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін спорт кешенінің салынуына ықпал етсеңіз. Жетісай қаласының тұрғыны Болатхан Қ. |
4. Құрылыс жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес бақылау. 4.1. Құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеге сәйкес аяқтау. |
5. 08.2023 ж. |
Облыстық құрылыс басқармасы
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Құрылыс жұмыстары толық аяқталды. 30.11.2023 жылы қабылдау актісі әзірленіп, пайдалануға берілді. |
|
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
||||||
|
6 |
Жетісай ауданының ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген жанар-жағар май шаруаларға қашан беріледі? Жылы су ауылдық округінің тұрғыны Қонашов Т. |
5. Бөлінген дизель отынын шаруаларға дер кезінде үйлестіруді қамтамасыз ету. 5.1. Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне талон жүйесі арқылы босату. |
6. 01.05.2023 ж. |
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Жетісай ауданына көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 7020 тонна жанар-жағармай бөлінді. Бөлінген жанар-жағармай ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік алқаптарына сәйкес бекітіліп, талон жүйесі арқылы шаруаларға (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр) босатылды. Таратушы операторлар «JOL YRYSY» ЖШС, ЖК «Әуезов», «РосАзияНефть» ЖШС, «TS Нефтьпродукт» ЖШС. |
|
Жетісай ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі (02.08.2023 ж.) көтерілген өзекті мәселелерді
іске асыру бойынша іс-шара жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары
|
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
Денсаулық саласы |
|||||
|
1 |
Жетісай аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады және жаңа заманауи құрал-жабдықтармен материалды-техникалық базамен толықтырылады? (Сейдуллаев Темірхан – Жетісай қаласының тұрғыны) |
Жетісай аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету |
31.12.2023 |
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Күрделі жұмыстары мердігер тарапынан аяқталу үстінде. Сонымен қатар, Жетісай аудандық орталық ауруханасына С-доға рентген аппаратын орнату үшін клиникалық-технологиялық негіздемесіне қорытынды алынған. Қазіргі таңда «Ангиограф» аппараты орнатылды. С-доға аппаратын сатып алып, орнату 2024 жылдың жоспарына енгізілген. |
|
Жол саласы |
|||||
|
2 |
Ш.Ділдәбеков ауылдық округіндегі Сұлубұлақ елді мекенінің көшелері қашан жөнделеді? (Утенов Қайрат - Сұлубұлақ елді мекенінің тұрғыны) |
Сұлубұлақ елді мекеннің көшелерін жөндеуден өткізу |
30.09.2023 |
Жетісай ауданының әкімдігі
|
Ш.Ділдәбеков ауылдық округі, Сұлубұлақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 4,07 шқ құрайтын 6 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. |
|
Білім саласы |
|||||
|
3 |
Атамекен ауылдық округі 40 жылдық елді мекенінің тұрғынымын. Осы елді мекендегі жаңа мектеп құрылысы қашан пайдалануға беріледі? (Смадияров Сейіткәрім – 40 жылдық ауылының тұрғыны) |
Мектепті пайдалануға беру |
31.08.2023 |
Облыстық білім басқармасы |
Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округі, Баянды елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысы 2023 жылдың 1 қазанында пайдалануға берілді. |
|
Кәсіпкерлік саласы |
|||||
|
4 |
Жаңаауыл ауылдық округінің тұрғынымын, ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен қаржыландыру жұмыстары жүріп жатыр екен. Бізде сол бағдарламаға қатыса аламызба? (Дүйсебаев Мұхит - Әбдіхалық ауылының тұрғыны) |
Заңнамаға сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
01.09.2023
|
Жетісай ауданының әкімдігі
|
«Ауыл аманаты» бағдарламасына Жетісай ауданынан 4 ауылдық округ, атап айтқанда: Қарақай, Ж.Ералиев, Мақталы, Қазыбек би ауылдық округтері енгізілген. Аталған бағдарламаға атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен балық шаруашылығын іске асыруға ниетті азаматтар кез келген ауылдық округтен қатысуға мүмкіндіктері бар. |
|
Ауыл шаруашылығы саласы |
|||||
|
5 |
Ауданда ағын су тапшылығын ретке келтіру (Ашеков Талғат – Әден ата ауылының тұрғыны) |
Көктемгі, жазғы вегетация кезеңінде су тапшылығын қамтамасыз ету (Өзбекстан Республикасымен мемлекетаралық келісімге келу) |
01.12.2024
|
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
«Қазсушар» РМК облыстық филиалы
Жетісай ауданының әкімдігі |
2024 жылға жоспарланған қысқы сор шаю жұмыстары толықтай аяқталды. Ағын су тапшылығы орын алған жоқ. Қазіргі таңда ерте пісетін көкөніс, бақша дақыладарын суғаруға қажетті ағын су сұранысқа сәйкес толық босатылуда. (13,95 м3/сек.) Жазғы вегетациялық кезеңде ағын су тапшылығын болдырмау мақсатында Өзбекстан Руспубликасымен мемлекетаралық келіссөздер жүргізілуде |
|
6 |
Машиналық каналдың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету (Ділдәбеков Марат - аудандық мәслихат депутаты, Асықата кентінің тұрғыны) |
Тиісті мамандарды тарта отырып (соның ішінде осы мәселемен айналысатын арнайы ғылыми зерттеу институттарын) аталған каналдың қауіп төндіріп тұрған бөлігін қалпына келтіру |
01.12.2024
|
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
«Қазсушар» РМК облыстық филиалы
Жетісай ауданының әкімдігі |
Қазіргі таңда Машиналық су көтеру каналын іске қосу үшін мердігерлер тарапынан ПНС-2 насос станциясына жөндеу жұмыстары және каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары сәуір аяның үшінші он күндігінде аяқталатын болады. |